Слайд 1
Тақырыбы:Ежелгі Рим философиясындағы адам және дүние
Орындаған: Адалбек .Т
232-ТОП ЖМФ
Тексерген:Купанова С. А.
Семей
2018 ж
СӨЖ
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП пәндер кафедрасы
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негезгі бөлім
Көне Рим философиясының философиялық ой тарихындағы орны
Ерте эллинизимді құрайтын
киниктер(Диоген) ,стойктер (Сенека) , эпикуреиктердің (Эпикур) ілімі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3Кіріспе
Ежелгі Рим философиясы антикалық философия деп аталады. Ол б.з.д. VI ғасырда
Жерорта теңізі қалаларында пайда болды.
Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсақ, б.з.д. IV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның философиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар – бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық қоғамның пісіп-жеткен сатысынан өтіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.
Слайд 4
Антикалық философия өз дамуында шартты түрде 4 негізгі кезеңге бөлінеді:
ерте антикалық
философия (б.з.д. VI ғғ.). алғашқы кең көлемді философиялық ілімдер пайда болды. Бұл кезеңге Милет мектебі (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен), Пифагор, Гераклит, Парменид және басқалар жатады;
антикалық философияның гүлденуі (б.з.д. V-Ivғғ.). бірегей философиялық ілімдер қалыптасты. Әртүрлі философиялық мектептер белсенді дамып, Парменид, Зенон, Левкипп, Демокрит, Протагор (софистер), Сократ, Платон, Аристотель және басқа атақты философтар өмір сүрді;
антикалық философияның тоқырауы (б.з.д. IV ғ. екінші жартысы – б.з.д. І ғ).
Слайд 5
Бұл ғасырларда іс жүзінде бірегей философиялық ілімдер пайда болған жоқ. Бұған
Эпикур (эпикуршылар) мен Сенека (римдік стоиктер) қосылмайды. Б.з.д. ІІ ғасырда римдік философия пайда болды;
антикалық философияның құлдырауы және христиандық философияның тууы (І – IV ғғ.).
Слайд 6
Грек философиясындағы негізгі сұрақтардың бірі: Барлық заттардың бастамасы не болып табылады?
Алғашқы бастаманы немесе архэні (грек.) іздестірген кейбір философтар оны материалдық заттық субстанциядан тапты. Фалес барлық бастамалардың бастамасы –су, Анаксимен – ауа, Ксенофан – жер, Гераклит – от деп есептеді. Біртіндеп бастапқы бастаманы неғұрлым абстрактілі түсіну күшейе түсті. Пифагор оны сандармен, Платон идеялармен, Левкипп пен Демокрит атомдармен түсіндірді. Философтар өте маңызды ақиқатты білді, яғни толып жатқан заттар өмір сүреді, олар пайда болады және опат болады, яғни өтпелі. Бірақ барлық заттардың бірыңғай, жойылмайтын, мәңгі негізі бар, заттар солардан пайда болады және соларға қайтып оралады. Ежелгі заманның данасы Фалес: «Барлығы да судан шықты, барлығы да суға кетеді» деп мәлімдеді.
Слайд 7
Антикалық философияға космоцентризм тән. Бұл философиялық ойлаудың орталығы ретінде ғарыштың (космос)
алынатындығын білдіреді. Гректер «ғарыш» («космос») ұғымымен ретке келтірілген, ұйымдастырылған, формаланған болмысты білдірген. Ол ретке келтірілмеген жай-күй ретіндегі хаосқа қарама-қарсы қойылды.
Слайд 8
Антикалық философтар қоғамға елеулі назар аударды. Платон мен Аристотель идеалды мемлекеттің
қандай болуы тиіс екендігін айқындауға тырысты. Платон демократия – мемлекеттік басқарудың жетілмеген тәсілі деген қорытындыға келді. Ол демостың (халықтың) билігіне негізделген, ал бұқара халық игіліктің не екенін білмейді, осыған орай, саяси шешімдер қабылдау құқығын иелене алмайды. Платон мемлекетті билеуші-философтар басқаруы тиіс дегенді айтты. Олар зерденің биік шыңы игілік болып табылатын идеялар әлемін қабылдауға қабілетті. Басқа екі әлеуметтік топ – жауынгерлер мен жұмыскерлер тиісінше мемлекетті қорғауға және оның материалдық әл-ауқатын нығайтуға тиіс. Олар өз жандарының табиғаты бойынша осы қызметке бейімделіп тұрады.
Слайд 9
Аристотель болса, бастысы мемлекетті басқаратын адамдардың саны емес, олардың басқару сапасы,
яғни олардың өз билігін қалай және не үшін пайдаланатыны деп есептеді. Мемлекеттің мәні мен мақсатын Аристотель адамдардың бақытты өміріне игілікпен қызмет етуден көрді. Сондықтан, оның пікірінше, мемлекеттік құрылыстың дұрыс формалары (жалпы игілік іске асырылады) – монархия, аристократия мен полития, ал дұрыс емес (таңдаулылардың игілігі іске асырылады) формалары – тирания, олигархия, демократия.
Слайд 10Киниктер
Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын
белгілі бір философиялық саяси ойлар, я болмаса бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады. XX ғасырдың екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден», «кришнаиттерден» т.с.с. байқадық.
Міне, осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде философия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды Грециядағы сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, келесілері «куоп» (ит) деген сөзбен теңейді, өйткені осы мектептің негізін қалаған Антисфен: «Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», - деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы - Диоген Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес, керісінше, жаңа өмір салтын жасап, оны сынау болды Мысалы, Диоген теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан қолымен су алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет алады; күндіз шам жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» - деген сұраққа: «Адам іздеп жүрмін», - деп жауап береді. Атақты Александр Македонский мұндай қызық адамды көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ тұршы, күннің сәулесін жауып тұрсың ғой», - деген екен.
Слайд 11Эпикур философиясы
Эпикур (342-270 б.ғ.д.) - Демокриттің қолдаушысы. 306 ж. Афина қаласында
өзінің мектебін ашты. Ол соңынан «Эпикур бағы» деген атақ алды. Мектептің қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, мұнда саған жақсы болады: мұнда ләззат алу - ең биік ізгілік».
Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол каноника» (таным теориясы), физика (табиғат жөніндегі ілім) және этика (мораль, әдет-ғұрып).
Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар шынайы қабылдауды туғызады, ал біздің басқа мүшелерімізге кірсе, онда неше түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса, сезімдік таным бізді ешқашан алдамайды. Жалғандықтың қайнар көзі ақыл-ойда, тұжырымда. Өйткені ақыл-ой сезімдік танымға неше түрлі қосындылар жасайды. Ал ой дегеніміз –ол сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате жібермес үшін, сөздердің алғашқы мағынасынан таймау керек. Эпикур адамдар, жалпы алғанда, Дүние және адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері жөнінде түсініктер жасайтынына күмән келтірмейді. Ал жеке ғылымдағы мәселелерге келер болсақ, онда әртүрлі пікірлер болуы мүмкін, тек әр адам өзінің ойын жақсы дәлелдей білуі керек
Слайд 12
Эпикур физикасына келер болсақ, оның негізгі қағидалары мынандай:
Еш нәрсе жоқтан пайда
болып және жоққа кетпейді. Ғарыш әрқашанда осындай болған және болашақта да осындай болады, өйткені басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.
Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің сезімдеріміз айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас еді. Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі заттар құрылған.
Ғарыштың көлемі шексіз - атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік жағынан алғанда да Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.
Оқырманның байқағанындай, мұндай көзқарас Демокриттің іліміне өте жақын. Тек Эпикурдың көзқарасының айырмашылығы -атомдарға көлемі мен бітімінен тыс салмақ қосылады. Екінші негізгі Эпикурдың жасаған жаңалығы - өзінің салмағы арқылы кеңістікте құлдырап бара жатқан атом алғашқы бағытынан ауытқып кетеді. Олай болатын болса, бұл Демокриттің Дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген көзқарасына үлкен соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның ішкі қасиеттерінен шығады деп түсіндіреді.
Слайд 13Стоицизм (Стоя) философиясы
Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б.ғ.д.
300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Рим Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.
Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажетіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.
Слайд 14Скептицизм
Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм (skeptikos
- ізденуші, зерттеуші). Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылықтардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге қарсы тұрған ілім - ол догматизм (dogma - ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде қарау.
Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әртүрлі философиялық ағымдар Дүниенің ең жалпы сұрақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі...
Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлық дүниетанымға күмәндану, таныммың ақиқатқа жетуге болатынын теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.
Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады», - дейді ол кісі. Ал мұның өзі скептиизмге жол ашады.
Қазіргі таным теориясындағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі де белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.
Слайд 15
Скептицизм бағытының ірі тұлғасы - Пиррон (360-370 б.ғ.д.).
Пиррон жазылған еш нәрсе
қалдырмаса керек. Ол өзінің ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу. ия түрсіз деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оның ойынша, ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Заттар сезіммен де, ақыл-оймен де танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа жеткізбейді. Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.
«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық болып, денеге жылылық әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі басқа құбылыстармен бірге қабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөpi ақиқатқа жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың қолында».
Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1, НысанбаевӘ., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.
2.Интернет: www.philosophy.ru