Қатты материалдарды ұнтақтау, елеу және араластыру. Машиналар мен аппараттар презентация

Содержание

Мақсаты: Студенттерді фармацевттік өндірісте қатты материалдарды ұнтақтауға, елеуге және араластырға арналған машиналар және аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптермен таныстыру Ұнтақту дегеніміз қатты заттар бөлшектерінің өлшемдерін механикалық әсер ету арқылы төмендету.

Слайд 1Қатты материалдарды ұнтақтау, елеу және араластыру. Машиналар мен аппараттар
Лектор: Торланова Б.О.,

к.фарм.н., доцент, и.о. зав.каф. ТФП

Слайд 2Мақсаты: Студенттерді фармацевттік өндірісте қатты материалдарды ұнтақтауға, елеуге және араластырға арналған

машиналар және аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптермен таныстыру

Ұнтақту дегеніміз қатты заттар бөлшектерінің өлшемдерін механикалық әсер ету арқылы төмендету.
Ұнтақтау:
Заттарды еріту, сығындау және т.б. процесстердің жылдамдығын қамтамасыз ету үшін көмекші операция болып келеді,
Таблеткалар, ұнтақтар және т.б. өндірісінде негізгі (басты) операция болып келеді.
Бұл процесстің негізгі сипаттамы – дисперстік дәрежесі. Ол бөлшктердің бастапқы орташа өлшемінің /Дб/ және процесстен кейін орташа өлшемінің /Дк/ қатынасы болып келеді:: Дд=Дн:Дк.

Құрылысы бойынша қатты заттар келесіге бөлінеді: 1/ аморфты; 2/ кристаллды; 3/ құрылысы жасушалық (клеткалық, мысалы өсімдіктер әне т.б.).


Слайд 3Осыған байланысты өндірісте ұнтақтаудың
бірнеше ерекшеліктері бар:

Улы немесе күшті әсер ететің

шаңды түзетін заттарды ұнтақтау Бұл жағдайда тығыз жабылатын, әдетте, шарлы диірмендерді қолданады. Ұнтақтауды бөлек бөлмелерде жүргізеді.

Заттарды алдын-ала салқындату немесе мұздату арқылы ұнтақтау. Оны салқын ауа ағынында дезинтеграторларда немесе балталы диірмендерде жүргізеді.

Затты алдын ала Сокслет типті аппараттарда майсыздандыру арқылы ұсақ ұнтақтау.

Заттарды алдын-ала салқын сумен немесе су буымен жұмсарту. Жұмсарған заттарды алдын ала кешіп, содан соң кептіріп шарлы диірмендерде ұнтақтайды.

Көмекші заттарды қосу арқылы ұнтақтау.

Құрылысы жасушалық (өсімдіктер, жануарлардың мүшелері және микробиологиялық шикізат) заттарды ұнтақтау.

Слайд 4Пайдасыз жұмысты азайту үшін «артық ұнтақтама» ережесін сақтауы керек, себебі ұзақ

ұнтақтағанда ұсақ бөлшектер ұнтақтау шегіне жеткенде керісінше, агрегацияға ұшырайды, яғни бір бірімен бірігеді. Осыған байланысты көптеген ұнтақтағыш машиналар керекті дәрежеде ұнтақталған затты ұнтақтау зонасынан аластату үшін елеуіштермен қамтамасыз етіледі.

Ұнтақтағыш машиналар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Ұнтактау тәсілі бойынша – кескіш, ысқылағыш, езгіш, соққыш және т.б. машиналар;
Ұнтақтау дәрежесі бойынша – орташа және майда, ұсақ және өте ұсақ (коллоидті) ұнтақтайтын диірмендер;
Жұмыс инструменті бойынша – дисклі, шарлы, роторлы және т.б. машиналар.


Слайд 5Орташа және майда ұнтақтайтын машиналар
Соққыш дисклі диірмендерге дисмембратор және дезинтегратор жатады.

Ұнтақтау дәрежесі 10 тең.

Шөп кескіштер: дисклі және барабанды.
Гильотинді пышақтары бар тамыр кескіштер.


Слайд 6Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Кемшіліктері: өнімнің ұнтақталу дәрежесі (гранулометриялық құрамы) біркелкі болмайды.



Барабанның айналу жылдамдығы оптималды болуы керек.

Корпусы айналмалы барабанды диірмендер. Жұмыс инструменты бойынша олар шарлы және стерженьді болады. Артықшылықтары:
құрылысы және жұмыс істеу қарапайымдығы, шаңды сыртқа шығармайды. Ұнтақтау дәрежесі 100 тең.


Слайд 7Өте ұсақ және коллоиді ұнтақтауға арналған машиналар
Вибрациялық диірмендер. Бөлшектердің

бастапшы өлшемдері 1-2 мм, соңғысы – 1-5 мкм. Диірменнің қозғалу жиілігі 1500-3000 қоз./мин. Вибрациялық диірмен горизонталды орналасатын цилиндр түрде, оның ішкі көлемін 30%-ға дейін шарлармен немесе стерженьдермен толтырады. Осы диәрмендер тек құрғақ заттарды емес, сонымен бірге ылғалды материалдарды ұнтақтайды. Артықшылығы – дисперстіктің жоғары дәрежесі. Кемшілік - өнімділігі төмен және шарлар мен стерженьдердің тез тозуы. Корпус салқындататын суды беруге арналған «бу көйлегімен» қамтамасыз етіледі.

Ұнтақтау дәрежесі 1000 тең.

Слайд 8Өте ұсақ және коллоиді ұнтақтауға арналған машиналар
Ағымды диірмендер – заттың ұнтақталуы

6-7,5 атм қысымында 600-800 м/сек жылдадықпен жиберілетін ауа немесе артық қызған бу ағынында жүреді. Бір мезетте ұнтақталған затт фракцияларға бөлінеді, себебі ірі бөлшектер ұнтақтау зонаның перифериясына жылжыйды, ал ұсақ бөлшектер ауамен жоғары қарай көтеріліп қабылдағышқа түседі.
Артықшылықтары: дисперстік дәрежесі өте жоғары, бір мезетте өлшемдері бойынша фракцияларға бөліну, аппарат тез тозбайды, термиялық тұрақсыз заттарды да ұнтақтауға болады, себебі материалдың бастапқы температурасы сақталады. Кемшіліктері: электр энергияның шығыны жоғары, жиберілетін ауаның және ұнтақталатын материалдың жылдамдығы бір келкң болуы қажет.
Ұнтақтау дәрежесі 1000 тең.

Слайд 9Ұнтақталған заттарды бөлу
Затты фракцияларға бөлу келесі тәсілдерімен орындалуы мүмкін:
Механикалық бөлу

(елеуіштердің көмегімен).
Гидравликалық бөлу (бөлшектерді сұйық ортада тұну жылдамдығына тәуелді бөлу).
Пневматикалық (ауа немесе газ ағынында бөлшектердің салмағына тәуелді бөлу).

Слайд 10Ұнтақталған заттарды араластыру
Араластыру – бір немесе бірнеше заттардың бөлшектерінің массада біркелкі

таралуын қамтамасыз етеін процесс, сондықтан өте жауапты операция болып саналады.

Дәрілік заттың массада біркелкі таралуы оның дәл дозалануына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе күшті әсер ететін заттармен дәрілерді дайындағанда өте маңызды болады.


Слайд 11Материалдардың араласу сапасы келесіге тәуелді
Бөлшектердің пішініне (формасына), физико-химиялық қасиеттеріне, тығыздығына, сусымалдылығына,

үйкеліс коэффициентіне, ылғалдылығына және т.б.
Араластырғыш аппараттың түріне, құрылысына, көлеміне, тиеуші және шығарушы қондырғылардың орналасуына және т.б.
Массаның әр компонеттінің араластыру жағдайларына, аппарат пен қоспан көлемдерінің қатынасына, араластыратын компонентерді аппарат ішіне салу тәсіліне, кезектігіне және жылдамдығына.

Слайд 12Араластырғыштар машиналар – сусымалды немесе ылғалды заттардың бір бірінде біркелкі таралуын

қамтамасыз ететін аппараттар

Араластырғыш машиналар үздікті, жартылай үздікті және үздіксіз істетін қондырғылар.
Конструкция бойынша олар келесіге бөлінеді:
Айналмалы корпусымен;
Айналмалы қалақшаларымен;
Жалған қайнау қабатта араластыратын;
Ортадан тепкіш күшпен істейтін.


Слайд 13Ұнтақтар
Ұнтақтар дегеніміз бір немесе бірнеше, сыртқа немесе

ішке қолданылатын, сусымалдылық қасиеттке ие болған қатты дәрілік түр.
Ұнтақтардың артықшылықтары:
Жеңіл дайындаулуы,
Толықтырғыштардың болмау,
Дәрілік заттың дисперстік дәрежесін реттеу және оның биологиялық тиімділігіне әсер ету мүмкіндігі.
Ұнтақтардың кемшіліктері: дұрыс сақтамаған кезде ұнтақтар ылғалданып түйірленеді, бөгде иістерді өзіне сіңіреді, шырышты қабаттарға тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін
және т.б.
Ұнтақтардың технологиясы келесі сатылар мен операциялардан турады:
бастапқы заттарды ұнтақтау,
елеу,
араластыру,
стандарттау,
бөлшектеу мен орамдау.

Слайд 14Жинақтар
Дәрілік жинақтар дегеніміз кесілген немесе ірі ұнтақталған бірнеше өсімдік шикізатанын

дайындалған қоспалар. Олардың құрамына тұздар, эфир майлар және т.б. заттар қосылуы мүмкін.
Жинақтар – ертеден келе жатқан ДТ-лер. Қазіргі уақытта оларды фармацевттік фабрикалар мен заводтарда дайындалады, дәріханаға оларды дайын орамдалған түрде жібереді.

Артықшылықтары:
Шикізаттың қол жеткіліктігі;
Дайындау салыстырмалы женілдігі.
Кемшіліктері:
Жинақтар аяқталмаған дәрілік түр болып саналады,
Науқас өзі оны қосымша өңдеу керек (қайнату, тұндыру, жандыру);
Қолдану кезінде дозалануының дәл еместігі (сондықтан жинақтардың құрамына күшті әсер ететін заттарды және өсімдіктерді енгізбейді).

Слайд 15Назар бөліп
тыңдағандарыңызға

рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика