Слайд 1«Астана Медицина Университеті»АҚ
Тақырыбы: Әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау орталықтарында жас ата-аналар
мектебінің жұмысына қатысып есеп жазу
Қабылдаған :Саимова С.Р
Орындаған: Асан Т.Ш
Астана 2016 жыл
СӨЖ
Слайд 2Отбасын жоспарлау орталығы 1977 жылы Ана мен бала денсаулығын сақтаудың Бүкіл
Одақтық ғылыми зерттеу институты неке және отбасы мәселесі бойынша кеңес беру үшін құрылған. Жылдан жылға орталық дамып, еліміздің қиын кезеңдерінде де өз жұмысын тоқтатпады
Слайд 3Репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлаудың өңірлік орталығы емханаларынан келген науқастармен
жұмыс жасайды.
Жүктілікті жоспарлағанда ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау және тұрмыстық-қаржылық проблемаларға ұрынбаған жандар болуы тиіс. Ерлі-зайыптылар алдын ала қанша бала болу керектігін және сәбилерінің аралары қаншалықты ұзақ болу керектігін жоспарлап алуы шарт. Себебі әйелдердің ағзасы 2-3 жылдан соң ғана қалпына келеді.
Слайд 4Отбасын жоспарлау орталығы диагностикалау және репродуктивтік қызметі бұзылған ерлі-зайыптыларды емдеу, жүктілікке
дайындау, бедеуліктің себебін анықтау, жүктілік бойынша кеңес беру, баласы тұрмай жүрген әйелдерді зерттеп қарау және емдеу, отбасын жоспарлау бойынша кеңес беру, бедеуліктің алдын алу тәсілдерімен таныстыру, жасөспірімдермен жұмыс жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жыныстық қатынас туралы түсінік, репродукцияны бұзатын аурулардың алдын алу, босанғаннан кейін және гинекологиялық оталардан кейін оңалту, урандология (ерлердің репродукциясының бұзылуына қатысты ауруларын анықтау және емдеу) климактериялық кезеңдегі патологияларды анықтау.
Слайд 5Биыл Астана қаласы бойынша 43 квота берілді. Әлі 300-ге жуық отбасы
кезекте тұр. Қазақстанда бедеулік жиілігі – шамамен 15 пайыз. Егер жыл сайын 1миллион 600 мыңға жуық неке тіркелсе, оның 200000-ға жуығы бедеулікпен күресіп жүр. Олардың 30-35 пайызына ЭҚҰ қажет.
Ерлі-зайыптылар өздерінің мекен-жайы бойынша емханалардан жолдама алып, тегін қарала алады. Басты шарт – Астана қаласының тұрғыны болу. Бүгінгі күні әйелдер отбасын жоспарлау орталықтарына жүгінеді. Туысынан, таныстарынан, әріптестерінен, көршісінен естіп келетіндері де бар.
Жеке бастың гигиенасын сақтау керек. Қыз бала таза, жылы жүруі керек; ашық-шашық, тырысқан, жабысқан киімдерді кимеуі тиіс; ішімдік, темекі, нашадан аулақ жүруі шарт; дәрумендер ішіп, иммунитетті көтеру керек.
Қазіргі кезде қоршаған ортаның өзі улы. Жеміс-жидектердің құнарлығы жоқ. Қоспалары көп.
Слайд 6Дәрігерлер өз тәжірибесінде бедеулікті емдеу үшін овуляция индукциясы, жатыр ішілік ұрықтандыру
сияқты тәсілдерді нәтижелі қолданып келеді. Бедеуліктің түтік перитонеалдық формасы кезінде өңірлік антибиотикотерафия, гирудотерапия қолданылады. Білікті уроандролог варикоцел және гидроцел кезінде, ерлер бедеу-лігі кезінде шұғыл емдеу шараларын жүргізеді. Бар ынта-ықыласымен емделуінің нәтижесінде ерлі-зайыптылар балалы болу бақытына ие болады.
Әйелдер бедеулігінің себептері көп.
Слайд 7Соның ішінде жатыр және жатыр түтігінің пайда болған немесе туа біткен
патологиясы, кіші жамбастың жабысқан түрі, эндометриоз, етеккір циклінің және овуляцияның бұзылуы (фолликул жетілуінің болмауы) сексуалдық бұзылыстар, гиперпролактинемия, орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Көбінде бедеулік ерлердің бедеулік факторымен байланысты болады (сперматогенездің бұзылуы).
– Бедеуліктің алдын алу балалық және жасөспірім жастан басталуы тиіс: диета сақтап, дұрыс тамақтану, инфекция көзін жою, эндокриндік ауруларды уақытында емдеу, жасөспірім кезде ағзаны нығайту, жыл сайын тексеруден өту. Бұл қыздар үшін де, ұлдар үшін де аса қажет. Ерте жастан қалыпсыз жыныстық байланыстан бас тарту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан сақтану, аборттардың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Бұның бірін сіздер бір емес бірнеше рет естіген боларсыздар, егер осының бәрін дұрыс сақтасаңыздар, көптеген проблемалардан аулақ болар едіңіздер. Қыз баланың ең бірінші миссиясы – өмірге бала әкелу. Әйел пешенесіне Алла қаншама бейнетті берсе де, ана болу бақытымен ол бәрін жеңіп кетеді.
Слайд 8Ана болуды сезінуден асқан бақыт жоқ та шығар. Тар құрсағын кеңітіп,
тас емшегін жібітіп, алпыс екі тамырын идіріп, ет жүрегін елжіретіп, қаны мен жанынан пайда болған баланы емірене сүйген ана үшін жер бетінде одан асқан байлық болмайтын сияқты.Өкінішке қарай, бүгінгі күні ана болу бақытын сезіне алмай жүрген қаншама қыз-келіншектеріміз бар. Бедеулікке шалдыққан ер азаматтарымыз да көбейіп бара жатыр. Мәселен, Астана қаласындағы Отбасын жоспарлау және репродукция бөлімшесінде 1197 әйел, 940 ер адам тіркеуде тұр. Оның ішінде қолдан ұрықтандыруды қажет етіп тұрған 250-ге жуық әйел бар. Өмірлік серігін тауып, басы қосылса да қаншама жыл бойына бала бітпей, жүйкелері сыр берген келіншектермен жұмыс жасау да оңай емес.