шифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды – көк терек, жөке, қандыағаш, терек ті қолдану тиімді.
Кейбір ағаш тұқымдары 150 °С температураның өзінде, ал басқа тұқымдар бұдан жоғары тіпті 250°С – қа жеткенде жанатына белгілі. Мысалы, жұмсақ жөке ағашы камшат немесе қайың ағашына қарағанда төменірек температура да жана береді. Сондықтан жұмсақ ағашты күйдіру едәуір жеңіл әрі тез. Егер күрделі суретті күйдіріп салу керек болса, оны көшірме қағаздың көмегімен ағашқа түсіреді. Кейде ағаштың бетін таза сақтау үшін шеберлер басқа әдісті қолданады. Алдын ала темекі қағазына суретті эскизінен түсіреді. Одан кейін оны ағашқа крахмал болмаса, ұн желімімен желімдейді. Тура темекі қағазына күйдіреді де, күйдіргеннен кейін қағазды ептеп алып тастайды.
Өрнектер алдын ала дайындалған штифтермен күйдіріледі. Штифті диаметрі 0, 3 – тен 1, 5 мм - ге дейін нихром сымнан дайындайды. Сымды кішкене бөліктерге бөледі де, қысқышпен немесе дөңгелек қысқышпен керекті қалыпқа келтіреді. Электр күйдіргішпен жұмыс істегенде, техника қауіпсіздігі ережелерін ұмытпау керек. Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды. Штифттерді аппарат токтан шығарылған кейін ғана ауыстырады. Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.
ЖАҢА САБАҚ МАЗМҰНЫ