Информатиканың медицинадағы маңызы презентация

Информатика Информатика – информацияның құрылымы мен жалпы қасиеттерін, информациялық үрдістерді зерттейтін, осылардың негізінде информациялық технологиялар мен техниканы құрастыратын, ғылыми және  инженерлік мәелелерді шешу,

Слайд 1Информатиканың медицинадағы маңызы


Слайд 2Информатика





Информатика – информацияның құрылымы мен жалпы қасиеттерін, информациялық

үрдістерді зерттейтін, осылардың негізінде информациялық технологиялар мен техниканы құрастыратын, ғылыми және  инженерлік мәелелерді шешу, қоғамдағы барлық салаларда  компьютерлік техника мен технологияны енгізу және тиімді пайдаланумен айналысатын кешендік ғылыми-техникалық пән.

Слайд 3



Соңғы жылдарда ұлттың немесе мемлекеттің даму

деңгейі, олардың дүниежүзілік рейтингісі қоғамның информацияландырылуына тікелей байланысты деп есептелінеді. Қоғамның информацияландырылуының техникалық бөлігі – жедел әрі сапалы информация алу мен жинақтауды қамтамасыз ететін компьютерлік құралдармен жабдықталуы. Осы істің ғылыми негізі — информатика. Информатика жаңа информациялық технологиялар (IT) мен жүйелерді құрастыруға жағдай жасайды.

Слайд 4



XIX ғасырдың соңында электр қуатын пайдалану телеграф, телефон,

радио сияқты жаңа құралдарды пайдалануға мүмкіншілік берсе, ал XX ғасырда ғылым мен техниканың, өндірістің үдемелі дамуының нәтижесінде электрондық — есептегіш машиналар (ЭЕМ) пайда болды. Бұл оқиғалардың арқасында  адам өмірінде, қоғамның дамуында, информацияны өңдеу, сақтау және жеткізу ісінде ғылыми-техникалық  революция жасалынды деуге болады.

Слайд 5Медицина


Медицина (лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік)

— адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Слайд 6


Медициналық техника

- аурудың алдын алу, диагностика жасау, емдеу және сауықтыру мақсатында, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шараларды орындау, дәріханаларда дәрілер дайындау барысында пайдаланылатын  техникалық заттардың жиынтығы.

Слайд 8





Медициналық техниканың дамуына ықпал ететін жағдайлар:
ғылыми-техникалық ілгерлік;
әлеуметтік-экономиялық өзгеріс;
медицина мен денсаулық сақтауда жаңа түсініктердің пайда болуы.
Электронды-есептеу техникасының, кибернетика және информатиканың дамуына байланысты организмнің жағдайын өңдеп және анализ жасап, ақпарат бере алатын микропроцессорлар орнатылған техникалық заттар және жекелеген дене мүшелерінің қызметін атқаратын құрылғылар пайда болды.


Слайд 9 Медицина салалары бойынша дамыған медициналық

техникалық құрылғылар:
интроскопия құрылғылары мен құралдары (Рентгендік, эндоскопия);
жүрек қағысын тексеру құрылғысы;
мидағы биоэлектрлі құбылысты зерттеу құрылғысы;
бұлшық ет жағдайын тексеру құрылғысы;
асқазан қызметін тексеру құрылғысы;
тыныс алу жүйелеріне арналған құрылғы;
жарықпен емдеу құрылғылары;
сумен емдеу құрылғылары;
хирургиялық құрылғылар;
ультрадыбыстық диагностикалық құралдар;
зертханалық диагностикаға арналған құралдар (автоанализаторлар, микроскоп);
аса тиімді терапиялық құрылғылар - электірілі ынталандырғыш;
ультрадыбыстық және механикаландырылған терапиялық техника;
гемосорция және гемоперфузия техникалары;
стоматологиялық жабдықтар;
телевизиялық құрылғылар (монитор, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен т.б.);
еңбекті көп қажетсінетін процесстерді автоматтандыратын және механикаландыратын техникалар.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика