Слайд 1
Орындаған: Қажахмет.Қ.Д.
Факультет
: Жалпы медицина
Тобы: 18-02
Курс: 4
Қабылдаған:
Модулі : Терапиялық стоматология
Тақырыбы : Ауыздың кілегейлі қабығында қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы жаралы түрінің өзгерістері бар науқастарға көмекті жоспарлау .
Слайд 2Жоспары :
І Кіріспе :
Қызыл жалпақ теміреткіге
қысқаша түсінік .
ІІ Негізі бөлім:
Қызыл жалпақ теміреткінің ағымы ;
Қызыл жалпақ теміреткінің клиникалық көрінісі
Эрозиялы жаралы теміреткі ;
Патогистологиясы ;
Емі .
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Қызыл жалпақ теміреткі ( красный плоский лишай , Lichen ruber planus
) - тері мен кілегейлі қабықты аймақтардың бетіне мүйізгектенетін папулалы бөрткендердің шығуымен сипатталатын созылмалы қабынбалы ауру . Ауыз кілегейлі қабығы ауруларының ішінде қызыл жалпақ теміреткі жиі кездеседі және 50-75 % құрайды .Қызыл жалпақ теміреткі кезінде тыныс ағзаларының , тік ішектің , коньюктиваның , өңештің , асқазанның , несеп жолдарының кілегейлі қабықтары да жарақаттануы мүмкін . Бұл аурумен көбінесе жастары 30-60 арасындағы әйел адамдар ауырады . Соңғы кездері ауру 20 жастан кейін ер адамдар арасында да кездесіп жүр .
Слайд 13Аурудың себебі әлі анықталмаған . Соңғы кезде ұсынылған нейрогендік , вирустық
, тұқымқуалаушы лық және токсико-аллергиялық теориялар әлі толық дәлелдене қойған жоқ .Қызыл жалпақ теміреткі асқазан ішек жолы , бауыр және ұйқы безі аурулары бар адамдарда жиі кездеседі . Аурудың ауыр ағымды түрі сусамыр (қантты диабет) және гипертония ауруы қатар дамыған науқастарда жиі анықталады және Гриншпан синдромы деп аталады . Аурудың дамуында жергілікті ықпалдардың да әртүрлі зақымдар , сапасыз және (әртүрлі материалдардан жасалған протездер , гальванизм жағдайы , дисбактериоз , созылмалы қабыну ошақтары) маңызды рөл атқаратынын атап өту керек .
Слайд 14Қызыл жалпақ теміреткінің ағымы :
Көпшілік жағдайда ауру аса білінбей басталады ,
бірлі жарымды папулалар шығып , біртіндеп көбейіп , ауыз кілегейлі қабығының біраз аймағына жайылады Бұл кезде ауру кездейсоқ анықталуы мүмкін (дәрігер стоматологқа басқа шағымдармен келгенде немесе науқастың өзі байқауы ) .Созылмалы үрдіс табанды түрде ұзақ дамиды ,ауық ауық өршіп тұрады .Сирек жағдайда ҚЖТ жедел басталады және жалқықтана- қызарған , эрозиялы-жаралы түрлерінде қатты ауыру сезімі мазалап , сөйлеу және ас қабылдау қиынға соғады . ҚЖТ кезінде патологиялық үрдіс үдеп қана қоймай , кейде өз бетімен кері дамуы мүмкін , қабыну үрдісі басылып , папулезді бөртпелер жойылып кетеді.
Слайд 15Клиникалық көрінісі :
Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі негізгі бөрткен- беті мүйізгектенген ,
диаметрі 0.2-3мм домалақ пішінді немесе полигональді (көпбұрышты) папула Тері бетіндегі папулалар күлгін немесе көкшіл қызыл түсті беттері жазық және балауызға ұқсас жылтыр . Ал ауыз кілегейлі қабығында беті шамадан тыс мүйізгектенудің және үйкеліске ұшыраудың нәтижесінде папулалар ақшыл-сұр немесе ақ түске ие болады және өзгермеген кілегейлі қабық бетінде анық көрінеді .
Жиі орын алатын клиникалық ерекшеліктері негізінде қазіргі кезде ауыз кілегейлі қабығында және еріндер жиегінде кездесетін аурудың алты түрін ажыратады : әдетті ;жалқықтана қызарған , эрозиялы-жаралы ; буллезді ; гиперкератозды ; атипиялы жатады .
Слайд 16Эрозиялы - жаралы түрі :
Эрозиялы - жаралы түрі аурудың ең ауыр
түрі .Бұл түрі өз бетімен , кейде әдетті және жалқықтана қызарған түрлерінің асқынуы ретінде дамуы мүмкін. Бұл кезде қызарып ісінген кілегейлі қабықта эрозиялы және жаралы ошақтар пайда болады ,бірақ олардың төңірегінде папулалар өрнегі сақталады . Эрозия мен жаралар белгілі пішінсіз ,шикі ет түстес болады, көлемдері 1-3 см , беттері оңай алынатын ақшыл - сұр түсті өліетті-фибринді қақпен жабылады және оны алуға әрекет жасаған кезде жарақат ошағы оңай қанайды. Эрозиялы-жаралы ошақтар біреу ,кейде бірнешеу болады және қатты ашып ауырып мазалайды
Слайд 17Эрозиялы - жаралы түрі :
Мұндай эрозиялар мен жаралар кейде тез жазылып
, қышқыл , тәтті тағамдар ,тыңайқыштар қолдану нәтижесінде ерте піскен қызыл түсті жас көкеністер мен жемістер (қызанақ , құлпынай) қабылдаған кезде қайтадан пайда болады .
Кейбір эрозиялар мен жаралар ұзақ уақыт жазылмаған кезде қатерлі ісікке де ауысуы да мүмкін ( 1-5% жағдайда ) .
Слайд 18Патологиялық гистология :
Эрозиялы жаралы түрінде гипер және паракератоздану үрдісі
қатар эпителийдің бүтіндігінің бұзылуы , эрозия мен жараға тән ақаулар дәнекер тінде қан құйылу ошақтары анықталады .
Слайд 21Емі :
Қызыл жалпақ теміреткімен ауырған науқастарға толық клиникалық зерттеу жүргізу керек
. Жүйке жүйесінің , асқазан-ішек жолының жағдайында жете көңіл бөлініп , қан қысымының ,қандағы глюкоза деңгейі анықталуы керек .Анықталған ауруы болса , арнаулы маманда емдеу шараларын жүргізілгені тиімді болады .
Дәрігер - стоматолог емдеуді ауыз ішін сауықтандыру дан бастайды ,жарақаттаушы себептерді жойып , әртүрлі металқұрамды ортопедиялық конструкциялардың болмауын қамтамасыз етеді .
Слайд 22Емі :
Алмалы-салмалы протездер түссіз пластмассадан жасалынып , амальгамадан қойылған пломбылар басқа
пломбылармен (цементтен , композиттен қойылған ) ауыстырылады . Шылым шегуді ,ішімдік , ащы- қышқыл тағамдарды қабылдауды тоқтатып , ауыз гигиенасын үнемі сақтау туралы кеңес беріледі .
Жергілікті емі : Аурудың эрозиялы-жаралы түрінде жарақат ошағын аурусыздандыратын , антисептикалық және жазылу үрдісін жеделдететін дәрілермен өңдейді (мүмкіндігіне қарай 2-3 рет ).
Слайд 23Емі :
Антисептикалық өңдеу жүргізу үшін сутегінің асқын тотығының 0.5% калий перманганатының
0.05% , фурацилиннің 0.02% мирамистиннің ,гексетидиннің 0.01% ерітінділері қолданылады . Эрозия және жара беттерінде өліетті тінді немесе фибринді қақтар болса ,ферменттердің көмегімен (трипсин , химиотрипсин , ируксол , коллагеназа ) ыдыратып барып ,алып тастайды . Жергілікті емдеуді эрозиялы және жаралы аймақтың жазылуын жеделдететін дәрілерден (10% метилурацил жақпасы , 5% актовегин , 1% дибунол , 3% апилак , камистад-гель А және Е витаминдерінің майлы ерітінділері ) 10 – 15 минутқа бастырма қоюмен аяқтайды .
Слайд 24Емі :
Эрозия және жара ошақтары ұзақ уақыт жазылмаған жағдайда гидрокортизон суспензиясын
,преднизалон немесе дексаметазон ерітіндісін 0.5-1.0 мл үш күнде бір рет жаралы ошақ астына енгізуге болады ,емдеу курсы иньекциядан 5-7 тұрады . Кейбір жағдайда осы мақсатқа делагилдің 5% ерітіндісін 1.0-1.5 мл 3-4 күнде бір рет енгізуге болады , барлығы 6-8 иньекция . Бұл дәрілерді енгізгенде қатты ауыру сезімі туындайтындықтан алдын ала (10-15 минут бұрын ) жарақат ошағын аппликациялық немесе иньекциялық әдістермен ( новокаиннің 2% , тримекаиннің 2 % ерітінділермен ) уақытша жансыздандырып алған өте тиімді .
Слайд 25Емі :
Ұзақ уақыт жазылмаған эрозиялар мен жаралар көп жағдайда ауыз кандидозыменен
асқынатын болғандықтан , жарақат ошағын саңырауқұлаққа қарсы дәрілермен өңдеуді және оларды (нистатин , леворин , орунгал ,низорал ,ламизил ,канестин) іштей тағайындауды да ұмытпау қажет .
Жалпы емі : Қызыл жалпақ теміреткінің барлық түрінде жалпылай емді орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер (шүйгіншөп сығындылары мен тұнбалары , транквилизаторлар) . Антигистаминдік дәрілер (супрастин , димедрол 0.05г тағайындайды .
Слайд 26Емі :
Антигистаминдік дәрілерді күніне 1-3 рет ,
15-20 күндей қабылдау керек .
Сонымен қатар витаминдер жиынтығын , әлдендіретін иммундық жүйе қызметін реттейтін дәрілерді де қолдану қажет .
Эрозиялардың жазылуын жеделдететін , эпителийдің аса мүйізгектенуін тежейтін дәрілер ретінде витамин А және провитаминді препараттар тағайындалады .Ретинол ацетаты (3.44% майлы ерітіндісі ) күніне 7-10 тамшыдан 3 рет ай шамасында іштей қабылдау қажет .
Слайд 27Қолданылған әдебиеттер:
www.google.ru
www.stomport.ru
Терапевтическая стоматология - Боровский Е.В.
Болезни слизистой оболочки полости рта
Л.Я. Зазулевская .Алматы . 2010 жыл
Заболевания слизистой оболочки полости и губ
Боровский Е.В. , Машкиллейсон А.Л. Москва – 1984 год