Оқу-білім философиясы презентация

Содержание

Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Д Ә

Слайд 1Хаттама №_____ «_____»__________2011 ж. Кафедра меңгерушісі:Темиргалиев К.А


Слайд 2Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

Д Ә Р І С
Тақырыбы: «Оқу-білім философиясы»
Мамандығы: «5В130100 – Жалпы медицина»
Пән: «Философия»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы) : 1сағат (50 минут)
Қарағанды – 2011 ж.


Аға оқытушы:Нұрмаханова Н.Ж


Слайд 3Тақырыбы: «Оқу білім философиясы»
Дәріс мақсаты: Студенттерді оқу- білім философиясымен таныстыру.
Дәріс жоспары.
Оқу

білім философиясының пәні.
Оқу білім мен тәрбиенің өзара байланысы.
Оқу білім ортасы.
Білімді модельдеу
Даму және білім
Оқу білімдегі сапалық пен бейсапалық
Тұлға және оқу - білім
Оқу – білімдегі шығармашылық
 
Оқу білімнің оксиологиялық аспекткрі.


Слайд 4Оқу білім философиясы


Слайд 5Білім мәдениеттің элементі.Білім қатарына шартты түрде сөзсіз дәлелденген және логика жағынан

реттелген деректерді жатқызады.Ал қалғандарын білімге жатқызуға болмайды.

Слайд 6Шығыс данасы Конфуций “Білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып –

білу” – деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет.

Слайд 7Білу – дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес,сонымен қатар

зерттеп отырған мәселелерді жан – жақты қарастыру тәсілі.


Слайд 8Ежелгі грек данасы Сократ жалаң білім беруге, құр білімді дамытуға қарсы.

Оның ойынша, жалаң білім ештеңе бермейді, қайта адамды бұзады, софистер айтқандай, адамды өлтіреді, бұрынғы қалпынан айырады.

Слайд 9Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір жағынан, ғылым өскен

сайын адам өзінің сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция кейбір адамдардың білімді игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында жастарға шала білім берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім жастардың өміріне, болашағына зияннан басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.

Слайд 10 Біріншіден, шала, догмалық білімдерден бас

тартуымыз керек. Сөйтіп, “ақылдың жалқаулығынан” бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.
Екіншіден, қазіргі ғылыми – техникалық революция, ақпараттық дәуір әкелген білімдерді игере отырып, оны адамдандыру керек.

Енді не істеу керек?


Слайд 11Сократтың айтуынша білім дегеніміз – ізгілік. Мұндай көзқарас білімнің мәнін терең

ашады. Адамның алдына қойған мақсаты, оның рухани өмірі – ілімді құрал ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі ретінде пайдалануға жол бастайды.

Слайд 12Философия тарихында Сократтың маевтика әдісі.
Маевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге

түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Индуктивтік әдіс жекеден жалпыға қарай жүру.

Слайд 13
Платонның айтуынша
біріншіден, білім – сезімді қабылдау емес;
екіншіден, білім – дұрыс пікір

де емес;
үшіншіден, білім – мәні бар дұрыс пікірге де жатпайды.

Слайд 14Платонның білімді жіктеп көрсетуі:

Білім


Интеллектуальдық
Сезімдік


Ойлау
Пайымдау


Сезім
Ұқсату


Слайд 15Ойлау ақылдың қызметі, ол сезімдік білімнің қосындыларынан тазартылған.
Пайымдау Платонша, тануға

ұмтылушының ақылды пайдалануы.

Слайд 16Сезім арқылы заттарды тіршілік етіп тұрған қалпында қабылдаймыз және сол күйінде

олардың сапасын ашамыз.
Ұқсату қабылдау емес, заттардан елестете, бірдеңеге ұқсатып көру.

Слайд 17Аристотель
ізгілікке көңіл аударып былай деді:
“Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді.

Содан бара – бара ол мүмкіндіктерді шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.

Слайд 18Ізгіліктерді қабылдап алу екі процеске байланысты:
Бірі – оқып білім алуға,

екіншісі, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге байланысты.

Слайд 19Аристотель
ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның заң

шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі адамзаттарды тәрбиелеуде ерекше роль атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және жаттықтыра отырып, зор жетістіктерге жетеді.

Слайд 20Әл – Фараби бабамыздың айтуынша:
“Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені

ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз”.

Слайд 21«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер

біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі.»
« Білім мәнін біл, не дейді білген ер
Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.
Білімсіздер бар кеселді көреді,
Емделмесе, тектен текке өледі. »

Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігінде”:


Слайд 22Жаңа заман философы Ф.Бэконның айтуынша:
«Білім дегеніміз – күш».


Слайд 23Ақпараттық қопарылыс және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы білімге жаңа талаптар қойып

отыр. Қазіргі био, гидро және атмосфералардан бөлек өзгеше инфосфера, яғни жердің бірыңғай ақпараттық қабығы, бүгінгі таңдағы интернет қалыптасып отыр.

Интернетті пайдалану барлық өркениетті елдермен қатар жүруге мүмкіндік береді және жаңа технологиялар арқылы әлеммен қарым – қатынастың жаңа әдіс тәсілдерімен қамтамасыз етеді.


Слайд 24Әлемдегі ең жақсы білім дегеніміз – бос қиял , яғни ескі

жүйемен таратушыларын әсіресе жоғары мектепте жаңа идеялардың бәсекелестігінен және ең бастысы , оны өзгертуге қабілетті жаңашыл адамдардан қорғайды. Дәстүрлі классикалық білім жүйесіндегі оқу мәтіндері әр түрлі ғылым негіздерінен алынған «сығындыларды» құрайды.

Слайд 251998 жылы Парижде өткен ИНСКО –ның конференциясында қабылданған 21 ғасыр

үшін жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік декларациясында былай делінген:

« Жоғары оқу орындары оқушыларды жақсы ақпараттанған, ынталы азаматтарды тәрбиелейтін, сыни тұрғыдан ойлауға қоғамдық мәселелерге талдау жасауға оларды шешу жолдарын іздеуге қабілетті сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті өзіне ала алатындай біліммен қамтамасыз ете алулары керек».


Слайд 26Оқытуда біздің дәрістеріміз монолог емес, диалог, ал семинар сабақтарымыз - пікірталасқа

құрылу керек. Еске сала кететін жайт, студенттерге әртүрлі көзқарастарды дұрысын да, бұрысын да келістіре отырып беру қажет.

Слайд 27Сыни тұрғыда оқытудың негізінде «шақыру – ұғыну – ойлану» базалық үлгісі

жатыр. Бірінші кезеңде:

Үйренуші берілген тақырып бойынша не біледі, соны қалыпқа келтіруге қатысады.
өзінің білімі сараптай бастайды және айтылатын тақырып жөнінде ойлана бастайды.
адамның білген және түсінген контекісінде алынған білім ған берік болмақ.
студентке берілетін ақпарат контексіз не болмаса алынған біліммен байланыстырып берілмесе , онда ол жойылып кетеді, есте сақталмайды.


Слайд 28Шақыру кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігі .
«Шақыру» кезеңінде идеяны анықтайтын

сонымен қатар, тәжірибеде оны жүзеге асуына мүмкіндіктер беретін «ой қозғау» әдісі қолданады.

Слайд 29Екінші сатысы – ұғыну.
Бұл саты білім алушылардың жаңа ақпаратпен не болмаса

идеялармен қатынасқа түсетін сатысы. Олар бұл жұмысқа ақпаратты сыни тұрғыда салыстырмалы түрде талдай отыра өздігінен және белсенді түрде қатысулары керек.

Слайд 30Үшінші сатысы – Ойлану.
Бұл сатыда білім алушылар алынған жаңа білімдерін бекітеді

және оны еске сақтап қалуға тырысады. Дәл осы сатыда студенттер алынған жаңа білімді өздерінше игереді.

Слайд 31
Білімнің түрлері:
Практикалық білім
Рухани білім
Эмпириялық білім
Экзотериялық білім
Теориялық білім


Слайд 32Практикалық білім адамның арекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлігі дағдысымен

біте қайнасқан. Ол практиканың белгілі бір түрлері қызмет етеді.( жер өңдеу, жас балаға, малға қарау, , үй салу, балаларды тәрбиелеу, ауруларды емдеу, механизмдермен, информациямен жұмыс істеу және т.б.) былайша нақтылы арекет, қимылдармен тығыз байланысты.

Слайд 33Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым – қатынасын

реттейді (отбасы, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық,). Оның ұлаң ғасыр әртүрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркем өнер, қадірлі әруақты текстер және т.б.

Слайд 34Эмпириялық білім, бұл арнайы ғылымдарда жазылған, сезімдік және экспериметальдық тәжірибе негізінде

қалыптасқан табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестер.

Слайд 35Теориялық білім, ілімдермен теорияларда белгіленеді. Субъектінің объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады,

тек қана практика емес, білімнің өзінде ұғынып, мағына береді, Білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны, философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.

Слайд 36Экзотериялық білім – мистика туралы білімді кеңейтетін ерекше вариант. Білім жалпылама

қоғамдық қалыптасу сатысында өзіне тән саяси және коммерциялық қарым – қатынас арқасында кеңінен таныла бастады.

Слайд 37Ілім
Миф
ДІН


Фило-софия

Техни-
калық

Гумани-тарлық

Жараты-лыстану


Слайд 38Әдебиеттер.
Антология мировой философии В 4Х т.М: Мысль 1969-1972
Баласағұни Құтты білік Алматы

1986 ж.
Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы Алматы 1977 2 том.
Платон . Соч т 2 Мәскеу1965ж
Қосымша әдебиеттер.
Айтбаев О. Дінтану негізі Қарағанды 2005.
Мырзалы С Алматы 2009
Төкенов Ө Мәдениеттану Тараз 2002 ж
Кішібеков Д. Философия. Алматы 2011ж
Философия және мәдениеттану: Оқу құралы
Құрастырған: Ж. Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабек. және Т.б. Алматы 1998 ж.
Философиялық сөздік «Қазақ энциклопедиясы» Алматы 1993ж
Проблемалық сұрақтар (Пікір-таласқа арналған)
Студенттер 4топқа бөлінеді:
1 топ Сократтың білім-ізгілік деген ойының сырын ашады
2топ Платонның білім дегеніміз еске түсіру афоризміне талдау жасайды
3топ Білім мен мәдениет,өркениет ара-қатынасын анықтайды
4топ Қазіргі заманғы білім,білім беру,білім алу кестесін жасайды
 
 
 


Слайд 39
Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика