Көлік логистикасы слайд-дәрісі мамандығы үшін тасымалды ұйымдастыру, қозғалысты басқару презентация

Содержание

Дәріс тақырыптары: 1 Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік. 2 Логистиканың ұндіріс үрдісі. 3 Логистикадағы материалдық ағымдар. 4 Көлік ағымдары мен көліктің түрақты құрылғылары. 5 Жылжымалы құрамдардың ағымы. 6 Уақыт аралығында өзгертілетін көлік

Слайд 1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.Н. Данияров

атындағы «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы
«КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ»
пәні бойынша
“Көлік логистикасы” слайд-дәрісі

Мамандығы үшін
5B090100 – Тасымалды ұйымдастыру,
қозғалысты басқару

Құрастырған: проф., к.т.н. Балгабеков Т.К.,
аға оқытушы Адилова Н.Д.

Карағанды 2011

Слайд 2Дәріс тақырыптары:
1 Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік.
2 Логистиканың ұндіріс үрдісі.
3 Логистикадағы материалдық

ағымдар.
4 Көлік ағымдары мен көліктің түрақты құрылғылары.
5 Жылжымалы құрамдардың ағымы.
6 Уақыт аралығында өзгертілетін көлік үрдісі.
7 Тасымалдаудың технологиялық жүйесі мен оның сипаты.
8 Көлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесі қызметінің әдістемілік негіздері.
9 Автокөлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесін дамытудың әдістері мен моделдері.
10 Теміржол көлігі моделін өңдеудің модулдік принціпі.

Слайд 3 Тақырыбы 1: «Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік»

Дәрістің жоспары:
1. Логистика туралы түсінік, оның

міндеттері, қызметтері және анықтамалары
2. Логистиканың көлікке әсері
3. Көлік кәсіпорындарының саясаты және олардың қызметінің өзгеруі
4. Жүктерді жинау мен таратудың жаңа логистикалық жүйелері

Слайд 4Логистикаға түсінік
Логистика – бұл көне тарихы бар атау, ол ежелгі

өркениет орталығы Грекияда пайда болған. Логистика түсінігі тікелей грек тілінен аударғанда «ойлау, есептеу өнері» деген ұғымды береді. Әйгілі грек математигі Архимедтің айтуынша біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Афинада 10 логист болған екен. Олардың міндеттері есептеулерді жетік меңгерудің арқасында мемлекеттің қалыпты істеуіне қажетті қаражаттарды анықтау және сол қаражаттарға мемлекеттік бақылау жүргізу болған екен.

Слайд 5 Кейіннен ежелгі Римде «логистер» деп азық-түлікті бөлумен айналысатын адамдарды айтқан. Біздің

дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.д. 865-912ж.ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептеген.

Слайд 6Логистика анықтамасы
Логистика – қойылған мақсаттарға жету үшін микро-, мезо- немесе макроэкономикалық

жүйелерді анықтауда мәліметтік және қаржылық ағымдармен байланысты қызмет көрсету ағымдарын, материалдық ағымдарды басқару мен тиімдету ғылымы.

Слайд 7Логистиканың мақсаты
Логистиканың мақсаты болып еңбектік және материалдық ресурстардың өз шығынына

дәл уақытында жүктерді жеткізу табылады. Осы жағдайларды орындау үшін материалды ағымдарды жеделдетіп, магистральды көлікте өнеркәсіп пен оның шетіндегі объектілерде жүктерді араластырудың қажетті маршруттарын жоспарлауды, қоймалаудың тиімді жүйесін жүргізуді, тасымалдауды контейнерлеу мен пакеттеу, жүк бірліктерін, орам мен ыдысты рационализациялауда іс - шараларының кешенін жүзеге асырады.

Слайд 8Логистиканың көптеген түрлері
Қазіргі уақытта логистиканың көптеген түрлері есептеледі. Оның кейбіреулері

мыналар:
көліктік логистика (оның ішінде теміржол көліктік логистикасы);
қоймалық логистика (қоймалау логистикасы);
мәліметтік логистика;
коммерциялық логистика;
маркетингтік логистика;
сату логистикасы;
өндіріс логистикасы;
өнеркәсіптік логистикасы;
бөлу логистикасы.

Слайд 9Логистиканың негізгі түсініктері


Экономикада логистиканың кең қолданылуы ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарына

сәйкес келеді, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс пен айналым аясындағы материалдық және олармен байланысты ақпараттық, қаржылық ағымдарды тиімді басқару жүйесі ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, экономикада логистиканың кеңінен қолданылуы байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен де байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалдық ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік береді.

Слайд 10Тақырыбы 2: «Логистиканың өндіріс үрдісі»

Дәрістің жоспары:
1. Материалдық ағымдардың өндірістегі мақсаты және

ұйымдастырудың жолдары;
2. Материалдық ағымдарды ұйымдастыру және басқарудың талаптары;
3. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру заңдары және материалдық ағымның кеңістіктегі және уақыт мөлшеріндегі тиімдендіру мүмкіндіктерін ұйымдастыру;
4. Материалдық ағымдардың ағымнан тыс өндірістегі тиімділікті ұйымдастыру.


Слайд 11Мәтін бойынша
Логистиканың жетістіктерін теміржол көлігінде пайдалану транзитті көлік әлеуетінінің тиімділігін

арттырудың кепілі, әрі әлемдік көлік жүйесіне белсенді интеграцияланудың пішіні болып табылады. Соңғы жылдары стратегиялық мүмкіндіктері мол көлік саласының ағындық экономикалық үрдістерінде негізгі қызмет атқарып отырғандығын атап айту қажет. Бүгінгі күні тасымалдау көлемін ұлғайту, көптеген отандық жүк және жолаушы тасымалдаушылар мен экспедиторлардың іс-әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері өзектене түсті.

Слайд 12 Логистика принциптерін енгізу және Қазақстан территориясындағы транзиттік жүк тасымалын басқарудың логистикалық

принциптерін дамыту арқылы тасымалдау үрдісін қазіргі талаптарға және халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану көлік саласының сапалы өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел тәжірибесі растап отыр. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Қазақстан экономикасының тұрақтылығын нығайту мақсатында үш жылдық бюджеттен көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы ішкі өнімнің 4,5% құрайтын, 700 млрд. теңге үлестіру қарастырылып отыр.

Слайд 13Көлік стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2015 жылдарға дейінгі көлік стратегиясын жүзеге асыру әлемдік

көлік жүйесіне интеграциялану, ұлттық көлік заңнамасының халықаралық заңдармен үйлесімін, көлік жүйесінің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, мультимодальді тасымалды дамыту, технологиялық үрдіс логистикасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында транзиттік әлеуетті қарқынды дамытуды және республика территориясына халықаралық көлік ағындарын тартуды қарастырады.

Слайд 14Логистиканың мақсаты
Көлік логистикасы мамандандырылған логистикалық орталықтар арқылы жүк ағындарын оңтайландыру

мен ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ретінде көлік ағындарының тиімділігін арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Логистиканы пайдаланатын отандық кәсіпорындар, дәстүрлі қалыпта жұмыс жасайтын кәсіпорындармен салыстырғанда, ішкі және халықаралық тасымалдауларда тұрақтылық, болжау мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілік сияқты бірқатар артықшылықтарға ие. Келешекте логистика көлік компанияларына ішкі және сыртқы нарықта қаржылық тұрақтылыққа жетуге, тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндіктер береді.

Слайд 15Логистиканың көптеген түрі
Қазақстан Республикасының және кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі басқа

мемлекеттер экономикасының көлік саласын мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне байланысты көлік қызметтері нарығындағы бәсекелік ортада түбегейлі өзгерістер орын алды. Тауар қозғалысы мен бөлінісінде айқын аңғарылатын жаңа көліктік-логистикалық жүйелер біртіндеп тұрақтанып келеді. Халықаралық жүк айналымына қызмет көрсетуде мульти- және интермодальді (аралас) тасымалдаулардың ролі артып, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудағы экспедиторлық кәсіпкерліктің мәні күшейіп отыр.

Слайд 16Көлік дәліздерін дамыту
Көлік дәліздерін дамыту және игеру – отандық тасымалдаушылардың

көлік нарығындағы үлесін арттырудың бірден бір жолы. Көліктік қызмет экспортына сұраныс 2010ж. әлемдік көрсеткіш бойынша жылына 8...9 млрд. долларға жетуі мүмкін. Болашағы мол осы нарықта клиенттерге неғұрлым ұтымды шарттар ұсыну – маңызды, әрі шешімі табылатын міндет. Шетелдік тасымалдаушылар дәстүрлі айналмалы маршруттармен салыстырғанда, халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық құрамдасын пайдалану арқылы бір контейнерден 600 долл. дейін, әуе рейсінде 50 мың. долл. дейін үнемдейді. Бұл Қазақстан Республикасы арқылы өтетін транзиттік ағындар пайдасына шешудің маңызды дәлелі бола алады.

Слайд 17Тақырыбы 3: «Логистикадағы материалдық ағымдар»
Дәрістің жоспары:
1. Материалдық ағым мен логистикалық операциялардың

түсінігі.
2. Материалды ағымдарды талдау пішімі.
3. Жұмыстың абсолютті шамаларының негізгі өлшемдері.




Слайд 18Мәтін бойынша
Материалды ағым – логистикалық үрдістің барлық аралығында араласатын материалды

ресурстардың ағымы. Материалды үрдісті басқарудың жүйесі.
Қазақстанның аумағы бойынша республикадағы қазіргі көлік инфрақұрылымының негізінде құрылған халықаралық төрт көлік дәлізі өтеді:
- Трансазиялық темір жол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа – Ресей мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногор) телімінде) арқылы Қытай, Корей түбегі және Жапония.

Слайд 19 - ТАТМ оңтүстік дәлізі: Оңтүстік Шығыс Еуропа – Түркия, Иран, Орталық

Азия елдері мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш телімінде) арқылы Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия.
- ТРАСЕКА: Шығыс Еуропа – Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық - Алматы - Ақтау телімінде) арқылы Орталық Азия.
- Солтүстік – Оңтүстік: Солтүстік Еуропа – Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағының елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау -Атырау учаскелерінде Қазақстанның қатысуымен.

Слайд 20Көлік стратегиясы
Негізгі трансконтиненталдық бағдарларды құрауға енетін бағыттармен қатар Сарыағаш – Арыс

– Қандыағаш - Озинки бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымал үшін аса маңызға ие ТАТМ Орталық дәлізін атаған жөн.
Дәліздер Шығыс-Батыс қатынасындағы қашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Слайд 21Қытай экономикасы
Қытай экономикасының, атап айтқанда оның батыс өңірлері экономикасының қарқынды өсуі,

бүгіннің өзінде әлемдік нарықтарға тауарлардың алуан түрін жеткізу қажеттілігін туғызып отыр. Сонымен бірге, мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстанда транзиттің даму деңгейі саланың және тұтас алғанда республиканың әлеуетіне сай емес. Мысалы, 2003 жылы Қытайдың ЕО елдерімен сыртқы сауда көлемі 115 млн. тоннаны құрады, алайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша осы бағыттағы транзиттік тасымалдың көлемі шамамен 3 млн. тонна болды.

Слайд 22Логистиканың көптеген түрі
Қазақстан Республикасының және кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі басқа

мемлекеттер экономикасының көлік саласын мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне байланысты көлік қызметтері нарығындағы бәсекелік ортада түбегейлі өзгерістер орын алды. Тауар қозғалысы мен бөлінісінде айқын аңғарылатын жаңа көліктік-логистикалық жүйелер біртіндеп тұрақтанып келеді. Халықаралық жүк айналымына қызмет көрсетуде мульти- және интермодальді (аралас) тасымалдаулардың ролі артып, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудағы экспедиторлық кәсіпкерліктің мәні күшейіп отыр.

Слайд 23 Тақырыбы 4: «Көлік ағымдары мен көліктің тұрақты құрылғылары»
Дәрістің жоспары:
1. Материалдық ағым

мен логистикалық операциялардың түсінігі.
2. Материалды ағымдарды талдау пішімі.
3. Жұмыстың абсолютті шамаларының негізгі өлшемдері.


Слайд 24Мәтін бойынша
Жүкті тасымалдаудың технологиялық үрдісі болып тасымалдаудың жоғары тиімділігіне жету мақсаты

бар және бір негізде орындалатын, өзара байланысты этаптар мен операциялардың жүйесін бөлшектеу жолында нақты тасымалдау үрдісін адамдардың жүзеге асыруының тәсілі түсіндіріледі.
Технологияның міндеті – тасымалдау үрдісінде орындалатын этаптар мен операциялардың санын қысқарту есебінен тасымалданатын жүкті тасудың еңбекті өндіргіштігін арттырып мен ұзақтылығын азайту

Слайд 25Жүкті тасымалдау үрдісі
Жүйе теориясы көрсеткендей барлық жүйелер әртүрлі жүйеден тұрады.

Кез келген жүйе, жүйе объектісінің, ерекшелік пен байланыстың терминдерінде жазылуы мүмкін. Жүйелердің иерархиясы мен саны жүйенің ішкі күрделілігіне байланысты.
Интермодалды тасымалдаулар – бұл бірыңғай жүк бірлігінде бірыңғай тасымалдау құжаттары бойынша бірнеше көлік түрлерімен халықаралық қатынастарда жүктерді жеткізу жүйесі.


Слайд 26Тасымалдаудың көптеген түрі
Қазіргі интермодальды тасымалдардың негізі болып халықаралық стандарттар (ИСО)

және контейнерлі стандарттары табылады, басқа да жүк бірліктері қолданылуы мүмкін: контейнерлі, трейлерлер, ауысым кузовтары, пакеттер.
Мультимодалды тасымалдау – бұл көліктің 2 түрінен аз болып, тікелей аралас тасымалдаулар және Республика ішінде ғана болуы керек.
Юнимодалды – көліктік бір түрімен ғана тікелей тасымалдаулар.

Слайд 27Тасымалдау үрдісін жобалау
Тасымалдауды ұйымдастыруда логистикалық ағым тасымалдаудың бір бөлігін құрайтын негізгі

тиімді тасымалдауды және үрдіс бойынша жобалауы қажет деп қорытындылайтын жоба әдістемелік мазмұнды білдіреді. Бұған өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жүкті тасымалдаудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктердің шешімін іздеулер сәйкес келеді.
Келесі 2-суретте жүкті тасымалдаудың принципиальды сұлбасы көрсетілген: I – жүкті көрсететін пункт; II – жүкті жобалайтын пункт; III - тасымалдаушы кешен; Wr – жүкті алушының қажеттілігі; W'k – тасымалдау кешенінің жоспарлы тасымалдау мүмкіндігі; Wk – тасымалдау кешенінің нақты тасу мүмкіндігі; WQ – көліктік өнім; О1,О2,О3 – операторлар.

Слайд 281 сурет - Жүкті тасымалдауды ұйымдастырудың принципиалды сұлбасы


Слайд 29 Тақырыбы 5: «Жылжымалы құрамдардың ағымы»
Дәрістің жоспары:
1. Көліктің айналым қаржысы.
2.Пойыздар мен құрамдарды

құрудың негізгі жоспары.
3.Жылжымалы құрамдағы мұқтаждықты анықтау.

Слайд 30Мәтін бойынша
Жаңа ақпараттық технологияны енгізілуі мәліметтік стандарттардың бірігіуінің негізінде өзара

байланысты және аралық буынды таратуға ықпал ететін мәліметтік ортаның қолданушыларға ыңғайлы және қолайлы жағдай туғызды. Бұл жағдайлар көліктік логистика үшін үлкен ғылыми-практикалық маңызға ие болды.
Ақпараттық технология – бұл мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау, өткізу және пайдаланудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.

Слайд 31Мәліметтермен электронды алмасулар
Мәліметтермен электронды алмасулар. Стандарттар. EDI концепциясы – «мәліметтерді

электронды алмасу» қазіргі телекоммуникация мен мәліметтердің стандартты пішінін қолдану арқылы пайдаланушымен компьютерленген мәліметтерді алмасларды білдіреді.
Тиімділіксіа жоғарылауы мәліметтерді енгізуде қателердің қысқартылуы мен қағаз құжаттарының санын азайтуда мәліметтерді тез беру мен өңдеудің есебінен қол жеткізіледі.

Слайд 32Тасымалдаудың көптеген түрі
Материалды шығындар мен еңбек шығынын азайту көздерінің ортасынан

келесілерді бөліп көрсетуге болады:
- құжаттарды басу;
- құжаттарды пошта арқылы жөнелту;
- қағаз құжаттарының айналымының процедурасы;
- әр түрлі шығындар (өзара әрекеттілік шығыны).

Слайд 331 кесте - Көліктік мәліметтер құжаттарының мысалдары


Слайд 34Ақпараттық стандарттар анықталады:
- құрылымдармен;
- құжаттар форматымен;
- ақпараттарды жіберудің

алғышарттары;
- трансакциондық кодтардың нысандары.
Аса көп қолданылатын коммуникациондық стандарттар:
- ASC X.12 (X.12 стандарттардың американдық комитеті бойынша стандарты);
- UN/EDIFACT (ISO (стандарттау жүйесі бойынша халықаралық ұйым) – 9735 синтаксистік ереже халықаралық стандартына және ISO – 7372 сауда мәліметтерінің элементтерін халықаралық стандартымен негізделеді).

Слайд 35Қазақстанның көлік кешені
Қазіргі электрондық, коммуникациялық, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген

халықаралық көлік дәліздерінің қызметі саласындағы транзиттік тасымалды кешенді бақылау қажет. Логистикалық қызмет көрсету орталықтарында қозғалыс туралы on line режимінде және жоспарланған маршруттардың кестесі шегінде қозғалысты тәртіпке келтіруге қабілетті транзиттік тасымалдау жағдайындағы шарттар мен өзгерістер туралы алдын ала толық әрі шынайы ақпараттың болуын қамтамасыз ету аса маңызды.

Слайд 36 Тақырыбы 6: «Уақыт аралығында өзгертілетін көлік үрдісі»
Дәрістің жоспары:
1.Қозғалыс көлемінің ауытқуы.
2.Жылжымалы құрамның

санын белгіленген дәрежеде ұстау.
3.Толық емес ақпарат кезінде қызмет көрсету.

Слайд 37Мәтін бойынша
Қазіргі уақытта экономикалық дамудың жағдайлары логистикалық тізбек бойынша тауарлар

қозғалысын тиімді басқарудың талаптарын күшейтуді талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей бүгінде біздің ең осал тұсымыз көліктік шығындардың азаюына ықпал ететін тауарларды қаттауды (складирования) жасаудың принциптерін өзгерту табылады.
Қаттау логистикалық жүйенің өндіргіштігі мен шығынының мөлшеріне ықпал етеді. Логистикалық жүйеде өнімді қаттау оталарына жүйелік ағым маңызды экономияны алып келуі мүмкін. Осы мақсатта мыналарды қарастыру керек:

Слайд 38Логистиканың қаттау жүйесі
1.Логистикалық жүйенің барлық қалған элементтерімен қаттау функциясының өзара әрекеттілігі;


2.Қаттаудың базистік арналуы: өнімді қорғау, ақпаратты беру, жүк өндірудің тиімділігін арттыру;
3.экологиялық мәселелерге ықпал ететін қаттаудың қазіргі технологиялары.

Слайд 39Тасымалдаудың көптеген түрі
Қаттау барлық логистикалық тізбектің шығындарының деңгейіне ықпал етеді,

ол келесідей негіздерде:
Қаттау маркировкасы бар жүктің нақты идентификациясымен анықталатын бос оталарды басқару;
Тапсырыстың тиімділігі, нақтылығы мен жылдамдығы қаттаудың, габариттің, нысанның, сатының қолайлылығына байланысты.
Жүкті қайта өндірудің құныны іріленген жүк бірлігін қаттаудың мүмкіндігі ықпал етеді;
Сақтаудың құны қаттаудың габаритіне тікелей байланысты.

Слайд 40Қаттаулар анықталады:
Қаттау 2 түрге бөлінеді: тұтынатын – соңғы

тұтынушыға негізделген, көбінесе логистиканың талаптарын сақтап, тұтынушыға қолайлы, қорғаныс, тұтыну орамы сипатында берілетін есеппен жүргізіледі, логистика үшін ерекше жақсы қаттау болып табылады. Өндірістік қаттау – аса ірі жүк бірлігінің жеке компоненттерін біріктіріп, жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін қолданылады.

Слайд 41Бірнеше өндіріс қаттаулары
Бірнеше өндіріс қаттауларын ірі жүк бірліктеріне топтастыру контейнерлеу деп

аталады. Өндірістік қаттау мен іріленген жүк бірлігі логистикалық каналдарды бөлудің негізгі объектісі болып саналады, қаттаудың талапқа сәйкес келмеуі барлық логистикалық жүйеге тиімділік береді, өндірістік орауларды жүргізуде келесідей негізгі талаптар қойылады:
- стандартизация;
- типті мөлшерлер санын шектеу.
Контейнерлеу - іріленген жүе бірліктерін жасау.

Слайд 42 Тақырыбы 7: «Тасымалдаудың технологиялық жүйесі мен оның сипаты»
Дәрістің жоспары:
1.Тасмалдау жүйесіндегі

үрдістер.
2.Тасмалдаудың технологиялық жүйесін құрастыру.
3.Математикалық ойлауды қолданып жүйені бейнелеу.

Слайд 43Мәтін бойынша

Республиканың транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, өнім мен қызметтердің

тиімді жылжуын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің, көлік ұйымдары мен тауар өндірушілердің әрекетін үйлестіру негізінде Астана, Алматы, Ақтау қалаларында, сонымен қатар Достық станциясында және Қазақстанның өнеркәсібі дамыған басқа да аймақтарында мемлекеттік деңгейде аймақтық көліктік-логистикалық орталықтар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.


Слайд 44Қытай арқылы дамыту
Қытайдан шығатын транзиттік тасымалдаулардың алдағы уақыттағы дамуы

екінші халықаралық шекара темір жол өткелін ашу арқылы және еркін сауда аймағын (Қорғас шекара бекетінде) дамытуға игі әсері болатын, құрылысы қытаймен жүзеге асып жатқан Цзинхэ – Қорғас темір жол желісінің жалғасы болып табылатын Қорғас – Жетіген темір жол желісін салу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Слайд 45Тасымалдаудың көптеген түрі
Достық – Алашанькоу халықаралық шекара бекеті арқылы өтетін

темір жол тасымалын тұрақты дамыту мақсатында Алашанькоу және Үрімші станцияларының қытайдағы бөлігін және Ақтоғай – Достық учаскесінің терминал сыйымдылығын 2015 жылға қарсы 25 млн. тоннаға дейін кеңейтуді қоса, оның өткізгіштік қабілетін мейлінше ұлғайтатын шараларды жүзеге асыру қажет. Магистральдар арасындағы байланыстыру учаскелерін салу арқылы Қазақстан террриториясынан өтетін темір жол құрылысы Түркменстан, Иран, Түркия және Еуропа мемлекеттеріне қарай бағытталған транзиттік дәліздердің өткізгіштік қабілетін жылына 100 млн. тоннаға дейін кеңейтуге, осы бағытта орындалатын контейнерлік ағындардың қуаты жылына 25 млн. т дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Слайд 46Шетел тәжірибелері

Бірқатар елдердің (Жапония, Қытай, Оңтүстік  Корея) қазақстан темір

жол желісі және Ақтау кемежайы арқылы жүк тасымалдауға қызығушылықтары Қорғас – Жетіген жаңа темір жол учаскесін салу идеясын нығайтты. Осымен байланысты Достық станциясындағы жалғыз шекара өткелі ұлғайған транзиттік жүк тасымалы көлемін игеруге жеткіліксіз болады. Оның үстіне, негізгі транзиттік дәліздердің және өнімдері шетелге экспортталатын Қазақстан аймақтарының Ақтау кемежайына жетуінің шектеулігі бір жағынан, Қазақстанның батыс аймақтары арасындағы, екінші жағынан солтүстік, орталық және шығыс аймақтары арасындағы тікелей темір жол қатынасының жоқтығымен байланысты (1-кесте).








 

Слайд 472 кесте - ҚР оңтүстік темір жол дәліздері арқылы ҚХР тасымалданған

импорт жүктерінің көлемі  

Слайд 48Келешектегі болжам
2010 жылға дейінгі болжам: Қазақстан Республикасының оңтүстік темір жол дәліздері

арқылы ҚХР – на импорттық және транзиттік жүк тасымалының көлемі шамамен 2,7 млн. тоннаға жетеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы арқылы транзит – 1,2 млн. тоннаны, Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтары арқылы транзит – 1,5 млн. тоннаны құрайды. Контейнерлер, құрылыс материалдары, халық тұтынатын тауарлар, азық – түлік өнімдері, бензин – негізгі транзиттік жүктер болып табылады.

Слайд 49 Тақырыбы 8: «Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік»

Дәрістің жоспары:
1. Логистика туралы түсінік, оның

міндеттері, қызметтері және анықтамалары;
2. Логистиканың көлікке әсері;
3. Көлік кәсіпорындарының саясаты және олардың қызметінің өзгеруі;
4. Жүктерді жинау мен таратудың жаңа логистикалық жүйелері.

Слайд 50Логистикаға түсінік
Логистика – бұл көне тарихы бар атау, ол ежелгі

өркениет орталығы Грекияда пайда болған. Логистика түсінігі тікелей грек тілінен аударғанда «ойлау, есептеу өнері» деген ұғымды береді. Әйгілі грек математигі Архимедтің айтуынша біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Афинада 10 логист болған екен. Олардың міндеттері есептеулерді жетік меңгерудің арқасында мемлекеттің қалыпты істеуіне қажетті қаражаттарды анықтау және сол қаражаттарға мемлекеттік бақылау жүргізу болған екен.

Слайд 51 Кейіннен ежелгі Римде «логистер» деп азық-түлікті бөлумен айналысатын адамдарды айтқан. Біздің

дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.д. 865-912ж.ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептеген.

Слайд 52Логистика анықтамасы
Логистика – қойылған мақсаттарға жету үшін микро -, мезо –

немесе макроэкономикалық жүйелерді анықтауда мәліметтік және қаржылық ағымдармен байланысты қызмет көрсету ағымдарын, материалдық ағымдарды басқару мен тиімдету ғылымы.

Слайд 53Логистиканың мақсаты

Логистиканың мақсаты болып еңбектік және материалдық ресурстардың өз шығынына дәл

уақытында жүктерді жеткізу табылады. Осы жағдайларды орындау үшін материалды ағымдарды жеделдетіп, магистральды көлікте өнеркәсіп пен оның шетіндегі объектілерде жүктерді араластырудың қажетті маршруттарын жоспарлауды, қоймалаудың тиімді жүйесін жүргізуді, тасымалдауды контейнерлеу мен пакеттеу, жүк бірліктерін, орам мен ыдысты рационализациялауда іс - шараларының кешенін жүзеге асырады.


Слайд 54Логистиканың көптеген түрлері
Қазіргі уақытта логистиканың көптеген түрлері есептеледі. Оның кейбіреулері

мыналар:
- көліктік логистика (оның ішінде теміржол көліктік логистикасы);
- қоймалық логистика (қоймалау логистикасы);
- мәліметтік логистика;
- коммерциялық логистика;
- маркетингтік логистика;
- сату логистикасы;
- өндіріс логистикасы;
- өнеркәсіптік логистикасы;
- бөлу логистикасы.

Слайд 55Тақырып 9 “Автокөлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесін дамытудың әдістері мен моделдері”
Дәрістің

жоспары:
1.Автокөлік кешеніндегі логистиканың дамуы.
2.Автокөлік логистикасын дамытудағы шаралар.
3.Математикалық ойлауды қолданып жүйені бейнелеу.

Слайд 56Мәтін бойынша
Көлік кешендері қандай да бір мемлекет болмасын оның экономикасында,

саяси және әлеуметтік мәселелерінде маңызды орын алады. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғаны, сол елдердің дамуына бірден бір себепші болып отырған, осы көлік кешендерінің заман талабына сәйкес өсуі. Елбасының 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, бұл сала даму стратегиясының арнаулы бағыты ретінде аталып, автокөлік инфрақұрылымдарын дамыту, соның ішінде автожол саласын қаржыландыруға мемлекет тұңғыш рет 10 млрд.-қа жуық АҚШ долларын бөліп отырғанын атап өтіп, көлік-логистикалық кластерін дамытуды тапсырған.

Слайд 57 Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
көлік логистикасының кешендік дамуы мен

зерттелуі және болашағына талдау жасап, дүние жүзіндегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін және қабылданар шаралардың тиімділігі мен орындалар мүмкіндігін анықтау;
қолданыстағы әдістемелер мен амалдарды қорытындылап, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ауылшаруашылық көлік-логистикасы жүйесін негіздеу және ықшамдау арқылы тиімділігін арттыру;
автокөлік–логистикалық жүйесі тізбегіндегі технологиялық үрдістер мен автокөліктердің техникалық–экономикалық көрсеткіштерін логистика жүйесі тиімділігіне тигізер әсерлерін анықтау және оларды іске асырып, басқару жүйесінің ғылыми-теориялық негізін анықтау;
автокөлік логистикалық жүйесінің деңгейіне сәйкес ақпараттар, қаржы, мамандар мен материалдар ағымдарын ықшамдау және автокөлік кәсіпорындарының экономикалық–қаржылық тұрақтылығының бейнесін дамыту.

Слайд 58Тасымалдаудың көптеген түрі
Елімізде темір жолмен тасымалдаудың өзіндік құны, салыстырмалы түрде

алғанда ең арзаны. Бірақ автокөлікпен жүк және жолаушы тасымалдау көлік жүйесі бойынша бірінші орында. Автокөлікпен жүк тасымалдаудың артықшылығы: тасымалды ұйымдастыруға жұмсалатын қаржының аздығы, көліктің оралымдылығы, жоғарылығы және жүкті жөнелтушіден қабылдаушыға дейін түсіріп қайта тиемей, бірден баратын жеріне жеткізіп бере алатындығы және көліктің теміржол, су жолы түрлеріне қарағанда жүкті, айтарлықтай жылдамдықпен тасымалдау мүмкіндігі.

Слайд 593 кесте - Логистикалық тасымалдау тізбегіндегі қосалқы жүйелер ықшамдылығына әсер берер

көрсеткіштер

Слайд 604 кесте - Алдыңғы кестенің жалғасы


Слайд 61Тақырыбы 10: «Теміржол үлгілерін өңдеудің модульді принципі»

Дәрістің жоспары:
1. Пәннің тоқталымы;
2. Тасымалдау

процессінің ұйымдастырылу жүйесі;
3. Жүк тасымалының жүйеастысы;
4. Жүйе қалпының модульді құрылымы.

Слайд 62 Тасымалдау барысының технологися ұғымына адамдардың алда болатын операциялар сатылары арқылы нақтыланған

тасымалдау процессін құру болып табылады, Технология шешімі – тасымалдау барысында жүк тасымалдағанда ұзақтылықтығын қысқартып және жүктің сыйымдылығын арттырады. Жүйелер теориясы былай айтылады. Барлық жүйелер жүйеастыдан тұрады. Яғни, әр бір жүйе жүйе аумақтарының, қасиеттерінің және байланыстарының терминімен анықталады. Жүйеастының иерархиясы және сандары жалпылай алғанда жүйенің ішкі қиыншылықтарна байланысты болады.

Слайд 63
Қазақстан экономикасының сұйық заттарды бағыттау бағытында темір жол көлігі кілтті орында

тұр. Теміржол көлігі тек қана экономикалық саларға байланысты жұмыстарды ғана атқара қоймай аумақтық жинақ жұмыстарында қамтамасыз ететін республиканың халық шаруашылығы жинақтарының (агроөндірісте, жанғыш-энергетикада, таулы-металлургиялы, құрылыстық және басқа) құрылу санымен дамыған еді. Берілгендер негізінде 2000 жылы Қазақстан республикасының агенттігі негізінде барлық көліктің жүк айналымы 63% жеткен еді.
Осы 60% жоғарғы көлемі тасымалдау құны арзан болып келетін шашылмалы (көмір, руда) және құйылмалы (мұнай) жүктердің тасымалдарын сай келеді. Сәйкесінше, көрсетілген жүктерді тасымалдайтын вагондарының бағы да осыған ұқсас құрылымдарда болады.
01.06.02 жылғы жағдай бойынша вагон шаруашылығының бірлігінде 1 530,2 млн. Тенгеден тұратын өндірістік-техникалық база құрылымдары тұрады. Сондай-ақ шаруашылық жылжымайтын және өндірістік үжымдарға жалға берілетін жағдаймен байланысты ең негізгі жұмыстарды орындайтын құрылымдар да қоса саналады.

Слайд 64
Жүк алушыға тез арада жүгін жеткізу жолда жүк салмағын азайтуға мүмкіндік

береді, материалды ресурстардың қажеттілігін азайтып және тасымалдау барысында жүктік жоғалуын азайтады. Бірақ, жүк алушыға жүктің тез жетуі ылғи да зор мәнде болмайды.
Темір жолда жеткізу мерзімі саналу жағдайы жүкті жүк тасымалдауға қабылдаған күннің 24 сағатына бастап санаққа алынады. Жеткізу мерзімі мына формуламен анықталады.
Тдост = tн.к.о +L/Vдост + tдоп ,

мұнда tн.к.о — 1 тәулікке тең болатын бастапқы-соңғы операциялар уақыты;
L— тасымалдау қашықтығы,км;
Vдост — жеткізу жылдамдығы;
tдоп— жеткізу барысында қосымша операцияларды орындауға кететін уақыт.
Жеткізу жылдамдығы екі түрде болады: жүктік және үлкен. Ол сондай-ақ, жіберудің түрлеріне де байланысты болады (вагонды, ұсақ, контейнерлі, маршрутты) және жүк түріне байланысты болады (тез бұзылатын және жай) Мысалы, вагонды жіберулерге жүктік жылдамдық Vдост == 330 км/сут.; ұсақ және контейнерлі жіберулерге Vдост =180 км/сут.; тез бұзылатын жүктер үшін Vдост = 550 - 600 км/суток.


Слайд 65 Ұсақ жіберулерді жинақтау үшін қосымша 2 тәулік, контейнерлі жіберулерге На формирование

мелких отправок дается дополнительно 2суток, на контейнерные отправки — 1 сутки при расстоянии до 1 мың шақырым қашықтықта 1 тәулік, 1 мың шақырымнан көп қашықтықта 2 тәулік береді. На Дұрыстауға немесе қайта тиеуге норматив бойынша немесе фактті шығындар уақыты алынады.
Жеткізу станциясында темір жол көмегімен жүкті түсіру операциясы орындалса немесе жүк алушы жүкті уақытында түсіріп алса онда жеткізу мерзімі толықтай орындалған болып саналады. Жол ведомостінде көрсетілген нормаланған нақты берілген уақытқа сәйкестеп жол бойында бақыланады. Бір жолдан екінші жолға ауысу пункттерінде жүктің жүріп өткен күні белгіленген күнтізбелік штемпельдері қойылады. Осы күндерге қарап жүктің жеткізу мерзімі анықталады.
Өзендік көлікте жүкті жеткізу мерзімі оңай өзен бойымен жоғарыға немесе төменге жүзу есебімен саналады.
Теңіздік көлікте жүкті жеткізу мерзімі тек қана ішкі сызымдарға ғана анықталады.
Экспортты-импортты тасымалдар үшін жеткізу мерзімі келісім шартпен анықталады. Жүктің жеткізу мерзімін тәжірибелік мақсаттар үшін коммерциялық жылдамжық ұғымымен анықталады.

Слайд 66ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!


Слайд 67 СӨЖ арналған бақылау жұмыстарының тақырыптары

1 Морфологиялық әдіспен жеткізіп беру жүйесінің синтезі
2

Айлақ жұмысының имитациялық үлгісі
3 Кемелер жұмысының құн өлшемдері
4 Уақыт факторы бойынша жеткізу үрдісін логистилендіру
5 Кемеге тиеу жұмысының шығынын талдау
6 Жүкті кеденде өңдеу-үздіксіз үрдіс
7 Кедендік істі логистикалық ұйымдастыру
8 Аймақтағы кедендік қайта өңдеу бойынша толассыс істі талдау
9 Аймақта кедендік жүкті қайта өңдеу қозғалысын басқару
10 Кедендік логистикалық жүйенің құрылуы
11 Кедендік логистикалық жүені ақпаратпен қамтамасыз ету
12 Жүк жеткізу жүйесін жобалау үрдісін суреттеп жазу
13 Тұтынушы ұсынған талапқа сай жүк жеткізу жүйесіне талдау жасау
14 Көптеген тақ теорияларды қолдану арқылы жеткізіп беру сапасы бағасының параметрлерін көрсету
15 Тұтынушының күтуіне қарай параметр түрлеріне сәйкес бағасы
16 Жүк жеткізу жүйесін таңдау міндетен көпқырлы жүзеге асыру
17 Жүк жеткізу жүйесі синтезінін үлгілі принципі
18 Жүк жеткізу интегралдау жүйесінін синтездеу әдістемесі
19 Жүк жеткізу таңдауын қантамасыз етудің ақпараттық жүйесі
20 Жолаушы тасымалы технологиясына логистикалық тұрғыдан келу
21 Жолаушы көлігінің қала инфрақұрылымының элементі ретінде есептелуі
22 Қалалық жолаушы көлігінін әлеуметтік және логистикалық жүйесінін бірлескен әрекеті
23 Қалада көлік транспорты жұмысынын логистикалық технологиясы
24 Қалалық жолаушы көлігінің ақпараттық базасы
25 Қалалық жолаушы тасымалы қызметін үлгілі ету
26 Қалалық жолаушылары көлігін басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
27 Жолаушы тасымалы жүйесінін логистикалық сенімділігі
28 Халықаралық көлік қатынасын құру әдістемесі
29 Жеткізіп берудің негізделген жағдайы
30 Тасымал қызметін реттеудің формасы мен әдісі

Слайд 68Негізгі әдебиеттер тізім

1 Смехов А.А. Логистикаға кірсіпе. М.: Транспорт, 1993
2 Смехов

А.А. К. Көлік логистикасының негіздері М: «Транспорт»,1995
3 Смехов А.А. Логистика. М.: Знание, 1990
4 Миротин Л.Б. Көлік логистикасы. М:«Экзамен», Москва, 2003
5 Под редакцией Миротина Л.Б. и Сергеева В.И. Логистика негіздері: Учеб. пос. – М.: ИНФРА-М, 1999
6 Под редакцией Б.А. Аникина. Практикум по логистике: Учеб.пос. М.: ИНФРА-М, 1999
7 Под ред. проф. Б.А. Аникина Логистика: Учеб. для ВУЗов /. М.: ИНФРА-М, 2000
8 Гаджинский А.М. Логистика. Учеб. для студентов высших и средних специальных учебных заведений. М.: ИВЦ «Маркетинг», 2000
9 Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э. Логистика: анықтамалық және оқу әдістемелік құрал. Логистика бойынша үйлестіру кеңесі. Мәскеу көлік институты. М.: КСЛ, 2001
10 Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э., Порошима О.Г. Тиімді логистика. М.: Экзамен. 2002
11 Неруш Ю.М. Логистика. Учебник для ВУЗов.- 2-е изд. Перераб. И доп. – М.: ЮНИТИ.- ДАНА, 2000
12 Захаров К.В. и др. Логистика, эффективность и риски внешнеэкономических операций – К.: ИНЕКС, 2000
13 Гаджинский А.М. Логистика. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық М.: ИВЦ «Маркетинг», 2000
14 Неруш Ю.М. Логистика, М.: Проспект, 2006
15 Акулиничев В.М. Математические методы в эксплуатации железных дорог, М.: «Транспорт», 1981

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика