Слайд 1ҚР-ның президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыбы
Орындаған:
Қабылдаған
Факультет:
Курс
Топ:
Субклинический гипотиреоз
Слайд 2Жоспар
І.Кіріспе
Президент жолдауы деген
не?
Ол не үшін керек?
ІІ. Негізгі бөлім
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2002ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2004ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2005ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2006ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2007ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2010ж.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы,2012ж.
Президент жолдауын ел қолдайды.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалынылған әдебиеттер
Слайд 3Жалпы Қазақ елі тәуелсіз алғалы бері даму үстінде. Ал елдің дамуы
үшін елге дұрыс саяси бағыт қажет. Ол дұрыс бағытты жасайтын да оны жүзеге асыратын да тек сол елдің басшысы ғана екені даусыз. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ол бағытты өзінің жолдауымен жүргізіп отыр.
Слайд 4Енді бұл жолдау не үшін керек екеніне тоқталсақ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өз елінің тұрақтылығы мен даму жолында өз жолдауын бекітті. Бұл жолдаудың ел болашағына тигізер пайдасы өте орасан. Президенттің әр жолдауы түрлі салаға бағытталған. Яғни ешқандай сала немқұрайлы қаралмаған десек те болады. Бұл жолдауда президент: Денсаулық сақтау саласына, ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке, ғылым саласына, білім беру саласына, фармакологияға, жеке бизнеске т.б көп көңіл бөлген.
Слайд 5Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2002 ж.
Ауылға айрықша назар аударылады Iшкi және
сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы
Слайд 6Мен Үкiмет пен әкiмдерге 2003–2005 жылдардың iшiнде жыл сайын ауылда бiлiм
берудi, денсаулық сақтауды қаржыландыру әрi ауыз суға арналған әрi облысаралық және ауданаралық ауылдық автомобиль жолдарын салу мен жаңалауға арналған қаражат көлемiн 10 млрд. теңгеге ұлғайтуды тапсырамын.
Слайд 7Елбасының Қазақстан халқына
Жолдауы, 2004 ж.
Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
Бәсекеге қабiлеттi экономика
үшiн,
Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн
Слайд 8Келесi жылдан бастап шешуге кiрiсу қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер ретiнде мыналарды
айқындар едiм.
Бiрiншi. Негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру, жатын-орындарға иек артудан арылу керек.
Екiншi. Денсаулық сақтау iсiнiң халықаралық стандарттарына, емдеу мен медициналық қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары мен қазiргi заманғы әдiстерiне жүйелi түрде көшудi бастау керек.
Үшiншi. Ана мен баланың денсаулығын бекемдеу. Үкiметке Астанада Ана мен баланың республикалық орталығының құрылысын қамтамасыз етудi тапсырамын, ол халықаралық стандарттарға сай әрi денсаулық сақтау жүйесiнде жаңа сапа эталоны болуға тиiс. Барлық аймақтар осы стандарттарды ұстанып, ана мен балаға байыпты көңiл бөлiнуi керек.
Төртiншi. Тәуелсiз медициналық сараптама жүйесiн құру қажет, ол уәкiлеттi органның тәуелсiз сарапшыларын тарта отырып бақылау тексерулерiн жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
Слайд 9
Бесiншi. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесiнiң, ресурстарды басқару және саланы
қаржыландыру менеджерлерiн даярлауды бастау қажет.
Дәрiгерлер мен медициналық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде де маңызды өзгерiстер қажет.
Алтыншы. өкпе ауруының, сусамырдың (диабет), демiкпенiң, жүрек-қантамырлары және басқа да әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға, оларды анықтауға және емдеуге баса назар аудару керек.
Жетiншi. Үкiмет пен әкiмдер жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелердiң құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрғандарына күрделi жөндеу жүргiзуге тиiс.
2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау объектiсi салынуы және 450-i жөнделуi керек. Бұл ретте өкпе ауруын емдеудегi және әйел босандыруға деген күллi мұқтаждықтар толығымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Аталған және басқа да проблемаларды кешендi шешу мақсатында Үкiметке бiр ай мерзiмде Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.
Слайд 10
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер
талап етiледi. Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет.
Мемлекет кепiлдiк берiлген, адам үшiн тегiн, шектi стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етiлуге тиiс.
Осыдан тыс нәрсенiң барлығы адамның өз еңбекақысының немесе ерiктi медициналық сақтандырудың есебiнен қамтамасыз етiлуi қажет.
Адам дамуының басым мiндеттерiн шешудiң маңызы аса зор.
Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттерi тек қана бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиiс.
2005 жылы ауылдық жерде бiлiм беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға мемлекеттiк бюджетте 15 миллиард теңге, ал облыс орталығы мен қалалардағы ерекше маңызды объектiлер үшiн 5 миллиард теңге қарастыру қажет.
Слайд 11Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2005 ж.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ
ЖАҢАРУ
ЖОЛЫНДА
Слайд 12Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің
- балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.
2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы төленіп келеді.
Жоғарыда айтылған сөздердің бүгінгі күні әрбір отбасы үшін, әрбір қазақстандық үшін мәнісі неде?
1. Үстіміздегі жылдан бастап, біз жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен , ал жүкті әйелдерді – құрамында темір мен иоды бар препараттармен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ететін боламыз.
2. 2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшуіміз керек.
Слайд 133. 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына
ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге тиіс.
4. Біз нәрестенің тууына байланысты бір жолғы жәрдемақыларды қазір де төлеп келеміз. Енді соларға қосымша бұрын жоспарланғандай 2007 жылдан емес, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап, бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік жәрдемақылар енгізу қажет деп санаймын.
Слайд 14Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2006 ж.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы
Слайд 152005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік
бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді.
Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет.
Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмектегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс.
2007 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әзірленсін.
Слайд 16Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 ж.
ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН
Слайд 17Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті өмірлік қағидаттарды іске
асыру үшін қазақстандықтарға:
- отбасын қамсыздандыру;
- тұрғын үй иелену;
- денсаулықты нығайту;
- зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестіру мен бақылау, медициналық қызметтің нәтижелілігі мен сапасын арттыруға жету керек деп санаймын.Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚ/ЖҚТБ дертіне шалдығудың алдын алу, тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керек.
Бастапқы медициналық даярлық барлық мектептер мен университеттер оқу жоспарының міндетті бөлігіне айналуға тиіс. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек.
Слайд 18Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде
100 аурухана салынатын болады.
Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндет.
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін оқыту, аттестациялау мен даярлаудың халықаралық стандарттарына жедел қарқынмен көшу қажет.
Біз осымен бір мезгілде халықтың қалың топтарының қолы жететін жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесін жасақтауға кірісуге тиіспіз. Бұл үшін:
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі, бірінші кезекте, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде осы заманғы және жоғары технологиялық сырқаттың алдын алу мен анықтау қызметін жетілдіру, науқастарға медициналық консультациялар беру, әлеуметтік сипаты бар сырқаттарды емдеу мен сауықтыру жүйесін әзірлеуге тиіс. Сондай-ақ дертті ерте анықтау мен одан сақтандыру жөніндегі жоғары технологиялы орталықтардың құрылуын көтермелеп отыру қажет.
Екіншіден, мемлекет денсаулық сақтау органдарына жоғары сапалы ақпараттық технологиялар жүйесін дамытуға жәрдемдесуі керек.
Үш жылдың ішінде 100 мектеп пен 100 аурухана еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған өңірлерінде салуды тапсырамын. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне көтеруге тиіспіз
Слайд 19ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ
Мен бүгін Үкіметке халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі
жұмысты жалғастыра беруді тапсырамын. Бұл үшін:
Біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттырылсын.
Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:
тұңғыш бала туғанда – 5790 теңгеге дейін, немесе 177%-ға;
екінші бала туғанда – 6369 теңгеге дейін, немесе 167%-ға;
үшінші бала туғанда – 6948 теңгеге дейін, немесе 159%-ға;
төртінші және одан көп бала туғанда – 7527 теңгеге дейін, немесе 153%-ға көбейтілсін.
Балалы отбасыларын қолдауға қажетті қосымша қаражат 9,5 миллиард теңгені құрайды.
Бұдан бұрын қабылданған шаралар еліміз халқының тұрақты өсуіне қол жеткізуге жағдай жасады. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала туса, 2006 жылы 290 мың бала туған. 2005 жылы ғана халықтың табиғи өсімі туу есебінен 121 мың адамды құрады.
Аталған шараларды енгізу бұдан да оң демографиялық өзгерістерге жеткізетініне сенімдімін.
Екіншіден, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілсін.
Слайд 20ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2010ж 29 қаңтар
Слайд 21 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды
шебі
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
Денсаулық сақтау
Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұрылымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.
30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.
Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құрғақ сандардың артында біздің азаматтарымыздың аман алып қалынған мыңдаған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақсат. Біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз керек!
Слайд 22Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Слайд 233. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
1.
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері
1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт
1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау
1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу
1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту
2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық
3. Баланы қорғау
4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі
4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар
4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері
4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту
4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы
4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту
Слайд 24Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік.
Соңғы бес жылда
ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті.
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды.
Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды.
Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.
Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.
Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті.
Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды.
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Негізгі басымдықтар:
Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.
Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.
Слайд 25 Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік
жұмыс жүргізуге баса ден қою.
«Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.
Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.
Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.
Слайд 26Қортынды
Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы
бар табысты мемлекетпіз.
Қорыта айтқанда, осы тектес жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Өйткені, бұл жолдау ел ертеңі үшін жасалған деп толық айта аламыз!
Слайд 27Пайдаланылған әдебиеттер
http://www.vvmvd.kz/rus/prk/Pages/1998.aspx
http://www.vvmvd.kz/rus/prk/Pages/1999.aspx
http://www.vvmvd.kz/rus/prk/Pages/2000.aspx
http://www.akorda.kz/kz/page/page_kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2012-zhylhy-14-zheltoks_1357813742
http://www.kyzylordasud.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=514%3A-----2012--27---&catid=60%3A2012-02-29-06-17-16&lang=ru
http://knb.kz/page.php?lang=3&page_id=190&article_id=4743
http://www.krgoblfin.kz/index.php?kaz=content&id=176