Слайд 1Интерстициалды пневмония
Орындады: Рауфова М.Г.
Қабылдады:Қарсыбаева К.Р.
Слайд 2Жоспары:
І. Кіріспе:
«Пневмония ауруының анықтамасы мен таралуы»
ІІ. Негізгі бөлімі:
Балалардағы тыныс алу жүйесінің
АФЕ
«Балалардағы пневмонияның жіктелуі»
«Жас балалардағы пневмонияның этиологиясы мен патогенезі»
«Пневмонияның белгілері»
«Диагностикасы мен емі»
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ
Сурфактанттың синтезі төмен
Өкпенің морфофункционалды жетіспеушілігі
Кірпікше эпителийдің белсенділігі
төмен мукоцилиарлық клиренс бұзылысына жағдай жасайды
Тұтқыр қақырық бөлінуіне бейім
Транзиторлық иммунодефицит:
- фагоцитоздың 2 - фазасы жетілмеген
- секреторлық JgA деңгейі төмен
-Т-лимфоциттердің жетіспеушілігі
Слайд 4АНЫҚТАМАСЫ
Пневмония – айқындылығы əртүрлі сатыдағы тыныс алудың клиникалық тұрғыдан, қызба, уыттану,
тəн физикалды өзгерістер мен өкпеде «жаңадан пайда болған» ошақтық - инфильтративтік рентгенологиялық дəлелдемелермен көренетін өкпе паренхимасының жіті жұқпалы - қабынулық ауруы.
Слайд 6Классификациясы
Нәрестелердегі пневмония 2-ге бөлінеді:
ТУА ПАЙДА БОЛҒАН:
* транспланцентарлы –
қоздырғыш жүктілік кезінде плацента арқылы нәрестеге өтті
* интранатальді – қоздырғыш бала инфицирленген босану жолдарынан өткенде жұғуы
* жатырішілік антенатальді – қоздырғыш ұрық маңы сулары арқылы жұғады
2. ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН:
* ауруханадан тыс – инфицирлену ауруханадан тыс болады
* госпитальді – нәрестенің инфицирленуі госпитализация кезінде болады
Слайд 7Классификация
РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРІНІСІ БОЙЫНША:
1. ОШАҚТЫ – рентген суретінде ауқымды өкпенің зақымдануын көреміз.
Ауру ақырын басталады, симптомдары 1 апта ішінде пайда бола бастайды. Антибиотикке тәуелді болады, толықтай жазылу 3-4 аптадан кейін болады.
2. СЕГМЕНТАРЛЫ – клиникалық көрінісі көп жағдайда көрінбейді. Тек қана рентгенде өкпеде тығыздалуды көреміз. Сегментарлы зақымдалу вирусты инфекция кезінде болады. Зақымдалу аймақтары 2-3 аптада түзіледі.
3. КРУПОЗДЫ – жоғарғы тыныс алу жолдарындағы бактериальді инфекцияға нәрестелердің аллергиялық реакциясы маңызды орын алады. Нәресте бұрын-соңды қоздырғышпен кездеспегендіктен организм инфекцияға сезімтал емес болып келеді. Рентген суретінде өкпенің бірнеше сегменті немесе бір бөлігі заөымдалғанын көреміз.
4. ИНТЕРСТИЦИАЛЬДІ – рентгенде өкпе суретінде жолақ тәрізді тығыздалулар көрінеді (сегментарлы бронхтардың тығыздалуы). Интерстициальді пневмония аллергиялық дерматитпен катар жүреді.
Слайд 83. Ағымы бойынша:
- жіті;
- ұзақ мерзімді.
4. Ауырлығы бойынша:
- ауыр емес;
-
ауыр;
- өте ауыр.
Слайд 9Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Едəуір жиі кездесетін қоздырғыш Streptococcus pneumoniae.
2. Шала туылу.
3. Тамақтанудың
айқын бұзылысы.
4. Иммундық тапшылықты жағдайлар.
5. Дамудың туа біткен ауытқулары.
6. Жоғарғы тыныс алу жолдарының жуық арадағы инфекциясы.
7. Муковисцидоз.
8. Бөгде дене.
9. Төмен əлеуметтік-экономикалық статус.
10. Шылым түтіні.
11. Жасөспірімдікке дейінгі жас.
Слайд 10Патогенез
Пневмония дамуының негізгі сатылары:
↓ ауыз-жұтқыншақта қоздырғыштардың қоныстануы
↓ Қоздырғыштардың аспирациясы
↓ өкпе
паренхимасына дейін қоздырғыштардың жетуі
↓ Өкпе паренхимасында микробтардың өрбіп көбеюі
↓ Қабыну рекциясының дамуы
Слайд 11Пневмония критерийлері (БДСҰ)
Гипертермия, дене қызуы 3 күннен артық, 38,5 жоғары. Қалтырау
Интоксикация
синдромы
Ентігу. Кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің ішке тартылуы.
Жергілікті (локальды) физикальды өзгерістер
Қандағы қабыну процестерінің белгілері (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылау, СРБ оң)
Слайд 12Интоксикация синдромы
Мазасыздық, қозу, тырысулар
Енжарлық, селқостық, ұйқышылдық
Бас ауыру
Құсу, тәбеттің төмендеуі, тамақтан бас
тарту
Терінің бозаруы, “мәрмәр” суретті, қол-аяқтардың салқындауы
Слайд 13Пневмонияның
клиникалық критерилері
Дене температурасының деңгейіне қарамастан және обструкция жоқ болғанда, пневмонияның
ықтимал белгілері:
Тыныстың жиіленуі
Дем алу кезінде қабырға аралықтардың тартылуы
Ыңқылдаған тыныс
Периоральды цианоз
Слайд 14Токсикоз белгілері: тамақтан және сұйықтықтан бас тарту, ұйқышылдық , сана-сезімнің бұзылуы,
терінің бозаруы
Егер балада ЖРВИ симптомдары және обструкция белгілерімен қатар сырылдардың асимметриясы және қанда нейтрофилез болса, пневмонияны дәлелдеу үшін рентгенограмма қажет
Слайд 15Диагностика критерилері
Физикалық тексеру
1. Жиілеген немесе қиындағын тыныс:
- 2 айға дейін >
минутына 60;
- 2 айдан -12 айға дейін > минутына 50;
- 12 айдан 5 жылға дейін > минутына 40;
- 5 жастан жоғары минутына 28-ден жоғары.
2. Кеуде клеткасы төменгі бөлігімен дем тарту.
3. Қызба.
4. Ыңқылдап дем алу (нəрестелерде).
5. Аускультативтік белгілер (əлсізденген немесе бронхиалды тыныс алу, майда көпіршікті сырылдар, плевра үйкелісі шуылы).
6. Қызба.
7. Уыттану белгілері.
Слайд 16Диагностика критерилері
Инструменталдық зерттеулер:
рентгенологиялық көрсеткіштер (өкпедегі «жаңа пайда болған» ошақты-инфильтративті өзгерістер).
Мамандар консультациясы үшін
көрсетімдер: пульмонолог – созылмалы ағымда жəне демікпелік тыныс болған кезде.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу.
Лабораторлық зерттеулер: Қанның жалпы анализі (лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).
Слайд 17Пневмонияның асқынулары
Өкпелік
Плеврит
Өкпелік деструкция
Абсцесс
Өкпеден тыс
Токсикоз, нейротоксикоз
Тыныс жетіспеушілігі
Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі
ТІҚҰ (ДВС)-синдром
РДС- синдром
Слайд 18Синпневмониялық плеврит
Экссудативті плеврит
Этиологиясы – пневмококты, сирек гемофилюсты
Пневмониямен қатар, бір уақытта
басталады
Нозокомиальды плеврит стафилококты, көкірінді-
Гипертермия, токсикоз
Ауыру сезімі, терең дем алу қиындайды. Жөтел қысқа, ауыру сезіммен
Ентігу. Ыңқылдаған тыныс
Плевраның үйкеліс шуы, экссудат жиналғанда, ентігу күшейеді
Дыбыс тұйық, тыныс әлсірейді, кейде естілмейді
Слайд 19Метапневмониялық плеврит
Иммунопатологиялық өзгерістер салдарынан дамиды: микробтардың ыдырау кезінде антигендердің көптігінен иммунды
комплекстер пайда болады.
Пневмококкты пневмония кезінде байқалады
Пневмонияның немесе синпневмониялық плеврит кері даму кезеңінде пайда болады
Слайд 20Метапневмониялық плеврит клиникасы
Жоғары безгек ұстау 39-40, 5-10 күн (абактериальды, микробсыз
безгек)
Сұйықтық сірлі-фибринозды
Лейкоциттер саны төмендейді
ЭТЖ 50-60 мм/сағ
Емдеу – Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
Слайд 21Өкпе деструкциясы
Деструкцияның пайда болу ықтималдығы жоғары, егер:
көлемді ошақты-жайылмалы үрдіс (процесс)
Лейкоцитоз
>20х10/л, сол жаққа ығысқан нейтрофилез
Слайд 22Пневмониялық токсикоз
Гипертермия
Мазасыздық, қозғыштық
Ми ісінуі: сана-сезімнің бұзылуы, кома. Тырысулар Ересек балаларда
бас ауыруы, сандырақтау. Кейін енжарлық, селқостық,
Тамақтан бас тарту. Құсу
Микроциркуляция бұзылыстары (терінің бозаруы, сүр реңді, “мәрмәр” суретті, аяқ-қолдың салқындауы)
ТҚҰ синдромының дамуы
Тыныс жетіспеушілігінің дамуы
Жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің дамуы
Слайд 23Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі
Өкпелік артериолалардың спазмы →-- өкпелік гипертензия → -- оң жақ
қарыншаның асқын жүктемесі → -- гемодинамиканың бұзылуы. Гипоксия → гипоксемия → -- компенсаторлық тахикардия → -- жүректегі метаболиқалық өзгерістердің дамуы → -- энергодинамикалық жүрек жетіспеушілігі дамуы
Слайд 24
Тыныс жетіспеушілігі
I дәреже – ентігу үйреншікті жүктеме кезінде пайда болады
II
дәреже – ентігу болымсыз жүктеме кезінде пайда болады
III дәреже - айқын ентігу тыныштық кезінде байқалады
Слайд 25Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Өкпедегі қабыну процесін тоқтату.
2. ТЖ (тыныс алу жеткіліксіздігі),
жалпы уыттану белгілерін жою.
3. Өкпе экскурсиясын қалпына келтіру.
4. Жөтелдің, жиі тыныс алу, пневмонияның аускультативтік көрсеткіштерінің жоғалуы.
5. Хəлі мен тəбетінің жақсаруы.
Слайд 26Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Температура көтерілген кезеңде – төсек режимі.
2. Адекватты гидратация (жылы
көп мөлшерде сұйықтық).
3. Барынша емшекпен тамақтандыру жəне жасына сай барабар тамақтану.
Слайд 27Дəрі-дəрмектік ем
1. ЖАЛПЫ ШАРАЛАР:
- Сəйкес гидратация (сұйықтықты мол ішу) жəне тамақтану;
-
Қызбаны тоқтату (> 38,5) - парацетамол 10-15 мг/кг күніне 4 ретке дейін;
Жөтелге қарсы дəрі-дəрмекті қолдануға болмайды.
Демікпелік тыныс алуда- бронхолитикалық ем (мысалы, сальбутамол жас бойынша дозамен күніне 3-4 рет, 5 күн бойы). Ингаляциялық түрлер таңдалады
Слайд 28Бастапқы этиотропты терапия
Асқынбаған, типті (бактериалды) пневмония
(фебрильді, гомогенді инфильтратпен - E.
coli, стафилококк, сирек – пневмококк, гемофильді таяқша):
Таңдау препараттары:
амоксициллин/клавуланат ,
ЦС 1-2 қатардағы
Атипті ( Chl. trachomatis, U. urealyticum, пневмоцист):
макролид (азитромицин), ко-тримоксазол
Слайд 29Ауыр, асқынған (типті, бактериалды) пневмония
Таңдау препараттары:
амоксиклав+аминогликозидтер
ЦС 3-4 (цефуроксим, цефтриаксон )+
аминогликозид
Альтернативті препараттар:
- карбапенемдер
Слайд 30Ауруханаішілік пневмония
Ауыруға дейін АБТ алмаған балаларға –үйдегі пневмонияны емдегендей
Ауруға дейін АБТ
алған болса – АБТ ауыстыру. ЦС 2-3, карбапенем, ванкомицин
12 жастан асқан балалар – фторхинолон (көкіріңді таяқша, энтеробактериялар, атипті флора)
Анаэробты инфекция – метронидазол, клиндамицин
Слайд 31Иммунодефициті бар балалардағы пневмония
Бактериальды пневмония –
ЦС 3, ванкомицин+аминогликозид
Пневмоцистоз
– котримоксозол
Микозды – саңырауқұлаққа қарсы препараттар
Герпестік инфекция – ацикловир
ЦМВ - ганцикловир
Слайд 32Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тыныс жиілігінің қалпына келуі.
2. Қызбаның жоғалуы.
3. Оң перкуторлық
жəне аскультациялық динамикасы.
4. Уыттанудың жоғалуы.
Слайд 33Ішінара әсер
(деструктивті пневмония, плеврит)
Температураның түспеуі, 38 шамасында сақталуы
Токсикоз бен
ентігудің азаюы
Тәбеттің жақсаруы
Рентгенологиялық өзгерістердің нашарламауы, теріс динамика жоқ
АБТ ауыстырудың қажеті жоқ
Слайд 34Әсердің жоқтығы
Температураның 38 жоғары сақталуы
Жағдайдың нашарлауы
Токсикоздың сақталуы немесе одан әрі күшеюі
Өкпедегі немесе плевра қуысындағы өзгерістердің күшеюі
Ентігудің және гипоксемияның күшеюі (хламидиялық, микоплазмалық, пневмоцисталық пневмония)
Слайд 35Патогенетикалық терапия
Оксигенотерапия, аэрация,
Гидратация
Құрғақ тоқтамайтын жөтел – жөтелді басатын дәрілер
Ылғалды жөтел
– муколитик пен мукоретиктер (1 жастан асқан балаларға)
Бронхолитиктер – бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін
Слайд 36Жоспарлы госпитализация үшін көрсетімдер:
пневмонияның ауыр жəне ұзақ уақытқа созылған түрі (10-12
айдан артық).
Слайд 37Шұғыл госпитализация үшін көрсетімдер
- бөгде дененің болуына күмəн тууы;
- кеуде клеткасының
төменгі жағымен ауаны ішіне тарту кезінде тыныс алу жеткіліксізідігінің көбеюі жəне тыныс алудың жиілеуі;
- ауыр респираторлы дистресс (дем алу кезінде анық жайсыздықты сезіну немесе емізген кезде ауыр дем алу, тамақ жəне сұйықтықты қабылдау кезінде ауырлық немесе сөйлеу қиындығы);
- айқын токсикоз (тамақ пен су ішуден, емшек емуден бас тарту, сананың бұзылуы, 5 күннен артық қызбаның болуы);
- тырыспалар;
- орталықты цианоз (көгеру);
- тыныштық күйдегі стридор (ысқырықты дем) (II-IV тарылу);
- 2 айдан төмен жастағы барлық нəрестелер
Слайд 38Өлім және жітім
Өлім көрсеткіштері патогенездің белгілеу критерийлерімен байланысты. Барлық балаларда аутопсия
кезінде анықталған пневмония 9-23% өлімнің негізгі себебі ретінде анықталды, 23–33% ол басқа да ауыр патологиясы бар балалардың өлім себебіне бәсекелес болды; 50–60% пневмония патогенезде болмаған — ілеспе ауру. Дер кезінде емделген стационардан тыс пневмония іс жүзінде өлімге әкеп соқпайды. Стационар ішілік пневмониядан өлімдік 5–10% құрайды.
Слайд 39 Профилактикалық шаралар:
1. Науқастар жəне вирус тасымалдаушылармен қатынасты шектеу, əсіресе жоғары
респираторлық аурушаңдық мезгілінде.
2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
4. Шынығулық шараларды жүргізу.
Әрі қарай жүргізу:
1. Егер нəресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына қандай жағдайда жедел арада дəрігерге келуін түсіндіру) учаскелік дəрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы.
2. Пневмониямен ауырған балалар диспансерлік бақылауда 1 жыл бойы тұрады (тексеруді 1, 3, 6 жəне 12 айдан соң жүргізеді).
Слайд 40Пайдаланылған әдебиеттер:
“Балалар аурулары” оқу құралы – Балаш Тусупкалиев – Астана- 2015ж
Никонова
Т.Н. Ерте жастағы балалардағы пневмониялар. М., 1986
Мазо Р.Е. Ерте жастағы балалардағы пневмониялар. 1977.
Таточенко В.К. және басқалар. Балалардағы өкпенің жедел аурулары. 1981.
Клиничессий протокол пневмония у детей (Утвержден проотоколом заседания Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК №23 от 12 декабря 2013 года)