Парапроктит. Этиологиясы, клиникасы, емдеу тактикасы презентация

Содержание

Слайд 1КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Керимкулова А.Ж.
Тобы:12-026-01
Факультет: ЖМ
Қабылдаған:



Алматы 2016 жыл.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Парапроктит. Этиологиясы, клиникасы, емдеу тактикасы.


Слайд 2ЖОСПАР:
Парапроктит түсінігі
Эпидемиологиясы
Жіктелуі
Этиологиясы
Патогенезі
Клиникасы
Емдеу тактикасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Слайд 3ПАРАПРОКТИТ
Парапроктит - тік ішек айналасындағы майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы.


Слайд 4ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Парапроктит — ең жиі кездесетін проктологиялық аурулардың бірі (тік ішектің барлық ауруларының

20-40%). Парапроктит жиілігі бойынша геморрой, анальді жарықтар, колиттерден кейін 4-орында тұр. Ер балалар парапроктитпен қыз балалрға қарағанда жиі ауырады. Олардың қатынасы 1,5: 1 немесе 4,7:1 болады. Көбінесе үлкен адамдарда кездеседі, балаларда сирек кездеседі.

Слайд 5ЖІКТЕЛУІ
Этиологиясы бойынша:

Спецификалық емес парапроктит,
Спецификалық парапроктит,
Посттравматикалық парапроктит.


Қабыну процессі жүруі бойынша:

жедел парапроктит,
рецидивирлеуші парапроктит,
Созылмалы парапроктит (тоқ ішекте жыланкөзі).


Слайд 6Шектелген парапроктит 5 түрге бөлінеді:
тері асты;
шырышты қабат асты
пельвиоректалды;


ишиоректалды
ретроректалды.

Слайд 8Парапроктитте іріңдіктердің орналасуы (а): 1-теріасты; 2 – ишиоректалды; 3 – пельвиоректалды;

4 – шырышты қабат асты.
(б): ретроректалды іріңдік

Слайд 9ЭТИОЛОГИЯСЫ (ФЛОРА)
Ішек таяқщасы
анаэробтар
Алтын стафилококк
Ақ стафилококк;
стрептококк;
энтерококк;
Клостридиальды

анаэроб Cl.perfringens, Cl.Hystoliticum, Cl.oedematiens, Cl.septicum;

Слайд 10Микробтардың ену жолдары – қабынған геморрой түйіндері, анустың шырышты қабаты немесе

терісінің жарылулары, қасығанда микрожарақаттануы, тік ішектің шырышты қабатының зақымдалуы, қабынулары. Қабынған майлы клетчаткалар ісініп, суланып, іріңдегенде, айналасындағы дәнекер тіндерде инфильтрация орын алады. Шірікті инфекция туындаса, процесс жайылып, лимфа жолдарымен таралып, тіндердің өліеттенуіне әкеліп, өте ауыр шірікті – некроздық парапроктит дамиды.
Анальды бездер, тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдануы, гематогенді және лимфогенді жолмен, қабыну процесі бар басқа мүшелер арқылы инфекция енуі мүмкін. Көптеген зерттеушілер оны Жаралы колит және Крон ауруы асқынуы деп айтады..

Слайд 11ТЕРІАСТЫ ПАРАПРОКТИТІ
Тері асты парапроктит анустың айналасында тері астында орналасады. Қабынған жер

ісінеді, қызарады, қатты ауырады, ауырсыну үлкен дәретке барғанда күшейе түседі. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Абсцесс түзілгенде флюктуация симптомы пайда болады.

Слайд 12Ишиоректалды парапроктит – шонданай сүйек пен тік ішек аралығындағы терең жатқан

майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы. Процесс жоғары, төмен, тік ішекті айналып өтіп, қарама-қарсы ишиоректалды кеңістікке таралады, ағымы өте ауыр, науқастардың дене қызуы көтеріліп, тік ішек айналасы қатты солқылдатып, шыдатпай ауырады. Бастапқыда қабынудың терең орналасуына байланысты жергілікті белгілері көзге көрінбейді. Тік ішекті саусақпен тексергенде, екінші қолмен тік ішектің айналасын пальпацияласа, тіндердің ауырсынуы, инфильтрациясы, іріңдегенде флюктуация анықталады.

Слайд 13Пельвиоректалды парапроктит – сирек кездессе де, ағымы өте ауыр, клиникалық белгілері

ишиоректалды парапроктитке ұқсас келеді. Іріңдік жамбас қуысының түбін құрайтын диафрагма үстінде орналасады, сондықтан жергілікті қабыну белгілері жоқтың қасы. Өте сирек жағдайда іріңдік шонданай – тік ішек ойығына өтіп, ары қарай артқы тесік айналасынан теріні жарып, сыртқа шығады. Диагноз қоюда тік ішекті саусақпен, тік ішек айнасымен, ректороманоскоппен зерттеу өте маңызды.

Слайд 14РЕТРОРЕКТАЛЬДІ ПАРАПРОКТИТ
Ретроректалды парапроктит – тік ішектің артқы жағында орналасқан іріңдік, инфекция

лимфа жолдары арқылы түседі. Клиникасы пельвио- және ишиоректалды парапроктиттерге өте ұқсас келеді, жалпы интоксикациялық симптомдар басым, жергілікті белгілері айқын емес, науқастар іштің төменгі бөлігінде және үлкен дәретке отырғанда ауырсынуға шағымданады. Саусақпен тексергенде, тік ішектің артқы қабырғасында ауыратын, шектелген, сопақша келген томпаю анықталады. Ауырсыну құймышаққа беріледі. Абсцесс екі жақтағы ишиоректалды кеңістікке жайылған жағдайда, іріңдік пішіні ат тағасына ұқсағандықтан, таға тәріздес парапроктит деп аталады.

Слайд 15Созылмалы парапроктит кезінде іріңді жыланкөздер (свищ) пайда болады. Ол анал тесігі

айналасы немесе маңында болады. Ауырсынуы сирек байқалады. Ірің сыртқы бөлінеді. Созылмалы парапроктит дамуы кезінде жыланкөз ауызы білетіп үлкен абсцесс туғызуы мүмкін. Оның әсерінен жаңа тіндер зақымдалып, ірің жарылып, сыртқа бөлініп немесе тік ішекке болінуі мүмкін. Некротизация жүреді.

Слайд 17ПАРАПРОКТИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Негізгі диагностикасы– тік ішек пен анал тесігі айнала ауырсынуына

шағым. Диагноз кою үшін саусақпен ректальды зерттеу жүргізеді. Кейде ауырсыну сезімі қатты болуына байланысты наркоз беру арқылы зерттейді Лабораторлық зерттеулер ішінен қан мен зәр анализі керек. Қан анализінде қабыну процессі жүріп жатқанын көреміз, ультрадыбысты зерттеу ректальды датчик арқылы жүргізіледі. Жыланкөз болса фистулография жасалынады.

Слайд 18ЕМІ
Қабынудың басты кезеңінде консервативті ем жүргізіледі: калий перманганатының ертіндісімен жылы су

ваннасына 30 минуттан күніне екі мәрте отыру немесе қыздырғыштармен (грелкалар) қыздыру, УЖЖ, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, тік ішекті тітіркендірмейтін тағамдар, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Іріңді сұыйқтық түзілгенде операция жасалады. Іріңдіктерді радиалды, жарты ай тәріздес тілу арқылы ашып, іріңді сыртқа шығарып, антисептиктермен жуып, қуысты дренаждайды.

Слайд 19ОПЕРАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ
Операция алдында ішекті клизма арқылы тазалап, операциядан соң үлкен дәретті

тежеу мақсатында опий ерітіндісін 5 – 6 тамшыдан күніне 3 уақыт ішкізеді. Зәр шығару қиынға соқса қуық маңына жылу басып немесе 5 -10 мл. 40% уротропин ерітіндісін көк тамырға енгізеді. Парапроктиттің шірікті – некроздық түрлерінде іріңдікті кеңінен тіліп ашып, жараны өліеттерден толық тазартады, мұқият дренаждайды

Слайд 20ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСІН ТАҢДАУ
-инфильтрациялық анестезия
(Вишневский А.С., Рыжих А.Н.);
-жұлындық анестезия

(Юдин С.С.);
-перидуральді анестезия
(Яковлев Н.А., Махаев Н.М.);
-жалпы ауырсыздандыру.

Слайд 21ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҮСТЕЛДЕ НАУҚАСТЫҢ ОРНАЛАСУЫ


Слайд 22ДЕПАЖ БОЙЫНША ОРНАЛАСТЫРУ


Слайд 23ЖЕДЕЛ ПАРАПРОКТИТ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТІЛІКТЕР: 1 - ПЕРИАНАЛЬДІ АБСЦЕСС; 2 – ТІК

ІШЕК АРТЫЛЫҚ; 3 – ИШИОРЕКТАЛДІ.

Слайд 24
ишиоректалді (1) пельвиоректальді (2) абсцесстер кезіндегі қолданылатын хирургиялық кірулер.


Слайд 25ТЕРІАСТЫЛЫҚ ПАРАПРОКТИТТІ АШУ


Слайд 26ТЕРІАСТЫЛЫҚ-КІЛЕГЕЙ ҚАБЫҚТЫҚ ПАРАПРОКТИТ КЕЗІНДЕ ТІЛІКТІ КРИПТА АРҚЫЛЫ РАДИАЛДІ БАҒЫТТА ЖАСАЙДЫ.



Слайд 27РЕТРОРЕКТАЛЬДІ ПАРАПРОКТТІ АШУ


Слайд 28ІРІҢДІК ҚУЫСЫНЫҢ РЕВИЗИЯСЫ


Слайд 29ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
www.studmedlib.ru/kk/documents/ISBN9785970430163-0006.htm
http://kazmedic.kz/archives/2848
Балалар хирургиясы. А.А.Дюсембаев. Алматы 2008 ж.
Хирургия. А.Нұрмақов.Алматы 2009ж.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика