Цитрусты жемістерді жерорта теңізінің жеміс шыбынынан, тұқымдық және азық-түліктік картопты картоп күйесіне қарсы бромды презентация

Жерорта теңізінің жеміс шыбыны біздің республика үшін карантиндік зиянкес болып табылады. Бұл зиянкес өте көп қоректі, түрлі дақылдардың 70-ке дейін түрін, соның ішінде апельсин, лимон, грейпфрут, өрік, тәтті

Слайд 1ЦИТРУСТЫ ЖЕМІСТЕРДІ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІНІҢ ЖЕМІС ШЫБЫНЫНАН, ТҰҚЫМДЫҚ ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК КАРТОПТЫ КАРТОП

КҮЙЕСІНЕ ҚАРСЫ БРОМДЫ МЕТИЛМЕН ФУМИГАЦИЯЛАУ ТӘСІЛІМЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ.

Слайд 2


Слайд 3 Жерорта теңізінің жеміс шыбыны біздің республика үшін карантиндік зиянкес болып

табылады.
Бұл зиянкес өте көп қоректі, түрлі дақылдардың 70-ке дейін түрін, соның ішінде апельсин, лимон, грейпфрут, өрік, тәтті шие, анар, алма, қара өрік, жүзім, томат, баялды және басқа көптеген өсімдіктерді зақымдайды.


Слайд 8 Осы бір қауіпті зиянкестен қорғау үшін мемлекеттік карантиндік шаралар іске

асырылады. Сол шаралардың бірі – цитрус жемістерін фумигация тәсілімен зарарсыздандыру.


Слайд 9 Апельсин жемістері, лимонның будан сорттары және грейпфрут типтік жобамен салынған

камераларда фумигацияланады.


Слайд 10
Фумигациялық камералар болмаған жағдайда уақытша саңылаусыз және вакуумсыз фумигациялық камералар типі

бойынша жабдықталып, лайықталған жайлар пайдалануға рұқсат етіледі.


Слайд 11
Басқа ыдыстарда – вагон-рефрижераторларда, шатыр жабылған қабаттарда төтенше жағдайда, онда да

тек нұсқаушының рұқсатымен ғана зарарсыздандырылады

Слайд 12 Зарарсыздандыруға жататын апельсин немесе өзге де цитрус жемістерінің жағдайын фумигация

жөніндегі жауапты мамандар бірнеше жәшіктен іріктеу және сырттай қарау жолымен ішінара тексеріп шығады.

Слайд 13 Жемістерді зерттеп және камераға салып болғаннан кейін оларды кем дегенде

8–10°С-ге дейінгі температураға дейін бірте-бірте қыздырады .
Жеміс температурасын, ол бір тәулікте 3–5°С-ге дейін көтерілетіндей есеппен, бірте-бірте арттырады. Бірақ бұл кезде жеміс үстінде ылғал тамшысы болмауға тиіс.
Камерада жеміс арасындағы жылы ауа біркелкі тарау үшін, рециркуляцияға әрбір 2 сағатта үзіліс жасай отырып, 1 сағаттық жұмыс істейтіндей етіп желдеткіш қосылады.

Слайд 14 Жемістегі температура 8°С-ден төмен және 25°С-ден жоғары болса оларды бромды

метилмен фумигациялауға рұқсат етілмейді. Фумигация режимі іріктелген соң зарарсыздандыру жөніндегі жауапты кісі камераның бүкіл көлеміне деген бромды метилдің жұмсалу нормасын анықтап, газбен өңдеуге тиісті барлық жағдайдың дайындығын ақырғы рет тексереді. Камера жабылып, пломбаланады. Камераға бромды метил енгізу және оның концентрациясын бақылау балғын жемістерді фумигациялағандай жүргізіледі.


Слайд 15Газсыздандыру үшін сорғыш желдеткіш қосылады, ал 30 минуттан соң камера есіктері

ашылып, алғашқы 6 сағатта желдеткіштерді үздіксіз жұмыс істеу тәртібіне ауыстырады.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика