Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаң мен есен – аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Балқожа
Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізге жүзді балықтай,
Дұниені кезді жалықпай.
Ыбырай
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
“Өнер – жігіт көркі” деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!
Ыбырай
Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар.
Ыбырай
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть