Слайд 3Папиллома – жалпақ және өтпелі эпителийден өсетін ісік. Ол теріде, ауыз
қуысында, көмейде, мұрын қуысында, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папилломаның көлденеңі 1 см-ге дейін жетеді. Микроскопта қарағанда, оның сырты көп қабатты эпителиймен қапталған. Папилломаның маңызы, оның жайғасу орынына байланысты. Көмей папилломасы мен қуық папилломасы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.
Слайд 7Тері папилломасы
гематоксилин-эозин х200
Слайд 10Аденома – безді ағзалар эпителиінен өседі. Көлемі бірнеше см-ге дейін жетеді.
Оның түрлері:
Белдеулі (трабекулалы) аденома;
Түтікті (тубулярлы) аденома;
Альвеолалы (ацинарлы) аденома;
Бүртікті аденома.
Аденома құрамында дәнекер тін көп болса, оны фиброаденома деп атайды.
Слайд 20Эпителиішілік рак (Carcinoma in situ) – эпителий қабатының ішінде өсетін рак.
Микроскоппен қарағанда жасуша атипизмі және көптеген митоздар көрінеді. Ісік көпке дейін айналасындағы тіндерге бойлап өспейді. Кейде бұл ісік өз-өзінен жоқ болып кетуі мүмкін.
Слайд 25Жалпақ жасушалы (эпидермалдық) рак – теріде, шырышты қабаттардың жалпақ немесе өтпелі
эпителиінен өседі. Кейде бұл ісік метаплазия жолымен де пайда болуы мүмкін. Жалпақ жасушалы рактың екі түрін ажыратады: түлеуші және түлемеуші рак. Түлеуші рак кезінде ісік жасушаларындағы түлеу өнімдері қат-қабат жайғасып “рак інжулері” деген құрылымдарды түзеді.
Слайд 26Түлеуші жалпақ жасушалы рак
гематоксилин-эозин х200
Слайд 28Безді рак (аденокарцинома) – ең жетілген рак қатарына жатады. Ол безді
ағзалардың призмалық немесе текше тәрізді эпителиінен өседі. Ісік жасушалары ацинустық, сорғыштық, тубулярлық құрылымдар түзеді. Ісік жасушаларының ядролары ұзынша, базалды жайғасқан. Олардың арасында митоздар көп.
Слайд 29Асқазанның аденокарциномасы
гематоксилин-эозин х200
Слайд 31Гипернефроидты рак
гематоксилин-эозин х200
Слайд 32Шырышты (коллоидты) рак – ісік жасушаларының көп мөлшерде шырышты сұйықтық бөліп
шығаруымен сипатталады. Микроскоппен қарағанда, шырышты заттармен толған қуыстар көрінеді. Сол қуыстардың ішінде ядролары шетке ығыстырылған жүзік тәрізді ісік жасушалары болады (жүзік тәрізді жасушалар).
Слайд 34Асқазанның шырышты рагы (сақина тәрізді жасушалы рак)
гематоксилин-эозин х400
Слайд 35Солидті рак (латынша solidum – қатты) – ісік жасушалары коллаген затын
түзе алу қабілетіне байланысты ісік қатты болады. Бұл аса тез өсетін ісіктер қатарына жатады. Микроскоппен қарағанда, бір-бірімен тұтасып жатқан аралары дәнекер тінмен бөлінген эпителий кешендерін көреміз. Жасушалардың арасында митоздар көп.
Слайд 37Майда жасушалы рак – жетілмеген рактар қатарына жатады. Көбінесе өкпеде өседі,
ісік жасушалары майда, ядролары гиперхромды, лимфоцит тәрізді домалақ немесе арпа дәніндей сопақша, ядрошықтары көрінбейді, ешқандай құрылымдар түзбейді.
Слайд 38Фиброзды рак (скирр) – сүт бездерінде, асқазанда көп кездеседі, өте қатерлі,
ерте метастаз беретін рак. Ісік жасушаларымен бір қатарда дәнекер тін көп өсіп кеткен, сондықтан ұстап көргенде қатты.
Слайд 40Медулярлы (аденогенді) рак – ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік. Микроскоппен
қарағанда ісікте стромаға қарағанда паренхима (жасушалар) басым болады. Жасуша атипизмі өте күшті болғандықтан ісік тез өсіп, некрозға ұшырайды.
Слайд 41Аралас (диморфтық) рак. Диморфты рак бір ағзада екі түрлі рактың қатар
дамуы. Мысалы, жалпақ жасушалы рак пен аденокарциноманың, аденокарцинома мен майда жасушалы рактың бір ағзада дамуы, олар сирек кездесетін рактар қатарына жатады.
Слайд 42Теріден өсетін ісіктер
Олар тері эпителиінен және тері қосалқыларынан: тер бездерінен, шаш
фолликулаларынан және май бездерінен өседі. Олар қатерлі және қатерсіз болып бөлінеді. Осы ісіктердің ішінен ең жиі кездесетіндері:
- Сирингоаденома – тер бездерінің түтіктерінен өсетін ісік. Ол сорғышты және түтікті болып бөлінеді.