?абілет. ?абілетті? психологиялы? ерекшеліктері презентация

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Б е й і

Слайд 1Қабілет. Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері


Слайд 2Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік

пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Б е й і м д і л і к- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет,музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.

Слайд 3Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да қосақтаса көрініп отырады. Адамда күшті,

әсерлі,тиянақты бейімділіктің болуы одан зор қабілеттің бар екенін жақсы аңғартады. Бұл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана іс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады. Мұны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілеттің көрінісі деуге болмайды.

Слайд 4Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар  
«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың

қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайбы. Қабілетті адамдардың бірі- зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.

Слайд 5 Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға

қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика