1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi. Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнектелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi.
Майкл Фарадей