Слайд 1 Үгіт-насихат сөздер
Адамның санасы ойға сыйымды ,яғни логикаға қайшы келмейтін
дәлелдерді қабылдайды.
Слайд 2
Жұмыс уақытында өндіріс орындарында музыка қою өнімді ұлғайтты, ал музыка
қойылмаған фабрикаларда өнім көлемі өзгерген жоқ. Бұдан шығатын қорытынды: музыка өнімнің көлемін ұлғайтады.
Цитрусты жемістер денсаулықты жақсы сақтайды.
Өлім жазасын қабылдауға болмайды.
Слайд 3
Барлық логикалық дәлелдер индуктивті және дедуктивті деп екіге бөлінеді.
Бірақ
алдымен нені айтқысы келетінін өзі үшін, аудитория үшін анықтап алуы керек. Әдетте, адамдар нені айтkысы келіп тұрғанын өздері де білмейді.
Слайд 4
Оны шешен келтіретін тезистерден байқауға болады. Тезис есте қалайтын кесімді айтылу
қажет. Мысалы, “ Жер реформасын жүргізейік” емес, “Жер оның иесі шаруаға берілсін”
Үгіт - насихат сөздерінде тезис сөз басында бірден айтылуы тиіс.
Неге шақыратыныңызды өзіңіз үшін анықтап алыңыз.
Сөз тезисін есте қалатындай етіп әсерлі ұсыныңыз.
Тезисті сөздің басында жариялаңыз.
Слайд 5 Тезис –дәлелдер
Дәлелдердің саны үштен көп болуы керек.
Егер дәлелдердің
саны бестен көп болса, тыңдаушылар шатаса бастайды.
Дәлеледер күшті болуы керек.
Әлсіз дәлеледерді алып тастаңыз.
Слайд 6Тезистердің түрлері
Мына сөзді есте сақтаңыз: Қарсылық білдіру үшін келтіретін дәлелдеріңіз әлсіз
немесе аз болса, сөйлемеген дұрыс. Әлсіз дәлелдер қарсыластардың мүмкіндіктерін көбейтеді. Бұндай жағдайда дұрысы үндемеу. Үндемеу, пікір білдірмеу қарсыласыңызға әлдеқайда күшті ықпал етеді.
Сөзіңізде келтірілетін барлық дәлелдердің салмағы бірдей болғаны дұрыс. Кейде шешендер тарапынан мынадай қателер жіберіледі:
дәлелдер бірінен соң бірі келтіріліп, тыңдаушылар олардың аражігін ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан дәлелдерді санамалау, саусақпен бүгіп көрсету ,пауза жасау немесе әр дәлелдемені келтіргенде аудиторияда қозғалып, әр дәлелді айтқанда орын ауыстырып тұрған дұрыс.
Слайд 7
Егер біреуі әлсіз болса, тыңдаушының көңілі сол дәлелге барып тірелетіні анық.
Сіздің сөзіңізді сол әлсіз дәлел арқылы бағалайтын болады.
Слайд 8Тезистер қысқа болуы тиіс.
Сөздің басы жақсы, ал аяғы әсерлі болуы керек.
Дәлелдер
ұзақ емес, қысқа болуы керек. Көпшілік ішінде интеллектісі жоғары адам да қатардағы тыңдаушының бірі болып қалады.
Он сөйлемнің орнына бес сөйлем айтыңыз. Бірақ әсерлі, тартымды болсын.
Слайд 9Оппоненттердің дәлелдеріне –тезистеріне шабуыл жасау
Оппоненттердің қарсы сөздерін алдын алудың жолдары
Бұл пікірге
қатысты менің оппоненттерім мынадай дәлелдер келтіруі мүмкін.....
Кейде маған мынадай сұрақтар
Слайд 10Оппоненттердің айтылған пікірлеріне қарсы сөз сөйлеу
Оппоненттердің дәлелдерін жоққа шығарған дұрыс
па ,әлде қарсы айғақтар құрған дұрыс па? Кейбір тезистерді дәлелдеу үшін сексен пайыз айғақтар , ал оппоненттің пікірін жоққа шығару үшін жиырма пайыз дәлелдер керек болады.
Ал кейбір тезистер дәлелдеуді қажет етпейді.
Сөзді ұранмен , шақырумен аяқтаған дұрыс. Ұран сіздің тезмсіңіз болуы керек.
Слайд 11 Энергетиканы ұмытпаңыз
Үгіт насихат сөздер шешеннен көп күшті керек етеді.
Бұндай сөз сөйлегенде сіздің энергетикаңыз әдеттегіден 20-30 % жоғары болуы керек.
Жағымды , күшті метақпарат берілу керек.
Тыңдаушының сұрағына сөзді бөліп, бір жауап беруге болмайды. Сұрақтарға сөз соңында уақыт қалдырыңыз.
Ал сөз барсында сұрақ қойғысы келгендерге бас изеп, көзбен белгі беріңіз.
Көзіңіз аудиторияны түгел қамтитын болсын. Сіздің жауабыңыз сұрақ берушіні ғана емес, аудиторияға бағытталуы тиіс.