Мұқағали Мақатаев (1931-1976) презентация

Содержание

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Лексикалық тақырыбы: Мұқағали Мақатаев Грамматикалық: Морфология (сөз құрамы , сөз таптары)

Слайд 1МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

ДАУКИШЕВА ЖАЗИРА АХМЕДИЕВНА


Слайд 2САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Лексикалық тақырыбы:
Мұқағали Мақатаев

Грамматикалық: Морфология (сөз құрамы , сөз таптары)



Слайд 3САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың білімдар, ойшыл, зиялы ірі

тұлға екенін оқушыларға жеткізу; грамматикалық материалдарды бекіту:
Ойларын еркін жеткізе білуге баулу:
Өнер адамына, еліне, тарихына, тілге деген сезімін ояту.

Слайд 5



Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір

де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе?
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,


Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Слайд 6Абай үніне үн қосып, Абай өнегесін үлгі тұту өз жанының аңсары,

қалауы екенін білдіреді.
... Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын.
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Немесе:
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден...-
Деген жыр жолдарынан, Мұқағалидың өзі “Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін” жанын
Салған ақын бейнесі танылады.

Слайд 7Мұқағалидің өлеңі “Фариза”; әнін жазған Әбиірбек Тінәлиев


Слайд 8МӘТІН БОЙЫНША ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:
Түсініп оқу
Мазмұнын түсінуде қиындық тудыратын сөздерді анықтау
Сөздікпен жұмыс
Мәтінге

қатысты сұрақтарға жауап беру
Мәтіннен жалқы есімдердің тұлғасын анықтау
Мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасау
Тест сауалдарына жауап беру

Слайд 9Мұқағали Мақатаев
М. Мақатаев 1931 жылы ақпан айының 9 жұлдызында Алматы облысының

(қазіргі ) Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-ыншы сыныпты интернатта бітірген. ҚазМУ-ң филология факультетін бітірген. Университетте оқып жүргенде қызыл отау меңгерушісі, комсомол жетекшісі болды.
М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.
М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат”.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.
М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған.


Слайд 10 С Ө З Д І К

Қабырғасында

- здесь: в стенах
Суреттеледі-здесь:описывается
Қалам тартты - здесь: работал
Меңгерушісі - заведующий
Жетекшісі - руководитель

Слайд 11СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
Сөз тіркестерін құрастыр:


Слайд 12СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
Сөйлем құрастыр :


Слайд 13СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢДЕР:
М.Мақатаевтың туған жылы, туған жері.
М.Мақатаев алғашқы өлеңдерін қашан жаза

бастады?
Университеттегі оның қоғамдық қызметі.
М.Мақатаевтың поэмалары.
М.Мақатаевтың еңбегінің бағалануы.
Оның өлеңдеріне музыка жазған қазақ композиторлары.


Слайд 14МӘТІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫН АНЫҚТА .
Географиялық атаулар

Адамдардың есімдері

Әдеби шығармалардың аты

Оқу орнының

атауы

Слайд 15 СӨЗДЕРДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫСЫНАН СИПАТТА:

Ауылында Оқып жүргенде
Облысының Қазіргі
Сөз табы

:
Құрамына қарай:
Тұлғасына қарай:
Мағынасына қарай:
Сөз құрамы:



Слайд 16Тест сауалдарына жауап беріңдер


Слайд 17
1.Қосымша

түрлерінің қатарын белгілеңіз
А. септеулік, демеулік
Ә. жіктеу,септік
Б. жұрнақ,жалғау
В. жалғаулық,жіктеу
2. Жұрнақ түрлерін анықтаңыз
А. септік,жалғау
Ә. түбір,қосымша
Б. сөз түрлендіруші,қосымша
В. сөз тудырушы , сөз түрлендіруші
3. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз
А.-лар,-лер,-тар
Ә.-ның,-нің,-дың,
Б.-нікі,-дікі,-тікі,
В.-мын,-мыз,-сыңдар,
4. “Өлеңі” сөзіндегі соңғы қосымшаны
анықтаңыз
А. бұйрық рай жұрнағы
Ә. тәуелдік жалғауының 3-жағы
Б. жіктік жалғау
В. барыс септік жалғауы



5. М.Мақатаевтың алғашқы өлеңін көрсетіңіз
А. “Досыма хат”
Ә. “Сағыныш”
Б. “Қойшы бала Әкітай”
В. “Қыс”
6. М.Мақатаевтың поэмасын табыңыз
А. “Құлагер”
Ә. “Евгений Онегин”
Б. “Қыстауда”
В. “Райымбек”
7. “Қойшы бала Әкітай” өлеңінде кімнің өмірі суреттелгенін белгілеңіз
А. Оқушы өмірі
Ә. Өз өмірі
Б. Суретші өмірі
В. Мұғалім өмірі
8. М.Мақатаев дүниеден өткен жылын анықта
А. 2005ж.
Ә. 1974ж.
Б.1997ж.
В. 1976ж.




Слайд 18дұрыс


Слайд 19қате


Слайд 20ТЕКСЕРІҢДЕР: БАҒАЛАҢДАР:
В

8 дұрыс жауап – “5”
Б 7-6 дұрыс жауап – “4”
Б 5-4 дұрыс жауап – “3”
Ә
Б
Б
Ә
В

Слайд 21
Ал менің есіме Мұқағали Мақатаевтың тағы бір өлең жолдары келіп тұр,

«Қазақстан» деген өлеңінен
үзінді:

Слайд 22ҚАЗАҚСТАН
Жақсы аттанды демессің,сүйем десем,
Табынатын Тәңірім,Ием де – сен.
Адам болып күн кешу

қиын маған,
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың,ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.



Слайд 23
Мұқағали өз елінің, жерінің адал азаматы болғандықтан, осындай жолдар жазды.
Ал

сендер Қазақстанның болашағы, үмітісіңдер. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали туралы өз ойларыңды қалай білдіре аласыңдар? - деген сұрақпен сабақты қорытындылап , үй тапсырмасын айтып кетейін:

Слайд 24ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
І. Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығы бойынша презентация дайындау.Осы өлең

жолдарын жұмыстың эпиграфы ретінде қолдану қажет.

Слайд 25Тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Сау болыңыздар!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика