Слайд 1Табиғатпен таныстыру кезіндегі балаларды ұйымдастыру
формалары
Орындаған; Мухамединова А. А.
Тексерген; Ильяшова Б.
Ф.
Слайд 2Жоспар
1.Сабақтар
2. Экскурсия
3. Серуендер
4. Жер учаскесіндегі жұмыс
5.Табиғат мүйісіндегі жұмыс
Слайд 3Сабақтар
Сабақ балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма.
Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге олардағы бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің (бақылағыштығы, ойлағыштығы) және тілдерінің дамуы, олардың сөздік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіліп кұрылады. Сабақтағы; ең басты нәрсе — барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі.
Слайд 4Экскурсия
Экскурсия — балалар табиғи
жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т.б. табиғатпен танысатын сабақ. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады.
Экскурсияларда белгілі бір программалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті (экскурсиянын, күнделікті серуендерден айырмасы — осы). Экскурсиялардың тәрбиелік-білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы хош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл-қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі өсер етеді. Экскурсия жасайтын жерді таңдап алу онын, міндеттеріне, балалардың жасына байланысты. Балалар бақшасы манына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдық тек екінші жартысынан бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесінің табиғатын бақылау көгалға, паркке (орманға) аз уақыт экскурсиялар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда ішкі өрлер мен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болуы .
Слайд 6Серуендер
Бүкіл жас топтарының балаларын табиғатпен таныстыру үшін
күн сайынғы серуендерді кеңінен пайдаланады. Олар аздаған экскурсия мақсатты серуендер, оларды өткізген кезде тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық езгерістерді бақылауды ұйымдастырады.Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен программаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын бір құбылысы көрінген кезде, жоспар жүзеге асырылады.
Слайд 7Жер учаскесіндегі жұмыс
Жер учаскесіндегі жұмыс. Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін
жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты бақылаулар жасаумен ұштасып жатады және олардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі білімдерінің қорлануына, еңбек дағдылары мен іскерліктерінің жетіле түсуіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Слайд 8 Табиғат мүйісіндегі жұмыс.
Табиғат мүйісінде жұмыс
істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар есімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйренеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, ал сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.
Слайд 9Үш тілділік
Еңбек -...............-...................
Сабақ -...............-...................
Бала -.................-...................
Топ -...................-...................
Жұмыс -.............-...................
Табиғат -.............-..................
Жемістер -..........-..................
Құстар -...............-..................
Слайд 10Жауаптары
1. Еңбек – труд – labor
2. Cабақ – урок – lesson
3.
Балалар – дети – children
4. Топ – группа – group
5. Жұмыс – работа – work
6. Табиғат – природа – nature
7. Жемістер – фрукты – fruits
8. Құстар – птицы - birds