Слайд 1Терінің анатомиясы және физиологиясы.
Бірінші және екінші дәрежелі теpi бөртпелері.
Слайд 2Дәріс жоспары:
Дерматологиянның негізгі дамуы
Терінің құрылысы
Бірінші және екінші дәрежелі тepi бөртпелері
Терінің патогистологиясы
Слайд 3Дерматология - тepi аурулары туралы ілім; ол терінің қызметі мен
құрылымын; дерматоздардың даму себептері мен патогенезін анықтайды; диагноз қою, емдеу және аурудың алдын-алу мәселелерімен айналысады.
Слайд 4 Tepi - организмді сыртқы ортадан қорғап тұратын жабын мүшесі,
бip-бipiмен өзара тығыз байланысқан үш бөлімнен тұрады.
Слайд 6 Эпидермис — көп қатарлы, мүізденуші эпителий.
Эпидермистің қабаттары:
а) негізгі
ә) тікенекті
б) дәнді
в) жылтыр
г) мүйізді.
Слайд 8Дерма — талшықты субстанциядан, клеткалардан және клеткаралық заттан құралады.
Дерманың
қабаттары:
а) емізікті
б) торлы.
Слайд 9Tepi асты май шел қабаты коллаген талшықтарының
жуан будаларына орналасқан әр түрлі көлемдегі шар тәрізді май клеткаларынан тұрады.
Слайд 10Терінің қосалқы мүшелері:
а) шаш
ә) май
бездері
б) тер бездері
в) тырнақ.
Слайд 11Терінің физиологиялық қызметтері:
а) иммунологиялық
ә) қорғаныш
б) жылу реттеу
в) секрециялық
г) рецепторлық
ғ) зат алмасу.
Слайд 12Tepi аурулары тек теріде, шырышты қабатта көрінетін өзгерістер ғана емес, әртүрлі
белгілер көрсететін бүкіл организмнің ауруы.
Слайд 13Субъективті белгілері:
- қышу сезімі
- ауру сезімі
- зақымданған жердің
тepiciнің кернелуі
- парестезия
- күйіп тұру
Слайд 14Объективті өзгерістер –терінің бетінде шығатын бөртпелер.
Слайд 16Экзогенді және эндогенді тітіркендіргіштердің тepiгe тікелей әсерінің нәтижесінде ең алдымен шығатын
элементтерді бipiншi дәрежелі бөртпелер деп атаймыз.
Слайд 17Бірінші дәрежелі элементтердің эволюциясының /дамуының/ нәтижесінде пайда болатын элементтерді eкіншi дәрежелі
бөртпелер деп атаймыз.
Слайд 18Бірінші дәрежелі бөртпелер:
Инфильтративті және экссудативті (жалқықты) болып бөлінеді.
Слайд 21.
Дақ - мөлшерлі жердің тepiсінің түсінің өзгepyi, терінің консистенциясы, рельефі
өзгермейді.
Дақтардың ерекшелігі -пальпация арқылы анықталмайды.
Слайд 27Дақтардың пайда болу механизмі:
қан тамырларымен байланысты
пигмент түзуімен байланысты
жасанды дақтар.
Слайд 29Қабынулы дақтар:
Дерманың емізікті қабатындағы қан тамырлар жүйесінің уақытша кеңеюінен болады(розеола,эритема);
Бұл дақтардың
түci- ашық қызыл, кейде қызыл күлгін, заттық шынымен (витропрессия) басқанда уақытша жоғалып кетеді.
Розеола - 2,5 см дейінгі дақ.
Эритема - көлемі алақандай, одан да үлкен дақ.
Қабынудың нәтижесінде болатын дақтардан кейін iз қалмайды. Кейде уақытша аздаған қабыршақтану болады.
Слайд 30Қабынусыз дақтар:
а) қан тамырларының рефлекторлы кеңейуі (ұят эритемасы);
в) нейротрофикалық бұзылыс әсерінен
қан тамырының кеңейуі (ливедо, телеангиэктозия);
г) геморрагиялық дақтар қан тамырларының өткізгіштігінің артуы немесе қабырғасының тұтастығының бұзылуы (петехия, пурпура, экхимоз,вибицесс, гематома). Бірнеше күннен кейін түсін өзгертіп барып із-түссіз жоғалады.
Бұл дақтар витропрессиямен тексергенде жоғалып кетпейді.
Слайд 31Пигментті дақтар эпидермистің базалды қабатында меланиннің көп түзілуінен немесе аз
мөлшерде түзілуі, не мүлдем түзілмеуінен пайда болады (гиперпигментті, депигментті).
Жасанды дақтар - тepi ішіне бояу енгізу нәтижесінде пайда болады.
Слайд 32Түйіншек /узелок, папула/- қуыссыз элемент, терінің қалыпты деңгейінен жоғары жатады.
Пайда болу механизмі:
1) Эпидермистегі пролиферативті өзгерістер (акантоз, гиперкератоз, паракератоз, гранулез) нәтижесінде
2) Дерманың емізікті қабатының қан тамырлары жүйесінің айналасында орналасқан клеткалық инфильтрат нәтижесінде
3) Дәнекер тіннің, тері бұлшық еттерінің, тep немесе май бездерінің қалыптан тыс өсіп кетуіне байланысты.
4) Терідегі алмасу процесстерінің бұзылуы нәтижесінде (холестерин жиналуынан) болуы мүмкін.
Слайд 35Tepi қабатында орналасуына байланысты түйіншектер:
эпидермалық
сүйелде
эпидерма-дермалық
псориазда
қызыл жазық теміреткіде
дермалық
мерезде
Слайд 36Түйіншектер қабынулық н/се қабынусыз болатын деп eкiгe бөлінеді.
Көлемі:түйреуіштің басындай - милиарлық,
бұршақ
басындай- лентикулярлық,
2-2,5 см көлеміндей - нумулярлық деп аталады.
Бірнеше түйіншек қосылып -табақшалар түзеді.
Түci -қызыл, ақшыл қызыл, қоңыр қызыл, күлгін түсті болып келеді.
Слайд 37Түйіншектер жарты шар, конус тәріздес, жалпақ болып келеді.
Пішініне байланысты дөңгелек,
не көпбұрышты болып келеді.
Консистенциясы тығыз, кейде жұмсақтау /қамырдың консистенциясындай/.
Түйіншектер жазылған соң, орнында уақытша пигментті н/се депигментті дақ қалады.
Слайд 38Төмпешік /бугорок/, қуысссыз, жедел қабынусыз терінің бетінен жоғары жататын бөртпе.
Дерманың
торлы қабатындағы терең /төменгі/ қан тамырлары жүйесінің айналасында шоғырланған клеткалық инфильтрат эпителиоидты, алып, плазматикалық, клеткалардан және лимфоциттерден тұрады, сондықтан оның гистологиясы инфекциялық гранулеманы көрсетеді
Слайд 41Көлемі шие сүйегіндей.
Консистенциясы жұмсақ немесе тығыз.
2 түрлі жолмен жазылады:
Кейінірек
төмпешіктің ортасы ыдырап /некроз/ жара болады, қабықтанады, сөйтіп тыртық болып бітеді.
Кейде төмпешік жараға айналмай құрғақ күйінде бітеді, онда орнында, атрофиялық /семген/ тыртық қалады.
Төмпешіктер мерездің үшінші кезеңінде, туберкулезде, лепрада кездеседі.
Слайд 42Түйін /узел, nodus/- қуыссыз жеделқабынусыз, терінің бетінен жоғары жататын элемент. Төмпешіктен
айырмашылығы - үлкендігі және тереңде, теріасты май шел қабатында жатады. Көлемі орман жаңғағындай н/се одан да үлкендеу болады. Инфекциялық гранулема инфильтраты лимфоциттерден, эпителиодты, алып клеткалардың шоғырынан тұрады.
2 түрлі жолмен жазылады; 1) ортасы ыдырап жараға айналады, орнында тыртық қалады.
2) құрғақтай семіп атрофиялық тыртық қалдырады.
Мерезде, туберкулезде, лепрада кездеседі.
Слайд 45экссудативті
қуыссыз
қуысты
көпіршікше
көпіршік
іріңдік
күлдіреуік
Слайд 46Көпіршікше: / везикула, пузырек/- қуысты элемент.
Пайда болу механизмі:
жасуша аралық
iciк (спонгиоз)
вакуольды дегенерация
баллонды дегенерация
Көлемі-түйреуіштің басынан бұршаққа дейін, қуысы жалқықты немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы.
Кейде көпіршікшелер қосылып көп камералы көпіршік түзуі мүмкін.
Көпіршікше кеуіп, қабыққа айналады, н/се жарылып, эрозияға содан кейін қабық пайда болып, кейіннен түсіп қалады, орнында ешқандай белгі қалмайды.
Көпіршікше экземада, дерматиттерде, ұшықта /герпес/ кездеседі .
Слайд 49Көпіршік /пузырь/ - қуысты элемент, көлемі бұршақ пен жұмыртқа аралығында, эпидермистің
ішінде, астында орналасады.
Пайда болу механизмі:
акантолиз
эпидермолиз (базальды мембранадағы өзгеріске байланысты эпидермиспен дерманың байланысының бұзылуы)
некролиз (ыстық суға немесе химиялық затқа күю нәижесінде).
Көпіршіктің қақпағы, қуысы, түбi болады.
Көпіршіктің қуысындағы сұйықтық жалқықты, қан аралас болуы мүмкін.
Көпіршік кеуіп қабыққа н/се жарылып эрозияға айналады, содан соң қабық пайда болады, ол түскеннен кейін уақытша пигменттік дақ қалады.
Пемфигусте, Дюринг дерматозында кездеседі.
с
Слайд 52Іріңдік /гнойничок, пустула/-қуысты элемент, терінің үстінде көтеріңкі жатады, қуысы iріңге толы.
Әдетте, іріңдік-жедел қабынудың нәтижесінде стафилокок, стрептококтардың әсерінен пайда болады, ал мерезде жедел қабынусыз шығады.
Іріңдіктің көлемі түйреуіштің басынан шиенің сүйегіне дейін.
Пішіні жарты шар, конус тәріздес н/се жалпақ, болады.
Тері қабатында орналасуына байланысты беткей және терең іріңдіктерді ажыратады.
Беткей іріңдіктер кеуіп қабыққа айналады, орнында уақытша дақ қалады.
Терең іріңдіктер жараға айналады, орнында тыртық қалып жазылады.
с
Слайд 55Күлдіреуік /волдырь/- жедел қабынудың нәтижесінде дерманың eмізікті қабатының iciнуiнeн пайда болатын,
теріден жоғары, көтеріңкі жататын қуыссыз элемент.
Сәл тығыздау, жастық тәріздес, домалақ, немесе сопақша келген. Күлдіреуіктер шығарда тepi қатты қышиды. Күлдіреуіктер тез пайда болып, тез қайтып кетеді.
Күлдіреуіктердің көлемі бұршақтың көлемі мен алақанның көлеміне дейін болады.
Түсі қызғылт, ашық-қызыл түсті болады.Iciк көбейе берсе тамырларды қысып қалуы мүмкін, онда күлдіреуіктің түсі фарфор сияқты aппақ, болуы мүмкін.
Маса,шыбын-шіркей шақанда, есекжемде /крапивница/, токсикодермияларда, суықтың әсерінен - күлдіреуіктер пайда болады.
Слайд 58Eкіншi дәрежелі морфологиялық элементтер
гипер, депигментация
қабыршық
қабық
эрозия
жара
жарылу
тыртық
лихеинфикация
вегетация
экскориация /сыдырылу/.