Жеке адам психологиясы презентация

ЖОСПАР: Жеке адам туралы жалпы түсінік. Жеке адам құрылымы. Жеке адам бағыттылығының компоненттері. Психологиядағы жеке адам теориясы жеке адамның өзіндік сана-сезімі: “Мен” бейнесі, талпыныс деңгейі, өзін-өзі

Слайд 1ЖЕКЕ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ (Тұлға)


Слайд 2ЖОСПАР:

Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Жеке адам құрылымы.
Жеке адам бағыттылығының компоненттері.


Психологиядағы жеке адам теориясы
жеке адамның өзіндік сана-сезімі: “Мен” бейнесі, талпыныс деңгейі, өзін-өзі қорғаудың психологиялық механизмі

Слайд 3

"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері

бірге жүреді. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты.
Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қажеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі.








Слайд 4

Адам- бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына

жататын биологиялық тіршілік иесі. Жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойлап әрекет жасайды.
Адам биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып танылатын айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.






Слайд 5
Дара адам - "homo sapiens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі

– нақты адам.
Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылданған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
Даралық дегеніміз- өзіндік өзгешелігі бар жеке адам.
Жеке адам - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид.
Роль дегеніміз- жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата- ананың ролі- балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке адам позициясы дегеніміз- оның қатынастырынң жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарында: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.







Слайд 6 Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының

ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік – себеп аймағы – жеке адамның бағыт – бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады.


Слайд 7

Адамның жеке адам болып қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер

етеді.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз – адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы.






Слайд 8

Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық

қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация – дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. Ғылымда "жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды.







Слайд 9

Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық

қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация – дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. Ғылымда "жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды.







Слайд 10

Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір

іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны "жеке адам" етеді.






Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика