Слайд 1С.ж.аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицинa университеті.
Кафедра: Урология
Тақырыбы: Несеп- жыныс жолдарының жарақаттануы.
Орындаған: Буксикбаева Г;Кульбаева Д.
Тексерген: Абдилманов Қ.М.
34-2 к.топ 4 курс
Факультет: жалпы медицина.
Алматы - 2011 ж.
Слайд 2Жоспар:
Жарақаттану механизмі
Бүйрек зақымдануы
Несепағар зақымдануы
Қуық зақымдануы
Слайд 3Жарақаттану механизмі:
Бүктетілуі;
Қысылуы;
Шайқалып не жылжып кетуі;
Қабырғаға не омыртқа өсінділеріне соғылуы;
Гидродинамикалық эффект пайда
болуы;
Слайд 4Бүйректің жабық зақымдануларын зақымның сипатына және бүйрек пен оның айналасындағы паранефральдық
клетчаткадағы жарақаттық өзгерістерге байланысты алты топқа жіктеледі:
1- бүйректің соғылуы, бүйрек паренхимасына көп қан құйылады, макроскопиялық жыртылу мен субкапсулярлық гематома болмайды.
2- бүйректі қоршап тұрған май клечаткасының зақымдануы мен талшықтық капсуланың жыртылуы тән
Слайд 53-паренхиманың шүмекшемен тостағаншаларға өтпейтін капсула астылық жыртылуын айтады, үлкен субкапсулярлы гематома
дамиды, жыртылу маңында көптеген қан құйылу мен ұсақ инфарктер анықталады.
4- ауыр жарақаттар тән, олар бүйректің талшықтық капсуласы мен паренхимасының астауға немесе тостағаншаға тарап жыртылады, профуздық макрогематуриямен сипатталады.
Слайд 65- органның езілуімен сипатталатын ауыр зақымданулар, ішперде қуысы органдарының зақымдануларымен қатар
жүреді.
6- бүйректің бүйрек ашасынан жұлынып кетуі, бүйрек тамырларының оқшау зақымдануы;
Слайд 7Ауырлық дәрежесіне байланысты:
Жеңіл зақымдану тобы: гематурия бастапқы 2-3 тәулік бойы бәсеңдеп,
гемодинамикалық көрсеткіштер нормалық деңгейде тұрақты сақталатын, бүйрек маңында гематома болмайтын зақымданулар жатқызылады.
Ауыр зақымданулар тобы: гематурия ұзақ сақталатын немесе интермиттік сипат алатын, урогематома байқалатын зақымданулар.
Қатерлі зақымданулар тобы: жалпы жағдайы нашарлап, шок болатын, гематома тез көбейіп, гемодинамикалық көрсеткіштер тез төмендейтін зақымданулар.
Слайд 8Бүйрек зақымдануының клиникалық көрінісі
Жеңіл дәрежесі кезінде: жалпы жағдай қанағаттанарлықтай, ауырсыну интенсивтілігі
әртүрлі, ауырмауы мүмкін, шок белгісі болмайды, бұлшықет ширығуы бәсең немесе мүлдем болмайды, гематурия жалғасады не мүлдем болмайды, гемодинамикалық көрсеткіш сақталады.
Орта дәреже кезінде: ауырсыну симптомы, талықсу нышандары қысқа уақыт, гематома анықталады, гематурия жалғаса береді не тоқтайды, гемодинамика біршама төмендейді.
Ауыр дәрежесі кезінде: талықсу, бүйрек маңайы кеңістігіне көп қан кетуімен байланысты, жалпы жағдай ауыр, тері мен кілегей қабаттар бозарады, еріннің қызыл жиектерінің түсі кетеді, суық тер шығады, енжар тартып селқостанады, ентігу, АҚҚ төмен болуы,
Слайд 9Диагностикасы
Цистоскопия;
Хромоцистоскопия;
Рентгенология;
Радиоизотопты зерттеу;
Экскреторлы урография;
Ангриография;
Сцинтиграфия;
УДЗ.
Слайд 101-тәулікте көрсетілетін көмек
Суық тағайындау
Анальгетик енгізу
Новокаиндік анестезия
Қан құю
Естен тануға қарсы сұйықтық енгізу
Гемостатикалық
дозаларда қан қолдану
Слайд 11Емдеу
Антибактериялық препараттар
Дисэлектроэктомия
Диурезді көтермелейтін препараттар
Гемодиализді көтермелейтін комплексті шаралар
Эндоскопиялық не хирургиялық манипуляциялар
Слайд 12Несепағардың зақымданулары
Жабық жарақат кезінде несепағар қабырғаларының толық не ішінара бұзылуы немесе
езілуі, бұл некрозға немесе стриктураның түзілуіне әкеледі.
Ашық жарақат кезінде тоқ ішек пен ащы ішектің, ішперде қуысы тамырларының, плевраның, өкпелердің, омыртқалардың өртүрлі бөлімдерінің жарақаттануымен ұштасады.
Слайд 13Несепағар дагностикасы
Урография
Индигокарминнің бөлінуіне қарау
Катетерлеу
Ретрограттық пиелоуретрография
Фистулография
Слайд 14Несепағар емі
Антибиотик,
Сульфаниламид,
Периуретерит,
Операциялық
Слайд 15Қуық зақымдануы
Өте сирек кездеседі, болжамы қолайсыз
Жіктелуі:
1- ішперде қуысына қатысы жөнінен;ішпердеден тыс,
ішперде ішіндегі, аралас.
2- Зақымданулардың шоғырлануы бойынша; алдыңғы, артқы, бүйір қабырға.
3- зақымданулардың түріне қарай; жабық- соғылу, толық емес жыртылу, толық жыртылу, екі кезеңдік жыртылу; ашық- соғылу, толық және толық емес жаралану, жанама жаралану, тесіп өткен жаралану, тұйықталған жаралану.
Слайд 16Қолданылған әдебиеттер:
Урология М.К.Алшынбаев. Алматы “Білім”1998 ж.
Пропедевтика внутренних болезней. А.Л.Гребенов. Москва 2001
г.
Интернет. http://www. Google ru/; http://www. Google com/;
Патофизиология. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Алматы 2007ж.