Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеу презентация

Содержание

Слайд 1
СӨЖ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ




Орындаған: Бегалы Б
Курс: 5
Топ: 05-1
Тексерген:

Кафедра: Клиникалық фармакология


Слайд 2


Жоспары

Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеу
Фармакодинамикалық зерттеулер
Фармакокинетикалық зерттеулер
Токсикологиялық зерттеулер
Дәрілік заттарды клиникалық зерттеу
Клиникалық зерттеулердің фазалары
Ретроспективті зерттеулер
Проспективті зерттеулер.





Слайд 3Дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу
1. Дәрілік заттардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі

зерттеу:
Жалпы уытты әсер;
Аллергия туындатушы әсер
Иммунотоксикалық әсер
Мутагенді әсер
Канцерогенді әсер

2. Дәрілік заттардың арнайы фармакологиялық белсенділігін зерттеулер





Слайд 4Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеулер
Жаңа ДЗ клиникаға дейінгі этапта зерттеудің мақсаты

– олардың фармакологиялық қасиеттері мен тиімділігін, сонымен қоса, токсикалық қасиеттерін анықтау болып табылады.
Жаңа дәрілік заттарды адамдарға тағайындамас бұрын, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі, экспериментальды моделдер мен жануарларда жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеулерде анықталуы қажет. Мұндай зерттеулерге келесі аталғандар жатады:
фармакологиялық;
фармакокинетикалық;
токсикологиялық.


Слайд 5Фармакологиялық зерттеулер
Фармакологиялық зерттеулер жаңа ДЗ негізгі әсерін, оның ағзадағы маңызды анатомиялық

және физиологиялық жүйелерге әсерін және де әсер ету ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.
Фармакокинетикалық зерттеулер
Фармакокинетикалық зерттеулер кезінде жаңа ДЗ сіңірілуі, ағзада таралуы, түрленуі және шығарылуы, сонымен қоса, олардың түрленуі салдарынан пайда болған метаболиттер туралы мәліметтер алынып, ДЗ уақыт аралығындағы фармакокинетикалық профилі анықталып, олардың мөлшерлеу тәртібін жасауға мүмкіндік береді.


Слайд 6Токсикологиялық зерттеулер
Токсикалық зерттеулер кезінде экспериментальды жануарлардың ағзасына препараттың зақымдаушы әсерінің сипаты

мен қарқындылығы анықталады.
Токсикологиялық зерттеулер үш этаптан тұрады:
- бірінші этапта ағзаға ДЗ бір рет енгізгеннен соң дамыған жедел токсикалық қасиеті зерттеледі;
- екінші этапта ДЗ екінші рет немесе бір жыл бойы бірнеше рет қайталап енгізген соң дамыған созылмалы токсикалық қасиеті зерттеледі;
- үшінші этапта препараттың арнайы токсикалық қасиеттері - канцерогенділігі, мутагенділігі, эмбриотоксикалық және тератогендік қасиеттері, аллергенділігі, сонымен қоса, дәрілік затқа тәуелділік тудыру қасиеті зерттеледі.


Слайд 7Клиникалық зерттеулер
Клиникалық зерттеулердің мақсаты — жаңа ДЗ терапевтік немесе профилактикалық тиімділігін

бағалап, ұтымды мөлшерлеу тәртібін анықтап, оны қолдану схемасын құрастырып, басқа қолданылып жүрген препараттармен салыстыру.
Клиникалық зерттеулердің фазалары
Жаңа ДЗ клиникалық зерттеу бір-бірімен тығыз байланысты 4 фазадан тұрады:
клинико-фармакологиялық зерттеулер;
пилотты және бақылаулы зерттеулер;
ауқымды клиникалық зеттеулер;
препарат тіркелгеннен кейінгі зерттеулер.


Слайд 8Клиникалық зерттеулер


Слайд 9I-ші фаза - клинико-фармакологиялық зерттеулер
I-ші фазада зерттеуге өз еркімен қатысқан сау

адамдарда жаңа ДЗ фармакокинетикалық қасиеттері мен қауіпсіздігі нақтылы зерттеледі. Оның мақсаты – зерттелетін препараттың қаншалықты қауіпсіз екендігін, оның терапевтік әсерінің бар жоғын анықтап, мөлшерлеу тәртібін таңдаудың ұтымды негіздерін құрастыру. Зерттеуді өз еркімен қатысқан адамдарға жүргізеді. (5-10 адам).
Фармакокинетиканы ДЗ бір рет енгізген соң, содан кейін бірнеше рет енгізгеннен соң зерттейді. Фармакокинетикалық параметрлерді алған соң (жартылай шығарылу уақыты, АUС, таралу көлемі, жалпы және бүйректік клиренс), препараттың әр түрлі мөлшерлерін қолданғандағы фармакокинетиканың сызықтылығын, пероралды қолданылатын ДЗ фармакокинетикасына тағамның әсерін зерттейді.


Слайд 10Фармакодинамикалық зерттеулердің I-ші фазасында препараттың мөлшері мен әсері арасындағы өзара байланысты,

ең төменгі эффективті мөлшерімен жоғары терапевтік мөлшердің әсер ету ұзақтығын анықтайды.
I-ші фазада жүргізілген барлық зерттеулер, препараттың жағымсыз әсерлерін анықтау үшін, мұқият бақыланып отырады. Егер, клиникаға дейінгі зерттеулер мен өз еркімен қатысқан сау адамдарға жүргізілген зерттеулер кезінде жаңа ДЗ қауіпсіздігі дәлелденсе, науқастардың арнайы популяциясында, мысалы үшін бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылысы бар науқастарда, препараттың фармакокинетикалық қасиеттері мен қауіпсіздігін анықтау зерттеудің I-ші фазасында да жүргізіле береді.


Слайд 11 II-ші фаза– пилотты және бақылаулы зерттеулер
II-ші фазаның мақсаты –

100—200 адамнан тұратын науқастардың белгілі бір контингентінде жаңа ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетіп, оптималды мөлшерлеу тәртібін анықтау.
II-ші фазада зерттеудің екі түрі жүргізіледі:
пилотты зерттеулер (II-ші a фазасы);
бақылаулы зерттеулер (II-ші b фазасы).
Пилотты зерттеулер ДЗ қосымша фармакологиялық қасиеттерін табу мақсатында жүргізіледі. Зерттеулер барысында осы бағытта жалғасқан бақылаулы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі анықталады.
Клиникалық зерттеулердің II-ші фазасындағы бақылаулы зерттеулер ең маңызды болып табылады. Бақылаулы зерттеулерде, атында тұрғандай, емнің нәтижесіне әсерін тигізетін факторлармен байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, бақылау тобы болады (алғашқы жағдайын бақылау, плацебо-бақылау, белсенді бақылау).


Слайд 12Рандомизация – зерттеуге қатысатын адамдарды топтарға кездейсоқ таңдау әдісімен бөледі. Бұл

әдіс топтарды статистикалық салыстырудың негізі болып табылады.
Кейбір жағдайда, бақылау тобы ретінде тарихи бақылау (ДЗ бұрын қолданғандағы алынған тәжірибе) пайдаланылады.
Бақылаулы зерттеулер ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Көп жағдайда тәжірибеде ашық әдіс қолданылады. Бұл әдісте дәрігерге де, науқасқа да, емдеу әдісі мәлім болады (зерттелетін препарат немесе салыстырылатын препарат).
Жабық әдіс екі жолмен жүзеге асырылады:
қарапайым жабық зерттеу;
екі жақты жабық зерттеу.
ДЗ әрбір тобына тиімділікті бағалау үшін, алдын ала міндетті түрдегі қосымша критериилер белгіленеді. Олар:
клиникалық;
лабораторлық;
инструментальды;
морфологиялық және т.б.


Слайд 13 III-ші фаза ауқымды клиникалық зерттеулер
Ауқымды клиникалық зерттеулердің мақсаты – клиникалық

тәжірибеге максимальды жақындаған жағдайда жаңа ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы қосымша ақпараттарды алу болып табылады. Бұл зерттеулердің барысында қосалқы аурулары, қан айналым бұзылыстары, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстары бар науқастарда жаңа ДЗ терапевтік артықшылықтары, өмір сапасына әсері, сирек кездесетін жанама әсерлері, басқа ДЗ өзара әсерлесуі анықталып, фармакоэкономикалық аспектілері зерттеледі.
III-ші фазадағы ауқымды клиникалық зерттеулер стационарлық және амбулаторлық жағдайларда, әр түрлі популяциядағы жүздеген, тіпті мыңдаған пациенттерге жүргізілетін ірі, көпшоғырланған, бақылаулы және бақылаусыз зерттеулерден тұрады.


Слайд 14 IV -ші фаза – тіркеуден кейінгі зерттеулер
Жаңа препаратты қолдануға

рұқсат беріп, медициналық тәжірибеге енгізген соң, ДЗ қолдану көрсеткіштерін кеңейтіп, тағайындау тәртібі мен емнің схемасын жетілдіру мақсатында, IV -ші фаза – тіркеуден кейінгі зерттеулер басталады. Бұл зерттеулер бірнеше жылдар бойы іске асырылады. Әсіресе, бұл зерттеулер барысында жаңа ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат жинақтап, талдау жүргізеді. Сонымен қоса, жаңа препараттың бірнеше жылдардан кейін мәлім болатын, өмір сүру ұзақтына тиімділігі анықталады. Бұл зерттеулер бірнеше жүздеген және мыңдаған адамдарға жүргізіледі.
IV-ші фазаның бақылаулы зерттеулерінде науқастардың саны әр түрлі болуы мүмкін (жүздеген және мыңдаған) және екі түрлі болады:
ретроспективті;
проспективті.


Слайд 15Ретроспективті зерттеулерде ауру тарихындағы мәліметтер бойынша, бұрын қолданған әр түрлі ДЗ

немесе емнің түрін зерттейді. Бұл зерттеулердің кемшіліктері көп, өйткені, зерттеу нәтижесіне әсер ететін және әсер етпейтін факторлары жүйеленбеген, науқастардың әр түрлі тобына жүргізіледі (рандомизациясыз жүргізілген зерттеулер).
Проспективті зерттеулер алдын ала жоспарланады (әдетете науқастарды жинамас бұрын) және де науқастар тобы дұрыс таңдалып, жалпы хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Бұл аталған жайттар алынатын нәтижелердің шынайылығын арттырады.
Кейде бұл зерттеулер барысында алынған мәліметтер, ДЗ көзқарасты өзгертеді.


Слайд 16ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.  С.К.Жауғашева, А.Н.Ихамбаева КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. Клиникалық фармакология\

В.Г. Кукес басылымы\М.:ММА шығармашылығы.1991.-760 б.
3. https://kazmedic.org/archives/1860




Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика