Слайд 1«Астана медицина университеті» АҚ
Инфекциялық аурулар,эпидемиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы:Өспелер
Орындаған: Болтабаев Б.
Дайрабайұлы Б.
Топ: 309 ЖМ
Қабылдаған: Мұхажанова Г.О.
Астана-2016
Слайд 2Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Ісіктердің құрылысы,классификациясы
Өспенің пайда болу себептері
Қатерсіз және қатерлі ісіктер
Протоонкогендердің
онкогендерге айналу механизмдері
Вакцинацияның негізгі мақсаты – жасанды иммунитетті қалыптастыру
Қатерлі ісіктің иммунды емі
IІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Шынайы ісіктерді зерттеумен медицинаның ертеден бөлек ғылым болып бөлініп шыққан саласы
— онкология (грекше – ісік туралы ғылым, ілім) айналысады. Басқаша айтатын болсақ, онкология —мақсаты ісік ауруларын зерттеу, анықтау, емдеу және олардың алдын — алу болып табылатын сала. Онкология тек шынайы ісіктермен ғана шұғылданады, ал жалған ісіктер: ісіну, қабыну, гиперфункция, гипертрофия, гормоналдық жүйедегі өзгерістер мен сұйықтардың шектеліп жиналуы салдарынан тіндер көлемінің ұлғаюы онкологияның құзырына жатпайды. Клиникалық онкология жаңа түзілістердің 4 түрімен ғана айналысады: қатерлі ісіктер, қатерсіз ісіктер, карциномалар және шығу тегі белгісіз ісіктер.
Слайд 4Ісіктердің құрылысы
Ісіктердің сыртқы көрінісі пішіні және көлемі бойынша әртүрлі болып келеді.
Көбінесе өсіп тұрған тінді қоршап, шар тәрізді болып келеді. Басқа тіндерден ісіктер ақ, сары немесе сұр түстерімен ажыратылады. Консистенттілігі бойынша тым жұмсақ немесе тым қатты болуы мүмкін. Ісік құрылымы бойынша өзі дамыған тінге немесе ағзаға ұқсас болса, онда ол гомологиялық ісік,ал гетерологиялық ісікте ісіктің жасушалық құрылысы өзі дамыған ағза не тіннен айырмашылығы болады. Гомологиялық ісіктер жетілген,дифференцирленген,гетерологиялық ісіктер –жетілмеген,не аз –немесе дифференцирленбеген. Жалпы микроскопиялық әрбір ісік паренхима мен стромадан тұрады. Элек-тронды микроскоппен қараған кезде ісік жасушаларында жаңа құры-лымдар кездеседі. Цитоплазмасында митохондриялар қалыптыға қарағанда аз кездеседі, ұзындығы және пішіні әртүрлі болады. Эндоплазмалық тор біркелкі болады, яғни ол түйіршікті құрылымынан айырылады және онда ақ түс беретін вакуольдер пайда болады.
Слайд 5Өспенің себептері
Өспе дамуын туындататын жайттар канцерогендер (лат. cancer - рак) немесе
бластомогендер (грекше blastoma-өспе) деп аталады. Канцерогендер: химиялық, физика-лық, биологиялық.
Химиялық канцерогендер шығу тегіне қарай экзогенді және эндогенді, әсер ету тетіктеріне қарай – тура (ДНҚ-на алкилді топтарды қосатын алкилдеуші қосындылар) және тура емес – проканцерогендер (преканцерогендер) – организмде метаболиттік өзгерістерге ұшыраған соң өспені күшейтеді.
Слайд 6 Көпорамды хош иісті көмірсутектер
Аминоазоқосындылар
Нитрозаминдер
Афлатоксиндер
Жай химиялық қосындылар
Уретан, төртхлорлы көміртегі, эпоксидтер, пластмассалар.
Слайд 7Тирозин мен триптофанның туындылары, холестерин және оның өнімдері, еркін радикалдар және
майлардың асқындары, азот тотығы (NO.), оның туындылары (пероксинитрит – ONOO-), көп мөлшердегі кейбір гормондар (эстрогендер).
Слайд 10Клиникалық тұрғыдан ісіктердің мән-маңызы бірдей емес. Сондықтан оларды 3-ке жіктеуге болады
:
Слайд 12Ісіктердің классификациясы мен морфологиясы
Ісіктердің бүгінгі замандағы классификациясы, олардың морфология-лық құрылысын,
дамыған орнын, жеке органдардағы құрылыстық ерекшеліктерін, қатерсіз немесе қатерлілігін ескеріп, гистогенездік принципке негізделе құрылған. Классификацияда ісіктер 200 –ден астам атауларды қамтитын жеті топқа жіктелген.
І. Спецификалық даму орны жоқ эпителийлік ісіктер
ІІ. Экзо- және эндокриндік бездердің, жамылғы эпителийдің ісіктері
ІІІ. Мезенхималық ісіктер
IV. Меланин түзетін тканьнің ісіктері
V. Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері
VI. Қан жүйесінің ісіктері
VII. Тератомалар
Слайд 13Спецификалық даму орны жоқ эпителийлік (органспецификасыз) ісіктер
Слайд 14Папиллома
Папиллома (лат. papilla - емшек + лат. oma - ісік). Ауыз
шырышты қабықтарында пайда болатын бүртікті қатер-сіз эпителий ісігі. Ракқа айналып кетуі мүмкін ауру. Көлемі әр түрлі бүртікті ісік мүйізденіп, беті ағарып көрінеді.
Слайд 15Аденома
Негізінде біртекті безді эпителийден құрылатын залалсыз ісік. Әдетте құлақ тұсындағы сілекей
бездері ауырады.
Слайд 16Аденокарцинома
Секрет шығаратын бездердің кілегей қабықшасынан дамитын қатерлі ісік. Ол шырышты қабықтары
не бездік тіндері бар ағзаларда өрбиді. Аденокарцинома бездік құрылымдары әртүрлі мөлшердегі аса дөрекі пішінді [[призма]] немесе куб тәрізді торшалардан тұрады, протоплазмасы мол және базофильді келеді. Ісік құрамында торшалардың бөлінуі айқын байқалады, олар азды-көпті шырыш бөледі. Аденокарцинома құрылымына қарай: ацинарлық немесе альволярлық (ісікте аци-нарлық құрылымдар басым); тубурлярлық (түтіктік құрылымдар басым); бүрлік-бүрлік немесе еміздіктік (өсінділер басым); шырыштық немесе коллоидтық (торшалары көп) болып 4 түрге бөлінеді.
Слайд 17 Экзо- және эндокриндік бездер мен эпителийлік жамылғылардың (органспецификалық) ісіктер
Органспецификалық
ісіктер белгілі бір органның клеткаларынан дамып қана қоймай, сонымен бірге кейде осы органға тән морфологиялық әрі қызметтік белгілерді сақтайтындығымен сипатталады.
Слайд 18Эндокриндік бездердің органспецификалық ісіктері
Слайд 20Қалқанша безінің аденомасы
Қалқанша безінің карциномасы
Слайд 25Меланинтүзуші тін ісіктері
Қатерсіз ісіктер – невустар
Дермаішілік
Шекаралық
Күрделі
Эпителиоидты
Ұршық тәрізді жасушалы (ювенилді)
Көгілдір
2. Қатерлі ісіктер – меланома
Беткей таралатын
Түйінді
Пигментсіз
Слайд 31Жатыр мойыны ісігіне карсы вакцинаныц әсер ету механизмі
Ол
тек папилломавирустың кабыкшасында болатын залалсыз белоктардан
құралған. Адам организміне түскенде бұл белоктар иммундық жауап ретінде
антиденелер өндіріледі. Антиденелер қанда ұзақ жылдар бойы сақталады.
Егер вакцина қабылдағаннан кейін бірден организм шынайы вируспен
зақымдалса, вирусты бөлшектер сол бойда дайын антиденелермен жойылады.
Ісікке карсы эсер ететін Escozine вакцинасы табиғи өнім болып
табылады,оның құрамына кариб көгілдір шаянының уы кездеседі. Соңғы
15 жылда әртүрлі ісікпен ауыратын мыңдаған науқастар осы препараттың
арқасында денсаулыктарын біршама жаксартты. Сарысудыц эффективтілігі
клиникалық тұрғыдан дәлелденді. Әртүрлі дәрежедегі ракпен ауыратын 8302
науқасқа 8 жыл бойы зерттеу жасалды. 89,5% жағдайда зерттеуге қатысқан науқастардың өмірі едәуір жақсарды.
Escozine вакцинасы химиотерапия, радиотерапия және басқа да дәстүрлі
емдеу әдістерімен бірге қолданылады. Бұл қауіпсіз және эффективті табиғи өнім.
Слайд 33Активті арнайы иммунды емдеу
Активті арнайы иммунды емдеу-ол ауруға құрамында ісік антиген-дері
бар вакциналарды енгізу. Оларға ісік жасушалары (өмір сүруге қабілетсіз), үзінділер (мысалы мембрана үзінділері),ісік тіндерінің ерігіш заттары жатады.
Онкологиялық ауруларды ісіктердің өлген, не шала-жасар жасушаларын енгізу, сонымен қатар, активтіиммундау үшін ісіктің ерігіш заттарын қолданудың нәтижелі келуі ғылыми зерттеулермен дәлелденген.
Ісікке қарсы вакциналар жасау- өте маңызды жұмыс. Бірінші-ден, адамдағы вируспен қоздырылатын ісіктерге қарсы вакцина жақсы нәтиже беруде. Мысал ретінде, Эпштейн- Баррвирусымен пайда болған ісікте және Беркит лимфомасында вакцина шаралары өте шипалы келеді.
Слайд 34Қатерлі ісіктің иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану
Интерлейкин-1 (ИЛ-1)- бұл лимфокин in vitro
ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық әсер көрсетеді және ол сүцек кемігінде регенеративті үрдістерді күшейтіп, иммунды жауапты белсендіреді. ИЛ-1 әсерінен NK- жасушаларының белсенділігі жоғарылайды және моноцитарлы- макрофагалды жасушалардың арнайы цитотоксикалық әсері жоғарылайды, екіншілік цитокиндер түзілуі күшейеді.
Интерлейкин-2 (ИЛ-2) – онкологиялық аурулар емдеуде кең қолданылатын цитокин. Ол меланомада, бүйрек, өкпе рактарында және тағы басқа ісіктерде жоғары нәтиже көрсеткен және оны қолданғанда ұзақ регрессия байқалған.
Интерлейкин-12 (ИЛ-12) – цитокин, ол макрофагтармен түзіліп арнайы емес қорғаныс механизмі мен арнайы Т – жасуша-лық иммунды жауап дамыту арасында маңызды рөл атқарады. Ил-12 Тх1 дамытып, цитокиндердің бөлінуін ұлғайтады және Т-лимфоциттер мен NK-жасушалардың цитотоксикалық белсенділі-гін күшейтеді.
Слайд 35
Қатерлі ісіктің иммунды емінде интерферондарды қолдану
IFN-α-ң вирусқа қарсы белсенділігі жоғары болып
келеді. IFN-α препараттары вирусқа байланысты қатерлі ісіктерде жақсы әсер етеді, ең алдымен лейкоз кезінде. Сонымен қатар, оның ісікке қарсы белсенділігі де жоғары. IFN-α және IFN-β екеуі де NK- жасушаларын қоздырады.
IFN-γ күшті иммуномодуляция-лық әсер көрсетеді және кейбір лейкемиялық жасушаларға антипролиферативтік нәтиже береді, себебі олардың дамуын реттейді. IFN-γ қатерлі ісік жасушалардың көптеген түрлерінде HLA- антигендердің І және ІІ класс экспрессиясын тежейді.
Слайд 36Қатерлі ісіктің арнай иммунды емінде моноклонды антиденелерді қолдану
Моноклонды антиденелерді, негізі,
ісік жасушаларына тікелей әсерін шақыра алатын арнайы залалсыздандыруға арналған әр түрлі улы агенттерді енгізу үшін пайдаланады.
Цитотоксикалық ісікке қарсы препараттармен байла-ныстырылған моноклонды антиденелерді қолданғанда немесе ісік жасушаларын сәуледен кейін өлуін шақыратын аса белсен-ді белгіленген изотоптармен біріккенде де бұл дәрілердің өте жақсы емдік қасиеті анықталған.
Иммунды ем ретінде тышқандардан алынған моноклонды антиденелер жиі қолданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шақырады, сондықтан иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бір рет енгізіледі, себебі қайта енгізгенде пайда болған антиденелер бұл дәрілік заттарды залалсыздандырады.