Слайд 1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Слайд 2Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының көліктік – логистикалық инфрақұрылымдарының даму жолдарын
қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі: Экономикалың тиімділігі едәуір деңгейде, өндірістік инфрақұрылым деп аталатын, өндірістің барлық процестерін қамтитын қоғамдық өндірістің жалпы жағдайына: жолдар жүйесі, байланыс, ақпараттық қамтамасыз ету, газ және су құбырларымен, байланысын қарастыру.
Слайд 3МАЗМҰНЫ
1 ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2 ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Слайд 4ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады.
Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде «логистер» немесе «логистектер» деген мәртебесі бар қызметкер-лер болған. Олар азық – түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған.
Үлкен ағылшын – орыс сөздігі бүгінгі таңда да «logistics» сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды – техникалық қамтамысз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: «Логистика гректің «logistike» сөзінен алынған – есептеу, пайымдау өнері. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды».
Слайд 5
Логистика
Бұл шикізатта сатып алу орнынан соңғы тұтуны орнына дейін материалды және
сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз етеді.
Өнімге қажеттілік туған жерде , алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта, қажеттің өнім көлемін алуға бағытталған қызмет түрлерінің жиынтығы
Уақыт пен кеңістіктегі өнімді жеке тарату үрдісі туралы ғылым.
Жабдыұтаудың, өткізу мен тасымалдаудың өзара байланыстары туралы ғылым.
Слайд 6ЛОГИСТИКАНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Логистика дамуының тағы бір бағыты – экономикалық, мұнда логистика
деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.
Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70–ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.
Слайд 72. ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
Инфрақұрылымның даму деңгейі көлік жүйесінің тиімділік дәрежесін айқындайды.
Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
Көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесін құру, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу;
Магистральдық темір жол желісінің, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, қалалардағы көше-жол желілерінің және ішкі су жолдарының тасымалдау және өткізу қабілетін, сондай-ақ теңіз, өзен және әуе порттарының өндірістік қуаттарын арттыру.
Слайд 8Жол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады, алты негізгі халықаралық
транзит дәліздерін қайта жаңартуды аяқтау:
1)Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас;
2) Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;
3) Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;
4) Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;
5) Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай;
6) Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург;
Слайд 91-СУРЕТ. ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ТРАССАЛАРДЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ(2021-2025Ж)
Слайд 10Елбасы Қазақстан-2030 Стратегиясында әлемнің 30 үздік елдері қатарына кіру мақсатында елімізді
тұрақты дамыту туралы орасан зор міндеттер қойды. Мұнда елдің транзиттік әлеуетін дамытуға былайша ерекше көңіл бөлінген:
«Біз өзіміздің транзиттік әлеуетімізді дамытуымыз қажет. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы көзделген. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 есеге артуы тиіс».
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты, 2014 жылғы 28 сәуірде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқуы кезінде Н.Назарбаев «Еуразия» каналын салу қажеттілігін тағы да негіздеді: «Каспий – Қара теңіз» - Еуразиялық мемлекеттердің әрі қарай ықпалдасуы мақсатында (2-сурет).
Слайд 112-СУРЕТ. ЕУРАЗИЯ КАНАЛЫНЫҢ СЫЗБАНҰСҚАСЫ
Слайд 12Тағы бір маңызды мәселені ескеру қажет – салыстырмалы бағалауда жаңадан салынатын
Жезқазған мен Бейнеу арқылы өтетін «Қорғас – Ақтау порты» қысқа теміржол торабы ескерілмеген, оның қызмет етуі «Еуразия» каналы арқылы өтетін қытай тауарының жүк тасқынын жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғайтады, бұл оның тиімділігін қосымша арттырады.
Егер қазір Қытай тауарлары Азияны айналып Суэц каналы арқылы (3-сурет)Еуропаға 45 күнде жеткізілсе, «Еуразия» каналы арқылы бұл мерзім 7-10 күнге дейін қысқарады (3 - сурет).
Слайд 133 - СУРЕТ. «ЕУРАЗИЯКАНАЛЫ» ЖӘНЕ ИРАНДЫҚ «КАСПИЙ ТЕҢІЗІ – ПАРСЫШЫҒАНАҒЫ» КАНАЛЫ
Слайд 14
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистральдің техникалық-экономикалық жобасы бойынша енді
7-8 жылда жолдың жүк көліктерін өткізу көлемі 2,5 есе ұлғаятын болмақ. Жобаны іске асырудан Қазақстанға келетін экономикалық пайда жыл сайын 33,9 млрд теңге, жол-көлік апаттарының азаюынан түсетін пайда 49,9 млн теңге, ал ішкі өнімдердің өсуіне байланысты түсетін пайда 82,9 млрд теңге болатын көрінеді (4-сурет).
Слайд 154-СУРЕТБАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМАГИСТРАЛІ
Слайд 16
«Транзиттік жол» – Қазақстан Республикасы үшін ерекше орын алатын көліктік- коммуникациялық
өтеулерді экспорттау формасы. Халықаралық транзиттегі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері көліктік дәліздерде қатысуымен қарастырылады. Еуразиялық бағытта Қазақстан үш транзиттік бағыт бойынша қатысады: біріншісі, Еуропа - Ресей - Қытай; екіншісі, Еуропа - Қытай (экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері арқылы: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан); үшіншісі, Ресей - Орталық Азия. Қазақстанның транзиттік әлеуеті әлемдік қоғамдастық назарындағы маңызды нысанға айналып отыр. Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады.
Слайд 173 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Слайд 18Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс
істейді:
1) Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ). Қазақстанды Батыс Еуропамен және Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен және Жапониямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);
2) ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі. Аталған дәліз мынадай бағдарлар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде);
3) ТРАСЕКА. Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық/Қорғас - Алматы - Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған - Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады;
4) Солтүстік - Оңтүстік. Қазақстанның Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау - Атырау, сондай-ақ Өзен-Берекет (Түрікменстан) – Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы учаскелерінде қатысуымен Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;
5) ТАТМ-ның Орталық дәлізі. Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш – Озинки бағыты бойынша және әрі қарай Солтүстік – Батыс Еуропаға өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар.
Слайд 19
ЕЛ БАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2030 СТРАТЕГИЯЛЫҚ» БОЙЫНША
Слайд 20ҚР-Ң КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН АРТТЫРУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРІ
Слайд 212-КЕСТЕ
ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІН ДАМЫТУ КӨРСЕТКІШІ
Слайд 224 – КЕСТЕ
СУ КӨЛІГІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТКІШ
Слайд 235 – КЕСТЕ
КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Слайд 242020 жылдың соңына қарай «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» және
«Орталық – Батыс» бағыттары бойынша 3 ірі жобаны аяқтау;
«Астана – Қостанай – Челябі», «Таскескен – Бақты», «Омбы – Майқапшағай», «Алматы – Үшарал – Достық», «Самара – Орал – Ақтөбе», «Астрахань – Атырау – Ақтөбе», «РФ шек. (Астраханьға) – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы» республикалық желісі бойынша басқа халықаралық бағыттарды дамыту жөніндегі жұмысты аяқтау;
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (бұдан әрі – ҮАААЖ) жол саласының бірінші концессиялық жобасын іске асыру.
Автожол инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы І және ІІ техникалық санаттағы автомобиль жолдарының пайызын 2020 жылдың соңына қарай 48 %-ға арттыру арқылы қол жеткізілетін болады.
Өңірлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне жауап беретін жобаларға шоғырланады. 2020 жылдың соңына дейін 1 124 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жүргізу жоспарлануда.
Күрделі және орташа жөндеудің жөндеуаралық циклдерінің артта қалуын қысқарту, сондай-ақ ақаусыз күтіп-ұстауға көшу.
Жыл сайынғы жөндеу жұмыстарымен қамту 10 жыл ішінде республикалық желі бойынша 16 %-ға, жергілікті желі бойынша 5 есеге өсті. Алайда, орташа жылдық күрделі және орташа жөндеу қарқыны қалып қойған жөндеуаралық циклдерді өтеуге үлгермеуде. Бүгінгі күні бұзылу мен күрделі және орта жөндеу сатысындағы жолдардың ұзындығы 56,5 мың км астам жалпы пайдаланымдағы, олардың 20 %-ы республикалық маңызы бар автожолдарды құрайды.
Осыған байланысты, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша 2020 жылға қарай 22 796 км жаңа, оның ішінде: 10 195 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және 13 725 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда. Сонымен бірге, осы жөндеу қарқыны бағдарламалық кезең шеңберінде қажеттілікті жабуға мүмкіндік бермейді. Осы үрдіс сақталатын болса, жөндеуаралық циклдердің артта қалуын 2035 жылға қарай ғана өтеу мүмкін болады
Слайд 25ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Арнайы web-сайт ҚР статистикасы жөнінде http//www.stat.kz/
2. Қаналиев Б. Көлік-коммуникация
саласының мүмкіндігі таңдалған бағыттың дұрыстығын дәлелдейді // Егемен Қазақстан.-2002.-20 қыркүйек.(№221-222)-5 б.
3. Қожабекова З.Е. Диссертациялық жұмыс/ «Аумақты кеңістікте ұйымдастыру жүйесіндегі көлік және коммуникация дамуының экономикалық-географиялық мәселелері (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)», 2010 – 23-40 б.
4. Қазақстан Республикасының ресми сайты: www.stat.gov.kz
5.Т. Өмipзакoв. «Дамудың айқын бағыты». Eгeмeн Қазақcтан. 6 мамыp 2015. -4б.
6. Қазақcтанның «KAZLOGISTICS» көлiк Oдағының баcпаcөз қызмeтi, group-global.org
7. Назаpбаeв Н.А. Cтpатeгия pазвития «Казахcтан – 2030».
8. Ақашeва Ә.C., Алимбeкoва Г.Т. Қазақcтан Pecпубликаcындағы көлiктiк-лoгиcтикалық инфpақұpылымдаpдың даму мәceлeлepi. Гeoгpафия в шкoлах и вузах Казахcтана. 2015.Pазвития Pecпублики Казахcтан дo 2020 гoда