Созылмалы бронхит презентация

Содержание

Созылмалы бронхит СБ- ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты жөтелмен бөлінетін бронхтардың қабыну процесі.

Слайд 1Созылмалы бронхит


Слайд 2Созылмалы бронхит
СБ- ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты

жөтелмен бөлінетін бронхтардың қабыну процесі.

Слайд 3Эпидемиологиясы
Ауаның ластануы
Темекі шегу




Слайд 4 Созылмалы бронхит-өкпенің созылмалы бейспецификалық ауруларының (ӨСБА) негізгі түрі. Оның

құрамына кіретін:
Созылмалы бронхит
Бронхтық астма
Өкпе эмфиземасы
Пневмосклероз
Бронхоэктаз ауруы


Слайд 5Этиологиясы
Экзогендік себептері:
Активті немесе пассивті темекі тарту
Ауаның түрлі поллютанттармен ластануы
Кәсіптік зиянды ықпалдар
Ауа

райының жағымсыздығы
Инфекциялық ықпалдар
Эндогендік себептер
Жедел респирациялық кеселдермен жиі ауыру
Ауаның кондиционерлену бұзылысына әкелетін мұрын-көмкейдің аурулары
Зат алмасу бұзылыстары
Бронх тармақтарының жергілікті қорғаныс жүйесінің кемістіктері
Туа біткен бейімдеуші кемістіктер (а1-антитрипсиннің тапшылығы т.б.).

Слайд 6Патогенезі
Өкпенің тыныс бетінің жалпы аумағы 500 м² жуық, бір

тәулікте өкпеден шамамен 9000 л ауа өтеді. Мұншама атмосфералық ауаның осындай кең аумақтан өтуі, организмді сыртқы ортаның зиянды әсерлерден қорғайтын, жергілікті қорғаныс механизмдердің аса төзімділігін талап етеді.

Слайд 7Бронх-өкпе жүйесінің жергілікті қорғаныс механизмдері
Ауаның, көлемі 1-2 мкм бөлшектерден тазаруын, жылуын,

ылғалдануын қамтамасыз ететін мұрын, көмекей қосымша қуыстар.
Кілегей пленканы жылжытып отыратын жабыр эпителий. Бронх тармақтарының бойында түтіктерден тербелу жиілігі бірдей емес. Трахея деңгейінде түтіктердің тербелу жиілігі минутына 1000 болса, бронхтардың диаметрі тарылған сайын, оның жиілігі азаяды.
Кілегей түзетін бронх бездірі мен бокал тәрізді жасушалар. Ересек адамдарда трахея-бронх бездері 6000-ға жуық (тыныс жолдарының әр 1мм²-шамамен бір безден келеді). Трахея-бронх бездері-кілегей түзудің негізгі көзі, ал олардың көлемі бокал тәрізді жасушалар көлемінен 40 есе артық.

Слайд 8 СБ-дың бұзылыстары
Бронх бездері гипертрофияланады және бокал тәрізді жасушалардың саны көбейеді.
Бронхтардың

кілегей қабығы атрофияланады
Жыбыр эпителий жойылып, көп қабатты жалпақ эпителийге ауысады.
Кілегейдің бактерицидтік қуаты төмендейді, аса қоюланады және көп мөлшерде бөлінеді.
Үнемі қабынуынан бронхтар қабырғасында гиперпластикалық, фиброздық өзгерістер дамиды.

Слайд 9Жіктемесі
Этиолгоиясы бойынша:
Бактериялық
Вирустық
Микоплазмалық
Шаңды
Химиялық
Физикалық
ықпалдардан дамиды.


Слайд 10II. Қабыну процесінің түріне қарай
Катаральді
Іріңді
Катаральді-іріңді
Фибринді
Геморрагиялық


Слайд 11III. Функциялық өзгерістері бойынша:
Обструкциясыз
Обструкциялы

IV. Фазалары:
Ремиссиясы
Өршуі


Слайд 12V. Асқынулары:
Өкпе эмфиземасы
Қан қақыру (әдетте сирек, науқастардың 10-15%-да қақырықтағы қанды

талшықтар түрінде).
Тыныс шамасыздығы (жедел, созылмалы және созылмалының үстіне қосылған жедел түрі)
Созылмалы өкпекті жүрек дамуына алып келетін екіншілік өкпе гипертензиясы:
Транзиторлық-өтпелі сатысы
Қанайналым шамасыздығы жоқ тұрақты сатысы
Қанайналым шамасыздығы бар тұрақты сатысы
5. Бронхоэктаздардың дамуы


Слайд 13Бронх тармағының зақымдануы
Проксимальді бронхит - ірі бронхтардың басым зақымдануы.
Созылмалы дистальді бронхит

– ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың зақымдануы. Созылмалы дистальді бронхит, обструкциялық синдроммен жүреді.

Слайд 14Клиникалық көрінісі
Негізгі шағымдары:
Жөтел
Қақырық тастау
ентікпе


Слайд 15Жөтел
Әдетте таң ертеңгісін қимылдай бастағанда жөтелу. Бұл мукоциллиарлық транспорттың

түнгі мезгілдегі шамасыздығының белгісі. Бронхиттің жаңа басталған шағында жөтел салқын, ылғалды масымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тыйылады. Кейіннен жөтел жиіленеді. Егерде ұсақ бронхтар басым зақымданса (рефлекторлы зоналары жоқ), жөтел болмайды, тек ентікпе мазалайды.


Слайд 16Үздіксіз және булықтарып қиналдыратын қақырықсыз жөтел
Ұсақ бронхтардың басылуына,

кілегейдің кідіруіне және эмфизема мен бронхоэктаздардың тез дамуына соқтырады. Мұндай жөтелдің қорғаныс қасиеті жоқ. Булықтырып, қиналдыратын қақырықсыз жөтел обструкциялық синдромның болуын және жөтелдің рефлексогендік аймақтарының қатты тітіркенуін көрсетеді.

Слайд 17 Қайтымды обструкцияның себептері
Бронхтардың гиперреактивтілігінен дамитын бронхоспазм
Бронхтар кілегей қабығының вазоматорлық

ісіснуі
Кілегейдің гиперсекрециясы
Бронхиттің өршу кезінде бронхтар қабырғасының қабынып ісінуі және жасушалармен инфильтрациялануы

Слайд 18Тұрақты бронхтық обструкцияның себептері
Фиброздық өзгерістерден бронхтардың кілегей және кілегей асты қабықтарының

қалыңдауы.
Бронхтар өзегінің тарылуынан және облетерациялануынан ауа өтетін жолдар санының азаюы
Трахея-бронхтық гипотониялық дискинезияның дамуы-жұқарып созылған және эластикалық қасиеті жойылған трахея мен бронхтардың мембраналық бөлігінің тыныс жолдарының ішіне салбырап түсуі.
Өкпе эмфиземасы. Сау адамда бронхтардың өзегі ашық. Эмфиземада ұсақ бронхтар және бронхиолалар тыныс шығару кезінде ұлғайған альвеолалармен басылып қалады, өйткені бронхтардың қабырғасын радиальді керіп тұратын өкпенің эластикалық тарту қуаты жойылған, бронхтар қабырғасының тонусы төмендеген

Слайд 19 Қақырық тастау
Кілегейдің гиперсекрециясына байланысты. Таң ертеңгі қақырық

өте қою, тәуліктік мөлшері 50мл-ден аспайды, өршу кезінде қақырықтың іріңдігі көбейеді. Іріңді қақырық аса тұтқыр және қою, оның бөлінуі әсіресе салқын, ылғалды кезеңдерде қиындайды.


Слайд 20Интоксикация кезінде
Селқостық
Субфибрильді қызба
Әлсіздік
Түнгі тершеңдік
Жөтелдің күшеюі
Көп мөлшерде іріңді қақырық


Слайд 21Перкуссия
Бронхиттің жаңа басталған шағында өзгерістер байқалмайды. Эмфизема қалыптасса қорапты

дыбыс, өкпе шеті қозғалысының шектеуі анықталады.

Слайд 22Аускультация
Өршу кезінде-қатаң тыныс, құрғақ және ылғал сырылдар.

Бронхоспазм болса-тыныс шығару фаза ұзарады және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі Сырылдардың тынысты күштеп шығарған кезде күшеюі тән.
Реммисиялық фазада-везикулярлық тыныс.
Эмфизема болса-әлсіз везикулярлық тыныс.


Слайд 23Диагностикасы
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз,ЭТЖ-ұлғаюы.
Эмфизема мен тыныс жетіпеушілігінде эритроцитоз бен

гемоглобин жоғарлайды.
Биохимиялық анализде: көбіне қалыпты, кейде фибриногеннің, сиал қышқылдарының көбеюі және С-реактивті белоктың, дипротейнемияның болуы ықтимал.


Слайд 24Қақырықта
Нейтрофильдердің, ДНК талшықтарының саны, қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері көбейеді, ал

лизоцим азаяды. Қақырық себіндісінен флораның түрін және микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Слайд 25Рентгенологиялық зерттеу
Бронхиттің алғашқы кезінде өзгерістер шамалы. Эмфизема мен бронхтардың

бойында фиброз дамығанда өкпе эмфиземасының, пенвмофиброздың тор тәрізді көріністері және өкпе өрнегінің деформациясы анықталады.

Слайд 26Бронхоскопия
Жалпылама эндобронхиттің (катаральді, іріңді, атрофиялық, гипертрофиялық, фибриндік-жаралы) көріністер тән.

Бронхография

Арқылы бронхоспазмды-қыл тәрізді бронхтар, кілегейдің ірікілісін-бронхтардың толу кемістігін, бронхтың үзілуін сипаттайтын белгілерді көруге болады.

Слайд 27Емі
Этиологиялық себептерін жою
Темекі тартуды доғару
Кәсіптік зиянды ықпалдардан құтылу
Инфекция ошақтарын тиімді емдеу
Тағаммен

емдеу
№ 15 стол (энергиялық сапалығы сақталған, тұзы аз, калийдің мөлшері көп)
Қақырақ кезінде белок жойылады сондықтан белокқа бай тағам және альбумин, аминоқышқылдар қоспасы (полиамин, нефрамин, альвезин) тамшылатып енгізіледі.

Слайд 28 Дәрілік ем
Азитромицин (сумамед) 250-500мг*1рет
Ровамицин (спирамицин) 3млн.*3 рет.
Цефалоспориндер (кефзол, цефалексин, клафоран,

фортум 1гр*3 рет)
Эритромицин 0,5гр*4рет
Олеандомицин 0,5гр*4рет
Бисептол 0,47гр*2рет
Фурозолидон 0.15гр*4рет
Бромгексин 1-2т*3рет
Бронхолитин 1ч/л*4рет
Теофедрин 1/2т*2-3рет
Эуфилин 1т*3-4 рет
Преднизолон 1т*3-4рет
Амбробене 1ч/л*3рет
Омегаст 20мг*2рет
Лазолван 1ст/л*3рет
Витомак 1т*1рет




Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика