Слайд 1Уланулар.Интенсивті терапиясы.
Қабылдаған: Дүйсебекұлы Қ
Орындаған: Арипбаев Ш
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Улану клиникасы
Негізгі бөлім
Алкагольды улану
Көмір тотығы улану
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Слайд 3Уланудың клиникасы.
Терең уыттануда (интоксикацияда) қарашықтар кеңейедi, жарыққа реакция мен қарашықтық рефлекстер
жоғалады. Терең тыныс алу, жиi тамыр соғысы, ауыр уыттануда қан қысымынығ күрт төмендеуi байқалады.
Слайд 4 Қазақстан Республикасы бойынша жедел уланулардан болатын өлімнің негізгі себептері:
алкоголь - (62,2%);
көміртек тотығы (15,4%);
сірке суы - (6,3%);
медикаменттер - (4%);
Слайд 5Алкогольден улану
Алкогольден улану – бұл алкогольдің әсерінен пайда болған психологиялық, неврологиялық және
физиологиялық бұзылулар кешені. Мұндайда адамның субъективті сезгіштігі алкогольдің әрекеттік дәрежесін үнемі көрсете бермейді, және де егер сіз құспасаңыз және басыңыз айналмаса, онда бұл алкогольден уланбағаныңызды білдірмейді. деңгейде байқалады. Бұл құсу, шатысу немесе естен айрылу, қан қысымының және ми қан айналымының бұзылуы.
Слайд 6Алкоголді заттармен улану
Алкоголді заттарға гидролизді және сульфитті спирттерді, денатураттарды, одеколондар
мен лосьондарды, политураларды, желімдерді жатқызады.
Олардың құрамында этил спирті жәнеде т.б. токсикалық заттар: метил спирті,альдегидтер, эфир майы, ацетон, фенолформальдегидті шайыр, бутил және амил спиртері кіреді.
Слайд 8ЕМДЕУ
Алкогольден улануды емдеуді уланудың бастапқы белгілері: бас ауру, асқазандағы жағымсыздық, дизурия
(кіші дәретке жиі отыру немесе тым жиі отыру), кенеттен терге малшыну білінген кезден емдеу керек.
Жаңадан шыққан Фильтрум® энтеросорбентін қабылдау қан құрамында алкоголь метаболизмін жұтылуын төмендетеді, сол арқылы өмірлік маңызды органдардың қабатына енуіне кедергі жасайды.
Фильтрумның® әсер етуші – лигнині – ағашты арнайы өңдеу арқылы алынады. Лигниннің уыттарды жұту қабілеті оның жоғары сіңіру аумағына қатысты,бұл қазіргі уақытта ең жоғарғы көрсеткіш саналады.
Препаратты шығару нысаны – таблеткалар – жолда немесе басқа да жағдайда алкогольден уланудан емдеуде қолдануға өте ыңғалы.
Слайд 9Гашиш (анаша, марихуана)
Тартқаннан немесе ішке қабылдағаннан сөйлеу мен қимылдың қозуы
пайда болады, кейде галлюцинациялар көрінеді.Өзін көңілді сезінгендей қозу ұйқыға ауысады.Токсикалық мөлшерде қабылдағанда ауызы мен жұтқыншағында құрғау, жүрек айну, құсу, диарея байқалады.
Емі. Ингаляциялы жолмен уланғанда науқасты уланған аймақтан алып шығып, оттегімен ингаляцияны қамтамасыз ету керек; бензин ішке түскен болатын болса энтеросорбент енгізіп асқазанды жуу көрсетілген.Аспирациялық зақымдалуларда бронхолитиктермен ингаляция, оксигенотерапия тағайындалады;ауырсыну кезінде 1 процентті 1 мл мөлшерде тримеперидин қажет.Тыныс алу бұзылысымен бірге жүретін комаларда ЖӨЖ көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады.
Слайд 10Морфин және морфин тәрізді қосындылар (опия, омнопон, героин, кодеин, және т.б.)
Комаға дейін есін жоғалту ,қарашығының тез арада тарылуы, бұлшықеттерінің гипертонусы, апноэға дейін тынысының тежелуі, брадикардия, коллапс тән.
Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Тынысын бақылап ӨЖЖ дейін күресу қажет. Өзіндік тыныс алу сақталып, гипоксия белгілері болмаса к/т 0,8 мг налоксан антоганистін тағайындайды және оған оң реакция болатын болса 0,8 мг б/е енгізеді. Брадикардия кезінде атропин 1 мг к/т көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады
Слайд 12Шұғыл көмек
Ауыз қуысын шаю, жұтқыншақ қуысынан кiлегейдi сорып алу, асқазанды жуан
түтiк көмегiмен жуу.
Бұзылған тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 0,1% 1 мл атропин ерiтiндiсiн, 2 мл кордаминдi, 2 мл кофеиндi терi астына енгiзу. Вена iшiне 40% 40 мл глюкозаны 15 Бiрлiк инсулинмен және 2 мл В6 мен 5 мл В1 витаминдерiн бұлшық етке салу.
Тiлдiң кейiн құлауының және асфиксияның алдын алу үшiн алкогольдiк комада жатқан науқастың тiлiне тiлұстағыш қояды.
Слайд 13Медикаменттермен улану
Медикаменттермен улану – сырттан енген улы заттек пен организмнің əрекеттесуінен туындайтын
патологиялық жағдай.
Слайд 14Ацетилсалицил қышқылынан улану
Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу,
тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық.
Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды.
Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді:
1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады.
2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін – сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.
Слайд 15β-адреноблокаторлардан улану (адренобөгеуіштерден
Клиникалық көріністері: препаратты уытты мөлшерде қабылдағаннан кейін жүрек соғуының жиілігі жəне
ырғағы бұзылады (брадикардиялық тип) кейде жаппай бөгеліс дамиды, миокард əлсіздігі, сонымен қатар дозасына жəне организмнің бастапқы жағдайына байланысты артериялық қысым түсіп кетеді (немесе көтеріліп кетеді), кардиогендік шок немесе өкпе ісінуі дамиды. Бронхоспазм пайда болады, соның салдарынан диспноэ (тыныс алу бұзылуы), цианоз (көгеріп кету) білінеді, ацидоз, гипогликемия дамиды. Шаршағандық, бас ауыру, жүрек айну, іш өту, аузы құрғап кету
Жеңіл дəрежелі улану: науқастың есі түзу. Кейде жүрек айниды, құсу сирек кездеседі, аздаған брадикардия (жүрек соғуы минутына 50-55 рет), артериялық қысым қалыпты деңгейде болады. ЭКГ-дан синустық брадикардия бары, кей жағдайда 1-ші дəрежелі АВ-блокада (РQ 0,22-0,26 сек.) байқалады.
Слайд 16Парацетамолдан улану
Науқастың шағымдары: іші ауыру, жүрек айну, құсу, тəбет жоқтығы, əлсіздік, ұйқысы
келе беру.
Клиникалық əйгіленістері: парацетамолдан уланудың клиникалық ағымын 2 сатыға бөлуге болады:
I-сатысында бейспецификалы (телімсіз) симптомдар парацетамолды қабылдағаннан кейін 14 сағат ішінде білініп əрі қарай бірнеше тəулік бойы сақталуы мүмкін. Көп жағдайда асқазан-ішек бұзылыстары басым болып білінеді. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) функциясы айтарлықтай əлсіремейді. Бауыр зардапталу белгілері жоқ, аминотрансферазалардың деңгейі қалыпты шамада болады.
II-сатысында олардың деңгейі жоғарылайды, сонымен қатар билирубин деңгейі жоғарылауы, протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін. Егер 2 тəуліктен кейін бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалса, көп жағдайда, бауырдың айтарлықтай зардапталмағандығын білдіреді.
Слайд 17Медикаменттермен уланғандағы негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Активацияланған көмір 250 мг, табл.
2. *Макрогол
4000, ішкізуге арналған ерітінділік ұнтақ 74 г пакетте
3. *Натрий гидрокарбонат 10 г ұнтақ, пакетте
4. *Натрий ацетат, натрий хлорид 0.9% инфузияға арналған ертінділік ұнтақ 400 мл
5. *Декстроза, венаға құюға арналған 5% ерітінді 400 мл, флаконда
6. *Калий хлорид 4%, 7,5%, инфузияға арналған ерітінділік ұнтақ
7. *Магний сульфат 25% 20 мл, ампулада
8. *Пиридоксин 1 мл, ампулада
9. *Адеметионин 400 мг, табл.; инъекцияға арналған ерітінділік ұнтақ 400 мг
10. *Пирацетам 20% 5 мл, ампулада
11. *Натрия тиосульфат 10 мл, ампулада
12. *Диазепам 10 мг, ампулада
13. *Фуросемид 20 мг 2 мл, ампулада
Слайд 20Медикаменттермен улану алғашқы көмек
Науқас есінде болса оның басын биігiрек етіп жатқызып,
түймелерін ағытады, қолдан келсе асқазанды жуып тазарту шараларын атқарған жөн. Ол үшін бірнеше стакан жылы суды немесе стаканға екі ас қасық ас содасын салып ішкізеді, одан соң құстыру әрекеттерін жасайды. Мұндай шараны бірнеше рет қайталайды. Одан соң қою шәй немесе кофе ішкен жөн.
Асқазандағы уды кетіру мақсатында іш өткізетін препараттарды аздап қолдануға болады.
“Жедел жәрдем” келгенше науқас адамды етпетінен жатқызып басын бүйірге бұрады. Бұл құсықтың кері жұтылмауына жағдай жасайды. Ауыз қуысындағы құсықты немесе сілекейді таза дәке немесе мата оралған қасық арқылы тазартады. Науқастың есін жидыруға мүсәтір спиртін иіскету көмектеседі. Дәрімен уланған адамды көзден таса етпей, дәрігер келгенше жанында болған дұрыс.
Слайд 21Уланулар кезіндегі негізгі синдромдар:
Жүйке жүйесінің зақымдану синдромы
Тыныс алудың зақымдану синдромы
Жүрек-қан тамыр
жүйесігің зақымдану синдромы
Аллергиялық синдром
Жедел гастроэнтерит
Терінің зақымдану, көздің тітіркену синдромы
Слайд 22Терең дәрежедегі комада (арефлексия, тұрақты мидриаз, олигопноэ немесе аритмиялық
тыныс алу, артериальді гипотония):
Кеңірдекті интубациялау және өкпенің жасанды желдетуін жүргізу);
Тыныс аналептиктерін егуге болмайды
Мүмкіндігінше асқазанды ерте жуу, бірақ кеңірдектің интубациясынан кейін;
Слайд 23Артериальді гипотонияда көк тамырға 400-500 мл. полиглюкин ерітіндісіне аскорбин қышқылының 5%
ерітіндісінің 10-15 мл. қосып енгізу;
Систола қан қысымының < 60 мм сын. бағ. - 30-60 мг преднизолонды көк тамыр ішіне енгізу;
Слайд 24Оттегі ингаляциясы, тыныс алу өте нашар болғанда өкпені жасанды желдету;
Жүрек ырғағы
мен өткізгіштігінің бұзылу түріне байланысты антиаритмияға қарсы дәрілерді қолдану: мысалы, нормо- және тахикардияда, гипотензиясы болмаса көк тамырға жайлап анаприлин (обзидан) немесе прозерин 0,02 мг/кг., қарыншалық аритмияда-лидокаин немесе фенитоин егу;
Слайд 25Егер улы зат үлкен дозада қолданылса және холинолитикалық кері әсерлері болса
эзеринді (физостигмин салицилат) 1-3 мг немесе галантаминді 10-30 мг. көк тамырға, жүрек соғысын минутына 60-70 ұстап түру үшін 2-4 мин аралығында енгізу керек. Бұл кезде науқастың қан қысымын, пульсін, ЭКГ бақылап тұру керек.
Слайд 26Наркотикалық заттармен улану
Наркотиктер- адамның нерв-психикалық процестерін өзгеріске алып келетін, психикалық бұзылыстар
тудыратын заттар (өсімдік, жартылай синтетикалық, синтетикалық). Наркотиктерді жиі қолдану наркоманияға алып келеді.
Слайд 27Наркотикалы анальгетиктерге тән:
Күшті ауруды басатын әсері;
Эйфорияның пайда болуы, жиі қолданғанда психикалық
және физикалық тәуелділікке алып келеді (наркомания);
Өр қолданған эйфория әсерін алу үшін дозасын көбейтіп отыру керек;
Қолданбай қойса, абстинентті синдром дамиды.
Наркотикалық анальгетиктер табиғи (морфин және кодеин - мак құрамына кіреді); жартылай синтетикалық (этюшорфин, пентазоцин); синтетикалық (промедол, фенталин, налбуфин, тоамад) болып ажыратылады.
Слайд 28Наркотикалық анальгетиктермен улану
Ішке қолданған морфиннің өлімге алып келетін дозасы 0,2-0,4 г.
(20-30 мин. кейін), парентеральді 0,1-0,2 г. (тері астына-10-15 мин. кейін, көк тамыр ішіне –
(жылдам).
Слайд 29Адам өміріне қауіпті жетекші синдромдар:
Токсикалық кома
Тырысу синдромы
Жедел тыныс алу жетіспеушілігі
Коллапс немесе
өкпенің жедел ісінуі
Слайд 30Этил спирті (алкоголь) және оның туындыларымен
улану кезіндегі шұғыл көмек:
Тазарғанша асқазанды
жуу;
сұйықтықты көп беру;
тыныс алудың бұзылуы кезінде өкпені жасанды желдету;
Слайд 31Тыныс алу аналептиктерін қолдануға болмайды.
Симптоматикалық терапия;
Кома жағдайындағы науқасқа 0,01 мг/кг налоксонды
глюкозаның 10 мл 40% ерітіндісімен бірге көк тамырға егу, кейін тиамин бромидінің 6%- 1 мл. егу;
Детоксикацияны күшейту мақсатында көк тамырға 10 мл эссенциале фортені тәулігіне 2-4 рет енгізу;
Слайд 32Қөмірқышқыл газымен улану
Көмірқышқыл газымен улану тұрмыстағы ингаляциялық уланулардың арасында бірінші орынды
алады. Улану 3 топқа бөлінеді:
Көліктердің газынан болатын улану;
Үйде көмір жаққаннан кейін болатын улану;
Өрт болған жабық жерлерде улану;
Слайд 331. Жеңіл дәрежесі: басының маңдай және самай бөліктерінің белдеме тәрізді ауырсынуы, («сақина»
синдромы), бас айналу, лоқсу, құсу, аздап көрудің нашарлауы. Тыныс алуы нашарлаған, құрғақ жөтел, жүрек тұсының ауырсынуы. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 15-30%.
Слайд 342. Орташа дәрежесі: лоқсу, тыныс алуының қиындауы, ентікпе. Науқастың қозуы немесе есеңгіреуі,
команың болуы. Патологиялық рефлекстер, миоз, анизокория. Беттің қызаруы. Қысқа уақытқа -1-2 минуттун -20 минутқа дейін есінен тануы. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 30-40%.
Слайд 35Ауыр дәрежесі: бірнеше сағаттан 1 тәулікке дейін, кейде бірнеше күнге созылған
кома, тырысулар, патологиялық рефлекстер, парездер, параличтер.Терісі қызарған. Тынысы алуы бұзылған, тыныс алуының тоқтауы мүмкін. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 50-60%.
Слайд 366. Тамыр қабырғасына әсер ететін дәрілер: ( көк тамырға - аскорбин
қышқылы 5% 152 мг, кальция хлорид 16%).
7. Тері астына - атропин 0,1%- 0,5 мл, прозерин 0,05%- 0,5 мл.
Жақын жердегі емдеу мекемесіне немесе токсикология бөлімшесіне жедел жатқызу. Науқасты жатқызған күйде тасымалдайды.
Шаққан жерді күйдіруге, қандай болмасын препараттарды егуге, кесуге, зақымдалған аяқ-қолға жгут байлауға болмайды.
Слайд 37Әдебиеттер
1. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, II бөлім, Алматы, 2009г
2. Googl.kz
3.
википедия.kz
4. Қожахметова .Ш (слайды)
Слайд 38Назар аударғандарыңызға рахмет!!!