ҚТМ мүшелерінің жасқа сай анатомиялық ерекшеліктері презентация

Содержание

Есту ағзасының құрылысы Есту мүшесінің жасқа байланысты құрылысының ерекшеліктері, топографиясы және олардың ЛОР патологиясындағы маңызы. Сыртқы құлақ – auris externa-құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады.Құлақ қалқаны –auricula-ол терімен қапталған

Слайд 1ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ҚТМ мүшелерінің жасқа сай анатомиялық ерекшеліктері
Орындаған:Әбу Бауыржан
Факультет: Жалпы медицина
Курс: 4
Тобы:

14-022-01
Тексерген: Құдабаева И.Д.

Алматы 2017


Слайд 2 Есту ағзасының құрылысы
Есту мүшесінің жасқа байланысты құрылысының ерекшеліктері, топографиясы және

олардың ЛОР патологиясындағы маңызы.
Сыртқы құлақ – auris externa-құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады.Құлақ қалқаны –auricula-ол терімен қапталған серпінді шеміршектен түзілген. Құлақ қалқанының сыртқы формасы мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты: бос қайырылған жиегі-anthelix, құлақ бүртігі-tragus,оның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік –antitragus деп аталады. Сыртқы есту жолы- meatus acusticus externus — екі шеміршекті және сүйекті бөліктен тұрады. Шеміршекті дыбыс жолы жалпы алғанда бүкіл сыртқы дыбыс жолы ұзындығының үштен бірін құрайды.Сүйекті дыбыс жолы- porus acusticus externus, тұтас дыбыс жолы ұзындығының үштен екісін құрайды.
Тұтас дыбыс жолының бағыты жалпы алғанда фронтальды, бірақ ол түзу жүрмей горизонтальды жазықтықта да, вертикальды жазықтықта да, S тәрізді иілім жасайды.Сол себептен дабыл жарғағын көру үшін құлақ қалқанын артқа,жоғарыға және сыртқа карай тартып,оны түзулеу керек.Жолдың шеміршекті бөлігінде май бездері болады.Дабыл жарғағы –membrana tympani-сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында жатады.


Слайд 3Ортаңғы құлақ
Ортаңғы құлақ –auris media-дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын бөлігімен жалғастыратын есту

түтігінен тұрады.Дабыл қуысы- cavitas tympanica- самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы дыбыс жолы мен ішкі құлақ арасында орналасқан.Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін үш кішкене сүйектен тұратын тізбек орналасады.

Дабыл қуысында 3 кішкене дыбыс сүйекшелері болады:
· Балғашық
· Төс
· Үзеңгі
Сүйекшелер тізбегі 2 қызмет атқарады:
· Дыбысты сүйек арқылы өткізу
· Дыбыс тербелістерін механикалық жолмен беру


Слайд 5Есту мүшесінің жасқа сай ерекшелігі
Есту жолының ішкі шетінің қиғаш орналасу қалпына

байланысты жарғақ қиғаш, ал жаңа туған нәрестелерде горизонтальды орналасады.Ересек адамда дабыл жарғағы сопақ пішінді келеді; ол жұқа жартылай жарық өткізетін пластинка болып табылады, орталығында жалпақ воронка тәрізді ішіне қарай тартылған кіндік- umbo membranae tympani – болады.
Ересектерде сыртқы есту түтігі қабынғанда пальпациялағанда құлақ түйіні аймағы,ал балаларда аралық құлақтың жіті қабынуы кезінде ауырады,өйткені жас балаларда сыртқы есту тесігінің сүйек бөлімі болмайды.
Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы тамырларында тері асты клетчаткалары жоқ,сондықтан үсуге бейім
Сыртқы есту түтігінің ұзындығы балаларда 0,5-0,7 см болса, ересектерде 3 см.

Слайд 6 ҮЛКЕН АДАМДА ДАБЫЛ ЖАРҒАҒЫ ЕСТУ ТҮТІГІНІҢ ТӨМЕНГІ ҚАБЫРҒАСЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 45 ГРАДУС

БҰРЫШТА, АЛ БАЛАЛАРДА 20 ГРАДУС ШАМАСЫНДА БОЛАДЫ.
ЕСТУ ТҮТІГІ ЕРЕСЕК АДАМДАРДА ҰЗЫНДЫҒЫ 3,5 СМ,
ЕСТУ ТҮТІГІ ЕКІ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚЫСҚА ЖӘНЕ КЕҢ БОЛАДЫ
ҮҢГІР ЕРЕСЕК АДАМДАРДА 1СМ ГЕ ДЕЙІНГІ ТЕРЕҢДІКТЕ ЖАТАДЫ,СӘБИЛЕРДЕ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫ ЕМІЗІКШЕ ӨСІНДІ БЕТІНЕ ЖАҚЫН ОРНАЛАСАДЫ

Слайд 7 Дабыл қуысының көлемі үлкен емес( 1см3 шамасындай ) және ол қабырғасына

қойылған,сыртқы дыбыс жолы жағына қарай қатты қисайған дабыл аспабына ұқсайды. Дабыл қуысының алты қабырғасын ажыратады.
1. Дабыл қабырғасының латеральды қабырғасы-paries membranaceus-дабыл жарғағы мен сыртқы есту жолының сүйекті пластинкасынан түзіледі. Қуыстың жоғарғы күмбез тәрізді кеңейген бөлігінде –recessus membranae tympani superior- екі есту сүйекшесі- балғашықтың басы мен төс жатады.
2. Дабыл қуысының медиальды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады да, сондықтан лабиринттік қабырға paries labirinthicus деп аталады. Онда екі терезе: ұлуға алып баратын дөңгелек-fenestra cochleae, ол membrana tympanisecundaria-мен тартылып жабылған және vestibulum labirinthi ішіне ашылатын сопақ терезе –fenestra vestibuli- орналасады. Соңғы тесікке үшінші дыбыс сүйекшесінің-үзеңгінің табаны еніп тұрады.
3. Дабыл қуысының артқы қабырғасында –paries mastoideus-те m.stapedius орналасуға қырат бар. Recessus membranae tympani superior артқа қарай емізік тәрізді өсіндінің үңгіріне –antrum mastoideum-ге жалғасады, ол үңгірге өсіндінің ауалы ұяшықтары-cellulae mastoideae ашылады. Antrum mastoideum-емізік тәрізді өсінді жағына қарай еніп тұрған кішкене қуыс. Ол емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетінен spins suprameatica артындағы есту жолының артқы қабырғасымен шектесетін сүйек қабатымен бөлінеді. Әдетте сол жерде емізік тәрізді өсінді іріңдегенде үңгірді ашады.
4. Дабыл қуысының алдыңғы қабырғасы ішкі ұйқы артериясына жақын жанасып жатқандықтан paries caroticus деп аталады. Бұл қабырғаның жоғарғы бөлігінде есту түтігінің ішкі тесігі – ostium tympanicum tubae auditivae орналасады.
Балалардағы ерекшелігі: ол жаңа туған нәресте мен сәбилерде кең ашылып тұрады, инфекцияның жиі-жиі жұтқыншақтан ортаңғы құлақ қуысы мен одан әрі бассүйек ішіне өтіп кетуі осыған байланысты.
5. Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы немесе –paries tegmentalis-пирамиданың алдыңғы бетінде tegmen tympani-гe сәйкес келіп,дабыл қуысын бассүйек қуысынан бөліп тұрады.
6. дабыл қуысының төменгі қабырғасы немесе түбі –paries jugularis екеуі көрші орналасып, бассүйектің негізі жағына қарайды.


Слайд 8 ЕСТУ ТҮТІГІ (ЕВСТАИЙ ТҮТІГІ)
АУАНЫҢ ЖҰТҚЫНШАҚТАН ДАБЫЛ ҚУЫСЫНА КЕЛУІНЕ АРНАЛҒАН ,ҚУЫС ІШІМЕН

СЫРТҚЫ АТМОСФЕРА ҚЫСЫМЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ САҚТАЙТЫН ТҮТІК.
ІШКІ ҚҰЛАҚ НЕМЕСЕ ЛАБИРИНТ ,САМАЙ СҮЙЕГІНІҢ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚАБАТЫНДА ДАБЫЛ ҚУЫСЫ МЕН ІШКІ ДЫБЫС ЖОЛЫ АРАСЫНДА ОРНАЛАСАДЫ.СҮЙЕКТІ ЖӘНЕ ЖАРҒАҚТЫ ЛАБИРИНТТІ АЖЫРАТАДЫ.
СҮЙЕКТІ ЛАБИРИНТ 3 БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ:
· КІРЕБЕРІСТІ
· ЖАРТЫЛАЙ ДӨҢГЕЛЕКТІ ӨЗЕКТЕР
· ҰЛУ
ҰЛУ КІРЕ БЕРІСТЕН АЛҒА ҚАРАЙ, МЕДИАЛЬДЫ БІРШАМА ТӨМЕНДЕУ,АЛ ЖАРТЫЛАЙ ӨЗЕКТЕРІ АРТҚА ҚАРАЙ, ЛАТЕРАЛЬДЫ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ ОРНАЛАСАДЫ.
ЖАРҒАҚТЫ ЛАБИРИНТ, СҮЙЕКТІ ЛАБИРИНТТІҢ ІШІНДЕ ОРНАЛАСАДЫ.ОНДА ЕСТУ ЖӘНЕ ГРАВИТАЦИЯ АНАЛИЗАТОРЛАРЫНЫҢ ШЕТКІ БӨЛІМДЕРІ ОНАЛАСАДЫ. ІШІ ЭНДОЛИМФАМЕН ТОЛҒАН, ЖАРҒАҚТЫ ЛАБИРИНТ ПЕН СҮЙЕКТІ ЛАБИРИНТ АРАСЫНДА ПЕРЕЛИМФАЛЫҚ КЕҢІСТІК БАР.

Слайд 9 ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ, ҚЫЗМЕТІ, ДАМУЫ.
АУА ЖОЛДАРЫ, ҚЫЗМЕТІ, ВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ, ИННЕРВАЦИЯСЫ. КӨМЕКЕЙ, КЕҢІРДЕК.

ӨКПЕ ДАМУЫ, ҚЫЗМЕТІ, ВАСКУЛЯРИЗАЦИЯСЫ, ИННЕРВАЦИЯСЫ. ЖАСҚА САЙ ЕРЕКШЕЛІГІ.
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ АҒЗАДА ТЫНЫС АЛУМЕН ҚАТАР ТЫНЫС АЛУҒА ҚАТЫССЫЗ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН МҮШЕЛЕР ТОБЫ. БҰЛ ЖҮЙЕГЕ ҚАТЫСАТЫН МҮШЕЛЕР АУА ЖОЛДАРЫНА ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУҒА ҚАТЫСТЫ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ. БҰЛ МҮШЕЛЕРГЕ:МҰРЫН ҚУЫСЫ, ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ МҰРЫН БӨЛІГІ, КЕҢІРДЕК, ӨКПЕДЕН ТЫС ЖАТҚАН БРОНХТАР МЕН НЕГІЗГІ МҮШЕ ӨКПЕ ЖАТАДЫ.

Слайд 10 Сыртқы тыныс алу, яғни жұтылған ауадан оттегінің қанға сіңірілуі, сондай-ақ ағзадан

көмір қышқыл газын шығару- тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі болып табылады. Тынысалу өкпе арқылы жүзеге асады. Басқа көптеген қызметтердің ішіндегі ең маңыздысына жататындары: жұтылған ауаны жылыту және ылғалдау, ауаны шаң-тозаңмен микроорганизмдерден тазалау, қан тамырлар жүйесіндегіқанды оттегімен жабдықтау,тромбопластин мен оның антогонисі немесе қарсыласы гепариннің бөлінуі арқасында қанның ұюына да қатысады. Зат алмасу процесінд,су-тұз және липидті алмасудағы керекті бірқатар гормондарды синтездеп, бұлармен қоса дыбысты қалыптастыруға иіс сезугежәне иммундық қорғаныс қызметтерін атқарады.

Слайд 11 Ауа жолдары
Бұларға: мұрын қуысы, кеңсірік, жұтқыншақ, таңдай тесігі, көмекей, кеңірдек және

бронхылар жатады. Ауа жүретін жолдар ауаны тазалап, жұтылатын ауаның температуралық және механикалық тітіркендіргіштердің рецепциясы болып табылады. Сондай-ақ жұтқыншақ ауаның көлемін реттеуге қатысады. Көмекей дыбыс шығаруға қатысып, ағзада маңызды қызмет атқарады.  

Слайд 12 МҰРЫН ҚУЫСЫ
МҰРЫННЫҢ КІРЕБЕРІСІНДЕ ТЫНЫС АЛУ МЕН ИІС СЕЗУ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТИТЫН БӨЛІКТЕРДІ

АЖЫРАТАДЫ. ТАНАУ ТЕСІГІ МЕН МҰРЫННЫҢ ШЕМІРШЕК БӨЛІГІНІҢ АСТЫНДА ЖАТҚАН ҚУЫСЫ ТЫНЫС АЛУҒА ҚАТЫСАДЫ. БҰЛ ТЕРІМЕН ТЫСТАЛҒАН БӨЛІГІ. МҰНЫҢ АСТЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР ТІНІНДЕ МАЙ БЕЗДЕРІ МЕН ТҮКТІҢ ТҮБІРЛЕРІ ОРНАЛАСАДЫ.ТҮКТЕР ЖҰТҚАН АУАНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ШАҢ-ТОЗАҢДЫ ҰСТАП ҚАЛАДЫ.
КӨМЕКЕЙ
ТЕК ТЫНЫС АЛУҒА ҒАНА ЕМЕС СОНДАЙ-АҚ ДЫБЫС ШЫҒАРУҒА ҚАТЫСАТЫН, ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУА ЖОЛЫНДАҒЫ МҮШЕ. КӨМЕКЕЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҮШ ҚАБЫҚПЕН ҚОРШАЛҒАН. ОЛАР: КІЛЕГЕЙЛІ, ФИБРОЗДЫ-ШЕМІРШЕКТІ ЖӘНЕ АДВЕНТИЦИЯ.
КЕҢІРДЕК
ҚҰРАМЫНДА: КІЛЕГЕЙЛІ, КІЛЕГЕЙ АСТЫ НЕГІЗІ, ТАЛШЫҚТЫ-ШЕМІРШЕКТІ ЖӘНЕ АДВЕНТИЦИАЛДЫ ҚАБЫҚТАРЫ БАР ШЕМІРШЕКТІ ҚАБЫҚПЕН БАЙЛАНЫСАДЫ, СОНДЫҚТАН КІЛЕГЕЙЛІ КІРПІКШЕЛІ,ПРИЗМАЛЫ ЭПИТЕЛИЙМЕН ТЫСТАЛҒАН ТҮТІКТІ МҮШЕ.

Слайд 13 Өкпе
Өкпе көкірек қуысының көп бөлігін алып жатқан және тыныс

алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпенің беті серозды қабық- висцеральды плеврамен қапталған.
Құрлысы: Өкпе-ауа жолдары, бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан тұрады. Альвеолалар өкпенің респираторлы бөлімі болып табылады. Өкпенің бронхтары-оң және сол жақтағы бронхылар жүйелерінен тұрады. Бұл бронхылар өкпе ішінде ауа жолдарын түзіп, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Диаметріне байланысты, ірі бронхылар, орташа және майда бронхтар болып жіктеледі. Ал, бұдан соң соңғы бөлігі-терминальды бронхиолаларға айналады. Бронхиолалар тыныс алу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады.


Слайд 14 Тыныс алу ағзаларының жасқа байланысты өзгерісі
Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін

байлағаннан кейін өкпесіндегі тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрге ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамамен он есе көбейіп кетеді.

Слайд 15 Елу-алпыс жастан кейін өкпенің дәнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады.

Бұл өкпе қозғалысының шектелуіне және тыныс алу қызметінің әлсіреуіне әкеп соғады.

Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер
https://www.google.kz/search?biw=1366&bih=599&tbm=isch&sa=1&q=%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3+%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B&oq=%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B&gs_l=psy-ab.1.2.0l4.78046.82995.0.86230.20.11.0.0.0.0.562.1753.0j2j2j1j0j1.6.0.dummy_maps_web_fallback...0...1.1.64.psy-ab..14.6.1751...0i67k1j0i30k1.0.MPj9YCiJV4Q#imgrc=0NzOkdnWEQDXmM:
https://kazmedic.org/archives/1916


Слайд 17Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика