Келіспеушілік презумпциясы
Ақпараттандырылған келісім
Донордың тірі кезінде алынған, не оның өлімінен кейін жанұясының жақын мүшелерінің немесе заңды қамқоршыларының келісімі, ол кейіннен арнайы құжаттарда тіркеледі.
Германия,АҚШ,Канада,Ирландия,Голландия,Швейцария, Австралия, ЛатынАмерикасы, Люксембург, Словения
Әр адам оның мүшелерінің басқа адамға қайта отырғызылатындығына ерте бастан қарсы деп жорамалдайды.
1. Адамның мүшелері сауда-саттық нысаны ретінде қарастырыла алмайды. БМБ декларациясы (1987): “Адам мүшелерін сату-саудалау қатаң түрде жазаланады. ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңында № 170-IIIЗРК-бап.36, 3 тармағы бойынша 7.07.2006 ж бастап трансплантацияға арнап мүшелер мен ұлпаларды сатуға тыйым салынған.
2. Тірі донордан қайта отырғызу, басқа адамның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өзін құрбан етуге ғана негізделеді. Бұл жағдайда мүшені алуға келісім беру сүйіспеншілік пен аяушылықтың белгісі болып табылады.
3. Потенциалды донор, оның денсаулығы үшін эксплантацияның мүмкін болатын салдары жайлы толықтай ақпарат алуы тиіс.
4. Донордың өміріне тікелей қауіп төндіретін эксплантация адамгершілік тұрғысынан мүмкін емес. ҚР заңнамасына сәйкес тірі донордан мүшені алу үрдісі, тек донор реципиентпен генетикалық байланыста немесе онымен ұлпалық сәйкестікке ие болған жағдайда ғана мүмкін болып танылады. (7.07.2006 ж бастап қабылданған ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы № 170-IIIЗРК-36 бап, 4 тармақ).
5. Бір адамның өмірін, екінші адамның өмірін ұзарту мақсатында қысқарту, соның ішінде тіршілікті қамтамасыз ететін үрдістерден бас тарту дұрыс емес деп танылады.
6. Ең кең түрдегі практика болып, күні бүгін қаза тапқан адамдардан мүше алу болып табылады. Бұл жағдайда өлім сәтін анықтаудағы көмескілік ықтималдылығы болмау керек.
7. «Ми өлімін» этикалық дұрыс диагностикалау шарты болып, маман-дәрігерлер консилиуымымен тіркелген қорытынды болып табылады. (7.07.2006 ж бастап қабылданған ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы № 170-IIIЗРК-36 бап, 5 тармақ).
8. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлу басымдылығы, белгілі бір жеке топтардың артықшылығын анықтаумен және арнайы қаржыландырумен анықталмауы тиіс.
9. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлген кезде үш критерий ескеріледі: донор-реципиент жұбының иммунологиялық сәйкестілігі, реципиент жағдайының күрделілік дәрежесі мен кезектілік.
10. Адамгершілік тұрғысынан қорғауға алынбаған және экстремалды жағдайларда орын алатын адамдардың контингентін: үйсіз қалған, психиатриялық клиникалардың емделушілерін, балаларды, экономикалық түрде артта қалған мемлекеттердің түрғындарын донор түрінде пайдалану мүмкін болып табылмайды.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть