Түркеш қағанаты презентация

Содержание

Жоспар: 1. Түркеш қағанаты туралы 2.Түркеш қағанатының ішкі- сыртқы саясаты 3.Тарихы 4.Түркеш қағанатының қалыптасуы 5. Зерттеушілердің соғдылар туралы пікірлері

Слайд 1

Түркеш қағанаты
Орындаған: Итегулова Дильназ


Слайд 2
Жоспар:
1. Түркеш қағанаты туралы
2.Түркеш қағанатының ішкі- сыртқы саясаты
3.Тарихы
4.Түркеш қағанатының қалыптасуы
5. Зерттеушілердің

соғдылар туралы пікірлері

Слайд 3
Түркеш қағанаты


Слайд 4

Түркеш қағанатының территориясы
(704-756 жж)
Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу өңірі.Сонымен қатар Орта

Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы . Жазғы ордасы Күңгіт қаласы

Слайд 5
Түркеш қағанатының ішкі- сыртқы саясаты


Слайд 6

Қағанаттың саяси жағдайы
Үшлік қаған(704-706 жж)
Алғашқы билеушісі.Түргеш қағанатын 20 саяси-әкімшілік аймаққа бөлді.

Оның барлығы қағанға бағынышты болды.Әр аймақта 7 мың әскер болған.
Үшлік қаған билікте екі жыл ғана отырады.Бұл кезде Орта Азияда араб тайпаларының басқыншылығы басталады. 706 жылы Үшлік қаған қайтыс болады.
Үшлік Сақалды қаған (706-711 жж)
Үшлік Сақалды қаған басқарған кезде қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте күрделі болды. Билік үшін сарытүркештермен қаратүркештердің арасында талас жиілей түсті. Ал сырттан Шығыс Түрік қағанаты, араб тайпалары, сонымен қатар Таң (Қытай) империясы да қауіп төндірді.711 жылы Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған ішкі талас-тартысты пайдаланып Түркештерді өздеріне бағындырады.Сөйтіп Үшлік Сақалды өлтіріп, біраз уақыт түркештерді басқарады.


Слайд 7
Сұлу қаған (715-738 жж)

Түркеш қағанатын 715-738 жылдары Сұлу қаған басқарды.Біразжылдар бойы

ішкі және сыртқы талас-тартыстардан тұралаған Түркеш қағанаты Сұлудың кезінде қайтадан күш ала бастайды. Бар билік, саяси артықшылықтар қара түркештердің қолына көшеді.Қаған ордасы Тараз қаласына көшірілді. Қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына әрі ылғи да жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойған.Арабтармен болған соғыстан кейін Сұлу қаған еліне оралып,Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болады.


Слайд 8
Сұлу қағанның сыртқы саясаты
Қағанаттың тәуелсіздігін сақтап қалды


Слайд 9

Сырттан төнген қауіп
Сұлу қаған


Слайд 10
Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы

Соғдылар-Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес

халық. Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. VI-VIII ғасырларда соғдылықтарды Түрік қағандығы жаулап алған.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірлер бар.
Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларға байланысты соғдылардың шығысқа қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс аударуына осы үш себептің әсер еткендігі-тарихи шындық.


Слайд 11
751 жылғы Атлах шайқасы
Сұлу қаған қайтыс болғаннан кейін сары және қара

түркештер арасында 20 жылға созылған талас-тартыс басталады.Қағандықтың саяси және экономикалық жағдайын мүлде әлсіретіп жібереді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Бұдан кейін Қытай әскерлері Ташкентті басып алып, оның әмірін өлтіреді. Әмірдің ұлы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Тараз маңындағы Атлах қаласының түбінде арабтармен қарлұқтар бірігіп қытай әскерін жеңеді. Бұл жеңіс Орта Азия жеріндегі Қытай империясының билігін біржолата жояды.

Слайд 12
Түркеш қағанаттың тарихы


Слайд 13
Сол кездерде Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңа Тань тарихында»

былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлық қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сөгенің (Сақалдың) ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сұлық) ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді». Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...»


Слайд 14
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет

басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үшелік қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшелік қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үшелік қаған Қытай империясымен және Соғды мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Слайд 15

Түргеш қағанатында Үшеліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711)

таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Слайд 16
Түргеш қағанатының қалыптасуы


Слайд 17
Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісу- да өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық

әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінін әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он жебе» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тай- пасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «женілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.

Слайд 18
Зерттеушілердің соғдылар туралы пікірлері


Слайд 19 Қорытындысы
Араб-Қытай шапқыншылығы
Көп жылға созылған араб-Қытай

шапқыншылығы Түркеш қағанатының экономикалық және саяси жағдайын әлсіретіп жіберді.
Ішкі қақтығыс
Сары және қара түркештер арасындағы жікке бөлінушіліктің бұрынғыдан да ушыға түсуі, талас-тартыстың шиеленісуі,Түркеш қағанатын әлсіретті.
756 жылы Қарлұқтар Түркеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.


Слайд 20
Назар аударғандарыңызға рахмет


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика