Слайд 2 ЖОСПАР
Кіріспе
Күйік түрлері
Күйіктің жіктелуі
Алғашқы жәрдем
Алғашқы көмек көрсетілерде
Алғашқы жәрдемнің кейбір түрлері:
Күйік шалғандағы халық емі
Слайд 3
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық,
қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Слайд 4Күйіктің себептері:
жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті сәуленің
әсерінен ағза мен ұлпалардың зақымдалуы. Осыған сәйкес күйік термикалық, химиялық, электірлік және сәулелік болып бөлінеді.
Күйіктің ауырлығы оның таралу алаңымен және дененің зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстінгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады.
Слайд 5КҮЙІК ТҮРЛЕРІ
Термикалық күйік денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық
суықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, бет, дененің басқа мүшелеріне қарағанда жиі күйікке ұшырайды.
Слайд 6Химиялық күйіктер денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке, карбол) және
сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірімеген әк), фосфордың, магнийдың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т. б.) әсерінен пайда болады.
Сәулелік күйік ядролық жарылыстың жарық сәулесінен, рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Слайд 71-ші дәрежедегі күйікте терінің беті күйеді мұнда тері қатты қызарып, домбығып
ауырсынады, ашиды. 3-4 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.
2-ші дәрежедегі күйікте қызарған тері күлдірейді, сары суға толған көпіршіктер пайда болады. Бұл дәрежеде терімен қоса май ұлпасы күйеді. Май ұлпасында тамырлар, жүйке талшықтары, шаштың талшықтары орналасқан, олар да күйікке шалдығуы мүмкін. Егер зақымданған жерге микробтар түспесе, онда бір аптадан соң терінің қабаттары орнына келеді, тек күйген жерде тыртықша қалады.
Күйктің жіктелуі
3-ші дәрежедегі күйікте бұлшық еттер, тереңгі ұлпалар зақымдалады, олар жансызданады, өліеттенеді (некроз). Күйген терінің түсі қызыл-қоңыр немесе қара-қоңыр, сезгіштік қабілетінен айырылады. Мұндай күйіктер ұзаққа созылады. Тыртық қалады.
4-ші дәрежедегі күйікте тек тері ғана емес, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады, олар күлге айналады. Күйіктің ауырлығы тек зақымдануының терендігі емес, сондай-ақ зақымдану алаңына да байланысты, ол дененің күйген бетінің алаңың пайызбен көрсетіледі.
Слайд 8
Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:
* Тыныс алуды қиындатса;
* Дененің бір
бөлігін ғана алмаса;
* Бас, мойын, қол білезіктерін, табан немесе жыныс мүшелерінде болса;
* Балала немесе кәрі адамда болса.
Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе электр тогының әсерінен болса.
Салқындату шағын күйіктер кезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.
- Бірінші және екінші дәрежелі сүйіктер кезінде жараны салқын сумен салқындатыңыз, тірақ мұзбен емес.
- Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз.
Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіңіз.
Тыйым салынады:
- Күйген жерге зарарсыздандырылған немесе таза тампон- таңғыштардан басқа заттарды тигізбеңіз.
- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға.
- Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мүндай күйік кезінде зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).
- қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға.
Алғашқы көмек:
Слайд 9Алғашқы көмек көрсетілерде
Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: күйік дәрежесін,
күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нәшарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілер алдында күйдіру көзін анықтап, оған себеп болған заттарды дереу жойғаннан соң, адамнан күннің көзін көлеңкелейді. Киімі жанып жатса, сумен сөндіреді, күйген адамды кез келген қалың матаға орайды. Көбінесе, киімі күйген адамдар оттан қашамын деп жүгіріп, жел киіміндегі оттың одан әрі жануына себеп болып, адам одан сайын қатты күйеді. Осы есте болсын. Жалпы, күйген жердің киімін жұлмаламай, ептеп кесіп алады.
Күйікте киім матасы теріге жабысып қалса, оны қайшымен тықырлап қырқып тастайды. Адам денесі химиялық заттардан күйіп қалса, дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ерітіндісіне (стақан суға 1 шай қасық), немесе спирт, марганец қышқылды калий ерітіндісіне (марганцовка) малынған таңғышты орап тастайды. Күйіктің екінші, үшінші, төртінші дәрежесінде науқасты ауруханаға жатқызады, әртүрлі антибиотиктер және глюкоза тәрізді дәрілерді егеді, қан құяды. Бұл кезде күйік шалған адамға дәрумені мол, құнарлы сұйық тамақтар берілуге тиісті.
Слайд 10Жедел көмектің кей бір түрлері:
Денедегі күйік ежептәуір болса, оның
ауыр, жеңіліне қарамастан, науқасты шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Күйген жерді таңғышпен орауға болмайтын жағдайда зардап шегушіні ақ жаймаға орап, одеялмен қымтап, зембілмен алып барады. Тыныс алу жолдары мен көзі күйіп қалғанда терінің ауыр-жеңіл күйгеніне қарамастантан, емханаға тездетіп апарады.
«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда зардап шегушіге анальгин немесе аллергияға қарсы дәрілерді беруге болады. Және де су, жылы шай, шырын, газсыз минералды су беру қажет. Жалпы ереже бойынша алькогольді ішімдіктерді беруге тыйым салынады. Алғашқы көмек көрсетілгенінде денедегі көпіршіктерді жармайды, қалың таңғыштармен орамайды, мұз баспайды, күйікті қолмен ұстамайды. Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру, микроб түсуден қорғау, ауруды бәсеңдету.
Слайд 11
Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара
балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.
Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.
Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.
Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады.
Бүрген майымен. Оны күйікке пайдалану да жақсы көмектеседі.
Алоэмен. Жаңа жұлынғаналоэ жапырағының шырынын сығып, күйген жерге тамызады. Екінші жапырағының өзегін алып, күйген жерге дәкемен таңып тастайды.
Күйік шалғандағы халық емі
Слайд 12Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап
араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады.
Қалақайдың гүлдерінен тұнба жасау үшін 30 грамм қалақай гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Үш сағаттай тұндырады. Сосын сүзгіштен өткізеді. Дайын тұнбаны терінің сыртына компресс түрінде пайдаланады.
Зығыр майымен. Бір қасық зығыр майына соншалықты мөлшерде кілегей, бір қасық лимон шырынын, бір жұмыртқаның ақуызын қосады, араластырады. Оны күйіктің үстіне жағып орайды. Мұны күніне 3-4 рет ауыстырып отырады.
Қамыспен. Күйікке қамыс тамырының шырынын жағады, кепкен ұнтағын жара аузына себеді.
Жұмыртқамен. Терінің күйген, ауырған аймақтарына шикі жұмыртқаны жағады. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да пайдаланыла береді. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үсті-үстіне жағады. Бұл емді ауру сезімі басылғанша жалғастырып, ауырған жерді жайлап жуады.
Слайд 14Үсік - тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күзде ауа
температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі. Үсік суық ауа массасының (адвекциялық
үсік) басып кіруінен немесе топырақ пен өсімдік жамылғысы бетінің түнгі суынуынан (радиациялық үсік) пайда болады
Слайд 15Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық
ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.
ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.
Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін.
Үсінудің төрт дәрежесі болады.
Слайд 16
IV дәрежелі үсіну температураның аса төмендеуінен және ұлпаға ұзақ уақыт суық әсерінен
туады. Ол көбінесе ІІІ және ІІ дәрежелі үсікке шалдығумен үйлеседі. Жұмсақ ұлпаның барлық қабаттары өледі, жиі сүйек пен буын зақымданады.
Зақымданған участок көпкөңгек, тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісік пісіп ұлғая бастайды. Терінің температурасы оны қоршаған үсікке шалдыққан ұлпа участогінен біраз төмен. Көпіршіктер үсікке төмендеу шалдыққан учаскелерде, ІІІ – ІІ дәрежелі үсінген жерелерде дамиды. Ісік біраз ұлғайған жерінде көпіршіктің болмауы, сезімталдығының жоғалтуы IV дәрежелі үсуге шалдығудың куәсі болып табылады.
ІІІ дәрежелі үсіну кезінде температураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі және тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді немесе пішіні бұзылып өседі. Өлген ұлпалардың түсуі 2,3-аптада аяқталады, одан кейін тыртықтанады, ол 1 айға дейін созылады.
Ауруды сезінудің қарқыны мен ұзақтығы ІІ дәрежелі үсінуден жоғарырақ.
Слайд 17Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.
Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылыту, суыққа
шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады.
Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.
Слайд 18Үсіген жерлерді өңдеу:
Бірінші дәрежелі үсік кезінде жоғарыдағы емшараларды орындайдыда,физиотерапиялық ем жүргізіледі.
Екінші дәрежелі үсікте көпіршіктерді абайлап теседі немесе түбінен жарады, өзі жарылған көпіршіктерді алып тастайды.Асептикалық таңғыш салады
Үшінші дәрежелі үсіктерде демаркациялық сызық пайда болғанша некроз тіндерін шеттетуге бағытталыды.Некроз бойындағы тіндерді алып тастайды,жараны емдеуді ірінді жараны емдеу ережесмен жалғастырады.
Төртінші дәрежелі үсікте үшінші дәреже сияұты ем алайда аяқ-қолдың некрозданған бөліктерін ампутациялайды.Сондықтан кепкен гангренаны тосып, демаркация сызығы бойынша некрэктомия жасайды.Көлемді тері ақауын теріні тері пластикалау арқылы жабады.Таңғыш салып иммобилизациялайды.
Слайд 19Электр жарақаты кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету
Слайд 20Электр тоғы әсерінен болған жалпы және жергілікті жарақаттарды электржарақаттары деп атайды.
Жергілікті
бұзылыстарға элект тоғы енген және шыққан кездегі күйікті жараның түзілуі жатады.Жараның түсі сарғылт-сұр,кейде тереңдігі сүйекке дейің жетеді.Осындай кезде жлект разрядынан кальци фосфаты бөлунуі арқылы сүйек тіні еріп кетеді.Тіндер жыртылып,мүшелер жұлынуы мүмкін.
Слайд 21
1 дәреже-әлсіз тотың қуатынан «тоқ белгісі» үзліп тек эпидермис жарақаттанады.Есінен таңбай
,бұлшық еттердің сіресіп,ширатылуы.Денеде діріл болуы мүмкін.Науқаста шаршау ,қорқу болады
2 дәреже-эпидермистің сыдырылуы және көпіршіктердің пайда болуы.есінен таңып, ,бұлшық еттердің сіресіп,ширатылуы.Психологиялық бұзылыстар,ступор естен тану,журек аритмиясы ,терізі бозарған ,көз қарашығы кішілейген.
3 дәреже-барлық қабат бойымен терінің коагуляциясы.есінен таңбай журек ж/е өкпе бұзылыстарымен ,бұлшық еттерінің сіресуі.
4 дәреже-тоқ астындағы барлық жұмсақ тіндер зақымдалады.Клиникалық өлім.
Слайд 22Электржарақаты кезіндегі алғашқы көмек
1 .Ажыратқыш немесе сқндіргіш арқылы тоқтан ажырату,зардап шегушіден
құлаған сымды құрғақ таяқпен немесе пласмасса көмегімен алып тастау.
2.Зардап шегушіні кепкен ағаш төсеншпен ,резиналы пласмаммамен орау
3. Науқасты тыныштықта ұстау.
4.Анальгин баралгин және т.б. Жансыздандырушы дәрілерді енгізу.
5.Жүрекқантамыр дәрілерін енгізу.
Слайд 23Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет