Крипторхизм. Этиология презентация

Содержание

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Крипторхизмнің этиологиясы Крипторхизмнің патогенезі,клиникалық көріністері Крипторхизмді емдеу әдістері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1 СӨЖ Пәні:Балалар хирургиясы Тақырыбы:Крипторхизм Орындаған:Сламбаева А

418 топ, ЖМФ Тексерген: Аликенов Қ.К Семей 2014

Семей мемлекеттік медицина университеті
Балалар хирургиясы кафедрасы


Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Крипторхизмнің этиологиясы
Крипторхизмнің патогенезі,клиникалық көріністері
Крипторхизмді емдеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Крипторхизм
Клиникалық термин “крипторхизм”(kryptos-жасырын,orchis-аталық без) “орнына түспеген аталық без” терминімен синоним болып

келеді,ал ол өз кезегінде ұрықтың жатыр ішілік даму кезінде бездің қалыпты орны ұма түбіне түспегенін білдіреді. Сондықтан бұл термин жалпылама болып келеді.Оған бездің барлық орналасу аномалиялары кіреді.Аномалия біржақты және екіжақты болып келеді.Көбінесе оң жақтық жиі кедеседі.

Слайд 4Крипторхизм


Слайд 5
Эмбриогенезде аталық бездің өсіп-дамуы айтарлықтай орын ауыстырумен жүреді.Олар біріншілік бекінген

жері бел аймағынан алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы ұмаға түседі.Бездің тоқтап қалуының( ретенция) екі негізгі формасын ажыратады:құрсақтық және шаптық.Сонымен қатар сирегірек кездесетін орналасу аномалиясы бар.Бұл кезде без беткей шап сақинасының қасында сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозында орналасады.Оны шаптық эктопия деп атайды.Сонымен қатар бездің ectopia pubis,ect femorales,ect perinealis,ect pelvina сияқты тері асты орналасулары бар

Слайд 8Этиология
Крипторхизм этиологиясында анатомо-механикалық концепциямен қатар маңызды орынды гормональды жетістеушілік теориясы алады.Егер

біржақтық шаптық ретенция және эктопия түрлері негізінің генезі анатомо-механикалық себептерден болса,ал екіжақтық абдоминальдық ретенцияларда генезі гормональдық және тұқымқуалаушылық-биологиялық факторлар біріншілік эмбриональдық түзіліс дефектісімен қатарласа пайда болады.Эндокриндік жүйеде ол гипофизбен жыныс гормондарының арасындағы байланыс дұрыссыздығы нәтиежесінде пайда болады.Ол гипофиз алдыңғы бөлігі гонодотропты гормонның аз секрециясы немесе гипофизарлы тітіркендіргішке бездің аз реакциясы әсерінен дамиды.

Слайд 9Яғни оларды топтастыра келе төмендегідей жіктейміз:
-Бездің түсу жолында механикалық кедергінің болуы
-Жүктілік

кезінде дәрі-дәрмектерді бағдарсыз қолдану
-Ішкі секреция бездері жұмысының бұзылысы
-Жүктілік кезінде вирустық аурулармен ауру


Слайд 10Крипторхизм классификациясы
Шынайы крипторхизм негізінен бездің абдоминальды ретенциясын атайды,және ол екіжақты болады.
Жалған

крипторхизм бездің еркін қозғалуымен сипатталады,оны тағы ретрогирленген без деп те атайды.Аталық без шап аймағында орналасып,зерттеуші қолымен ұмаға түсіп қайтадан өз орнына қайтып келеді.
Сонымен қатар жүре пайда болған крипторхизмді де ажыратады,ол травма,сәтсіз операция әсерінен туындауы мүмкін.

Слайд 12Крипторхизм клиникасы және диагностикасы
Горизонтальды қалыпта баланың ұмасын пальпациялағанда без пальпацияланбайды абдоминальды

формасында,немесе шап каналында пальпацияланады.Шап каналында без анықталса оны ұмаға тарту мүмкін емес болады.Науқастардың 60-70% шап аймағында ауырсыну анықталады.Және крипторхизм көбінесе басқа анамалиялармен қатарласып жүреді.

Слайд 13Емі

Консервативті емдеу кезінде гормональды препараттар көмегімен безді қозғалысқа келтіріп,ұмаға түсіруге болады.егер

ол тиімсіз болса онда хирургиялық жолмен емделеді.
Бездің шаптық орналасуы кезінде шап аймағына 1,5-2,5 см көлемінде кесінде жасап,безді ұрық түтікшесі және қан тамырларымен алып шығады да,оны ұмаға бекітеді.




Слайд 14Құрсақтық крипторхизм кезінде операцияның 2 түрі қолданылады.
1.Ашық араласу.Бұл кезде кесу жасалып,без

босатылып ұмаға орналастырылады.
2.Лапароскопия.Бұл операция кіші тесік арқылы жасалады,бірақ операция мақсаты дәл солай болып табылады.


Слайд 15Қорытынды
Қорытындылай келе крипторхизм ауруын жедел түрде емдеген дұрыс,себебі кейіннен ол белсіздікке

немесе аталық бездің ісігіне алып келуі мүмкін.

Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет желісі:
GOOGLE.RU
YANDEX.RU
Балалар хирургиясы


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика