Ұқсастық шаралары презентация

Содержание

Ұқсастық шаралары. Салыстырмалы қауіп-қатер. Мүмкіндіктер қатынасы. Дәріс жоспары

Слайд 1 БИОСТАТИСТИКА
ЛЕКЦИЯ 18

Ұқсастық шаралары


Слайд 2Ұқсастық шаралары.
Салыстырмалы қауіп-қатер.
Мүмкіндіктер қатынасы.
Дәріс жоспары


Слайд 3Ұқсастық шаралары
Сапалы белгілерді талдау үшін, осыған дейін дәстүрлі түрдегі Пирсонның χ2-белгісі

қолданылып келді.
Дегенмен соңғы кездегі медициналық зерттеулерде көптеген мамандар Пирсон χ2-белгісінің орнына салыстырмалы қауіп-қатер немесе мүмкіндіктер қатынасын қолдануды дұрыс көреді.
Өйткені бұл статистика χ2-Пирсонға қарағанда оңай түсіндіріледі және белгілер арасындағы қатынас туралы қосымша ақпарат береді.
Белгілер арасындағы сандық байланыс үшін қолданылатын индикаторлар ұқсастық шаралары деп аталады. Осындай шаралардың бірі салыстырмалы қауіп-қатер және мүмкіндіктер қатынасы болып табылады. Оларды анықтау үшін 2x2 түйіндес кестелері пайдаланылады.

Слайд 4Ұқсастық шаралары.
Салыстырмалы қауіп-қатер.
Мүмкіндіктер қатынасы.
Дәріс жоспары


Слайд 5Қауіп-қатер – бұл қолайсыз нәтиже беретін ықтималдық (мысалы, асқынулар, ауру, өлім

және т.б.). Ол 0-ден (қауіп жоқ) 1-ге дейінгі (қолайсыз нәтиже болуы екіталай) аралықтағы мәндерді қабылдайды.

Қауіп-қатер факторы – бұл адам денсаулығына теріс әсер ететін және аурулардың пайда болуы мен дамуы үшін қолайлы ортаны қалыптастыратын жағдай.
Мысалы, темекі шегу (фактор) – бұл өкпе ісігінің (қауіп-қатер) пайда болуына алып келеді.

Қауіп-қатер факторларын бағалау


Слайд 6Салыстырмалы қауіп-қатер (СҚ) (relative risk, RR) – бұл фактор әсер ететін

таңдаманың осы бөлігіндегі оқиға жиілігінің, фактор әсер етпейтін таңдаманың сол бөлігіндегі оқиға жиілігіне қатынасы.
Салыстырмалы қауіп-қатер - фактор мен қолайсыз нәтиже арасында байланыс күшін көрсетеді.

Салыстырмалы қауіп-қатер


Слайд 8Егер СҚ=1 болса, онда фактор мен қолайсыз нәтиже арасында байланыс жоқ;

Егер

СҚ>1 болса, онда зерттелген фактор қауіп-қатер факторы болып табылады;

Егер СҚ<1, болса, онда зерттелген фактор қауіп-қатер факторы болмайды.

Салыстырмалы қауіп-қатерді түсіндіру


Слайд 9Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу және түсіндіру мысалы
Контрацепті таблеткалар қабылдайтын және балалары сарыаурумен

ауыратын, емшек сүтін емізетін аналар арасындағы байланыс зерттелді. Зерттеуге арналған деректер кестеде келтірілген.

Слайд 10Алынған нәтиже қауып-қатер факторы (контрацептивтік препараттарды қабылдау) қолайсыз нәтиже болудың (балалардың

сарғаюының пайда болуы) ықтималдығы 2,44 есе артуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Шешуі.

Салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу және түсіндіру мысалы


Слайд 11Ұқсастық шаралары.
Салыстырмалы қауіп-қатер.
Мүмкіндіктер қатынасы.
Дәріс жоспары


Слайд 12Мүмкіндік – бұл оқиғаның орындалуының ықтималдылығының орындалмауының ықтималдығына қатынасы.
Егер Мүмкіндік =

1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығына тең болады;
Егер Мүмкіндік > 1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығынан үлкен болады;
Егер Мүмкіндік < 1 болса, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы оқиғаның пайда болмайтындығының ықтималдылығынан кіші болады.

Мүмкіндіктер қатынасының анықтамасы және оны түсіндіру


Слайд 13Мүмкіндіктер қатынасы (МҚ) (odds ratio, OR) – бұл топтағы фактордың әсеріне

ұшыраған қолайсыз оқиғағалардың мүмкіндіктерінің, басқа топтағы қолайсыз оқиғалардың мүмкіндіктеріне қатынасы.
Немесе оқиғаның пайда болу мүмкіндіктерінің пайда болмау мүмкіндіктеріне қатынасы.

Мүмкіндіктердің қатынасы.


Слайд 15Егер МҚ (0,1) болса, онда бұл фактордың әсерінен қолайсыз

нәтиже туындау қаупін азаятындығын көрсетеді;

Егер МҚ>1 болса, онда бұл фактордың әсерінен қолайсыз нәтиже туындау қаупін көбейетіндігін көрсетеді;

Егер МҚ=1 болса, онда фактордың әсерінен ешқандай әсер жоқ екендігін көрсетеді.

Мүмкіндіктер қатынасын түсіндіру


Слайд 16 Белгілі бір ауру тудыратын «X» геніндегі мутацияға зерттеу жүргізілді.
Біртекті ауру

және сау топтардың геніне талдау жүргізілді, нәтижелер кестеде келтірілген

Мүмкіндіктер қатынасы есептеу және түсіндіру мысалы


Слайд 17Шешуі.
Науқастар тобында мутацияны табу мүмкіндігін (М1) есептеу:


Бақылау тобында мутацияны табу

мүмкіндігін (М2) есептеу:


Мүмкіндіктер қатынасын (МҚ) есептеу:


МҚ>1 дегеніміз - болжанған қауп-қатер факторы (геннің мутациясы) маңызды, яғни оқиға (ауру) жоғарғы ықтималдылықпен орын алуы мүмкін.




Мүмкіндіктер қатынасы есептеу және түсіндіру мысалы


Слайд 18Салыстырмалы қауіп-қатер немесе мүмкіндіктер қатынасы?
Мүмкіндіктер қатынасы және салыстырмалы қауіп-қатер анықтағанда зерттеудің

сипатын ескеру өте маңызды!
Проспективтік зерттеу – бұл науқастар тобынын емдеу нәтижесін ұзақ уақыт бойы бақылау. Проспективтік зерттеулерде (зерттелетін топтар деректерді жинаудан бұрын қалыптасады) салыстырмалы қауіп-қатер есептеледі.
Ретропективтік зерттеу – бұл алдын ала жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижесін талдау. Ретроспективтік зерттеулерде (зерттелетін топтар деректерді жинаудан кейін қалыптасады), мүмкіндіктер қатынасы есептеледі.

Слайд 19Қандай көрсеткіштер ұқсастық шаралары деп аталады?
Қауіп-қатер деген не?
Салыстырмалы қауіп-қатер нені көрсетеді?
Салыстырмалы

қауп-қатерді қалай түсіндіруге болады?
Мүмкіндік деген не?
Мүмкіндік қатынасы нені көрсетеді?
Мүмкіндік қатынасын қалай түсіндіруге болады?
Қандай жағдайда салыстырмалы қауіп-қатер қолданылады?

Бақылау сұрақтары:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика