Қабаттағы мұнай презентация

Содержание

Жалпы мәліметтер Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай

Слайд 1Қабаттағы мұнай


Слайд 2Жалпы мәліметтер
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық. Мұнайдың түсі

қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді.

Слайд 4Мұнай миграциясы
Мұнай-газ және су жер қыртысында қозғалыста болады. Осы қозғалысты мұнай

миграциясы деп атаймыз.

Слайд 5Коллектор
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола

алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.

Слайд 6Мұнай-газ резервуарлары
Жер қойнауында мұнай, газ және су орналасқан коллекторлардың үстіңгі және

астыңғы жағы сұйықтық пен газды өткізбейтін (немесе нашар өткізетін) жыныстармен қоршалған қоймаларды табиғи резервуарлар деп атайды. Олардың бірнеше түрі кездеседі.


Слайд 7Қабатты резервуар
Олардың ішінде әсіресе жиі кездесетіні үсті мен асты өзінен сұйықтық

пен газды өткізбейтін жыныстармен қоршалып келетін қабат (горизонт) тәріздес.

Слайд 8Массивті резервуарлар
Қалыңдығы едәуір кеуекті жыныстардан құралған бірнеше қабаттан тұратын, асты мен

үстіңгі жақтары сұйықтық пен газды өткізбейтін жыныстардан құралған табиғи қоймаларды массивтік резервуарлар деп атайды.

Слайд 9Литологиялық шектеулі резервуарлар
Жер қойнауында жан-жағы литологиялық өткізбейтін тау жыныстарымен қоршалған кеуекті

және өткізгіш резервуарлар да кездеседі. Мұны литологиялық шектеулі резервуарлар деп атайды.


Слайд 10Мұнай тұтқыштары (ұстағыш)
Мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау

жыныстарының жиынтығын мұнай және газ ұстағышы (тұтқыш) деп атайды. Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі.


Слайд 11Дөңбек күмбезді ұстағыштар
Антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан

сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез құрылымының жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, кұрылымның тұлғасына сай орналасады.

Слайд 12Дөңбек күмбезді ұстағыш


Слайд 13Литологиялық экрандалған ұстағыштар
Мұнай мен газдың шоғырлануына ұстағыштың пішіні тек қана

антиклинал болуы шарт емес. Кей жағдайларға мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін ғой. Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп атайды.

Слайд 14Литологиялық экрандалған ұстағыш


Слайд 15Тектоникалық экрандалған ұстағыштар
Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да

мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық экрандалған ұстағыштар деп атайды

Слайд 16Тектоникалық кедергілі ұстағыштар


Слайд 17Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар
Жер қойнауында стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар да кездеседі. Бұл жағдайда

құламалы мұнай-газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергі келтіріп, қорды сақтауға көмек келтіреді.


Слайд 18Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика