Қартар үйі презентация

Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған. Қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс», — деген еді ерекше қынжылыспен. Міне,

Слайд 1ҚАРТАР ҮЙІ
Қазіргі қарттар үйі әу баста жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттар

мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатымен, өткен ғасырдың 50-60 жылдары құрылған мекеме десетін. Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар.

Слайд 2Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда болмаған.

Қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс», — деген еді ерекше қынжылыспен. Міне, Елбасының бұл сөзінен қазақ халқының қатыгездікке бой алдырып, қарт ата-аналарына қасірет шектіруге дейін қадам басқандығын қатаң ескерткендігін аңғару қиын емес-ті. Әуелі Елбасының қарттар үйінде 7 мыңдай қартымыз бар деуіне біз аздап түзету енгізгіміз келеді. Олай дейтініміз, бүгінгі статистикалық мәліметтер мүлдем басқаша сайрайды. Енді солардың бір-екеуіне жүгініп көрелік. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67-ге жетіп, онда 12 мың адам тұрып жатса керек. Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын) жұмыс істейтін көрінеді.

Слайд 3Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) және

Қостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр десе, еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүргізген есебі бойынша 2012 жылы қарттар үйінің саны 87-ге жетіп, мұнда 35 мыңға жуық адам орналасты деп дабыл қағып отыр. Әрі олардың 45,5 пайызын әйелдер қауымы құрайды деп хабарлайды. Міне, шындық пен жалғандықтың арасы жер мен көктей. Бір кемшілігі, бұл мәліметтерде қай ұлттың өкілі қанша пайызын құрайтындығы ашық жазылмаған.

Слайд 4ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ МЫҢ МЫСАЛЫ
Ардагерлер үйінде кімдер жоқ дерсіз: мұнда ғалым да, инженер

де бар. Тіпті, кезінде оқу-ағарту министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Әуезхан Қанафин де осы жерде өмір сүріп жатыр. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының баласы да осы үйде дүниеден өтті. Мұндағы қарттарымыздың өмірі қапастағы құстың өмірі сияқты. Олар жастықта бейнет көрді. Бірақ Алла оларға соның зейнетін көруді жазбаған сияқты. Тағдырларына налып еріксіз жылайды, бірақ жұбататын қасында туысы жоқ. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған қарттардың бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он бала бір әкеге жүк болмай, бір әке он балаға жүк болғанның кері», — дейді Алматыдағы Ардагерлер үйі директорының орынбасары Мұрат Әбенұлы.
Міне, қарттар үйіндегі қарттардың жағдайы осылай. Сондағы қарттардың жәутеңдеген мұңды көздері мен жылулық күткен жүректеріндегі орны толмас өкініштерінің табын ет жүректі кім де болса сезінбеу мүмкін емес!

Слайд 5
Көзінен бұлбұл ұшып мақпал күйіп
Тар бөлме болды тағдыр тартқан сыйы
Ардақты әкелер

мен аналардың
Баратын жері ме еді қарттар үйі


Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың


Осы ма қартайғанда көрмегені
Бір орын жетпеді ме бөлмедегі
Бауырым, ата-анаңа не жасасаң
Алдыңа сенің де ертең сол келеді

Слайд 6Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы

жатыр мұнда қанша ананың


Қарттықтың ортақ ақ бар күйі
Есіне келер ұрпақ сақтар жиі
Қасиет болса егер ұл мен қызда
Қазақта болмау керек қарттар үйі

Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын
Күтеді- ау терезеден аңсағанын
Әкесі жатыр мұнда қанша адамның
Арманы жатыр мұнда қанша ананың

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика