Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.А.НАЗАРБАЕВТЫҢ
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ-ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ
ОРЫНДАҒАН:ЕРМЕК М.А.
1-014 ТОП
ТЕКСЕРГЕН: АЛИЕВА М.Т.
Слайд 2Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы
өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауға ие болды.Қазақстанның тұңғы президенті.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті..
Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді. Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев
Слайд 3ҚР президентінің жолдауы
ҚР преезидентінің алғашқы жолдауы «Тәуелсіздік шежіресі. Жасампаздықтың әр жылы:
1997 жыл - «Қазақстан-2030» стратегиясы - ұлттың ұлы мақсаттары межеленген жыл».Осы жылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жариялаған болатын.
Слайд 4«Қазақстан-2030» стратегиясы
Жалпы, «Қазақстан стратегиясы-2030» төрт кезеңге бөлінді:
1997-2000 жылдар -
дайындық кезеңі
2000-2010 жылдар - бірінші кезең
2010-2020 жылдар - екінші кезең
2020-2030 жылдар - үшінші кезең.
Осы кезеңдер аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек.
Дәл 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Арқа төсіндегі Астанаға көшіру туралы қаулы қабылданды.
Слайд 5 Қазақстанның Мемлекеттік нышандары: Туы,Елтаңбасы.
Президенттің бұйрығымен жаңа астанаға
жеткізілді. Бұл қазақ халқының келешек қарқынды дамуға қарай қанатын қомдаған жылдардың бірі еді.
Слайд 6 Президенттің жолдау туралы пікірі
10 қазан - ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауын жариялады. «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралары 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде ресми түрде жарияланды. Сол күні мен еліміздің Парлламентінде Қазақстан халқына арналған ең алғашқы Жолдауыммен шығып сөйледім. Маған халыққа Жолдау деген идеяның өзі ұнады, оның ел құлағына сіңісті болып кеткеніне қуанамын. Қазір жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналды. Онда бұл нағыз керектінің өзі болды. Республиканың барша халқына, барлық азаматарына үн тастай отырып, біз Стратетгияның ерекше рөлі мен мәртебесін атап көрсеттік. Президенттің Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнау дәстүрі «Қазақстан стратегиясы - 2030»-дан басталады. Әрбір мұндай Жолдау біздің жалпы Стратегиямыздың құрамдас бөлігі және біздің жолымыздың құрамдас бөлігі. Ал кейінгі жылдардағы Жолдау «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің» белгісі болды», - деп жазды Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы» атты кітабында.
Слайд 7 «Қазақстан-2030» стратегиясы
1997 жылғы Президенттің халыққа жасаған тұңғыш Жолдауы Қазақстанның 2030
жылға дейінгі стратегиясына арналып, бұның өзі ұлтымыздың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. «Қазақстан-2030» стратегиясы - шын мәнісінде тарихи оқиға, тарихи меже болып қалыптасты. Бұл өз кезегінде келешекке көз жүгірту ғана емес, елдік діттеген мақсат-мұраттарды орындауға деген үлкен құлшыныс болатын. «Қазақстан-2030» стратегиясы жарияланған жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында алғашқы бекіген міндет пен алға қойған нақтылы мақсаттарды кезең-кезеңімен іске асырудың тетіктерін бір-бірімен ұштастыра ұсынып келеді.
Слайд 82000-2005 жыл аралығындағы жолдаулар
1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауы - «Елдің жаңа
ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»
2000 жылғы 24 қазандағы Жолдауы - «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам»
2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - «Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы»
2002 жылғы 29 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы»
2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары»
2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» деп аталды.
2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» болды.
Слайд 9«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында »- жолдауы
2006 жылы 1 наурызда
қабылданған.
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінің басталуы.
Жолдау бірнеше басымдылыққа бөлінді,
Слайд 10
1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық
дамуының сапалық серпілісінің негізі
2.Екінші басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
3. Үшінші басымдық: Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат
4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі
5. Бесінші басымдық: Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту
6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
7. Жетінші басымдық: Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру
Слайд 11«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»-жолдауы
2007 жылғы 28 ақпанда қабылданды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ
Біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттырылсын.
Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:
тұңғыш бала туғанда – 5790 теңгеге дейін, немесе 177%-ға;
екінші бала туғанда – 6369 теңгеге дейін, немесе 167%-ға;
үшінші бала туғанда – 6948 теңгеге дейін, немесе 159%-ға;
төртінші және одан көп бала туғанда – 7527 теңгеге дейін, немесе 153%-ға көбейтілсін.
Балалы отбасыларын қолдауға қажетті қосымша қаражат 9,5 миллиард теңгені құрайды.
Бұдан бұрын қабылданған шаралар еліміз халқының тұрақты өсуіне қол жеткізуге жағдай жасады. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала туса, 2006 жылы 290 мың бала туған. 2005 жылы ғана халықтың табиғи өсімі туу есебінен 121 мың адамды құрады.
Слайд 122008 жылы 16 ақпанда«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ —
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ»
атты жолдауы.
2009 жылғы 6 наурызда «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» жолдауы.
2010 жылғы 29 қаңтарта «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»- жолдауы.
2011 жылғы 28 қаңтарда «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!»-жолдауы.
2012 жылғы 27 қаңтарда «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»-жолдауы.
Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы
Слайд 13«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2012 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Мазмұны-Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы.
Бірнеше бағыттан тұрады.
Слайд 14«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он
сын-қатері
1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі
2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы
5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы
7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция
8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
Слайд 15«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Жолдаудың бағыттары:
Инфрақұрылымды дамыту
Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту
Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі
Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары
Ауыл шаруашылығын жаңғырту
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту
Су ресурстарына қатысты саясат
2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
1. Шағын және орта бизнесті дамыту
2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі –
«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»
3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі
Слайд 16Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
2014 жылы 17
қаңтарда қабылданған.
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті
Ұлттық идея– МӘҢГІЛІК ЕЛ! Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу.
Слайд 17Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Ұлттық білім беруді
дамыту.2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
Слайд 18Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Слайд 20«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»-жолдауы
2014 жылғы 11 қарашада қабылданған.
Ұлт көшбасшысы
халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Слайд 21«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»-жолдауы
Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты
инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» Ұлттық Корпорациясы» Акционерлік Қоғамына қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм, Байкен-U, СКЗ-U Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктерінің жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыты, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-гі, қиыршық тас өндіретін «Казпром –Қызылорда Компаниясы» ЖШС-гі, «Шалқия-Неруд» ЖШС-гі, «КДСМ Қыран» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстарға жетіп отыр.
Слайд 22
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
2015 жылы 30 қарашада қабылданды.
Біз
бүкіл тарихымызда болмаған табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Бұрын ешқашан біздің халқымыз қазіргідей жақсы өмір сүрген емес. Қазақстандықтар өмірінің орташа ұзақтығы 10 жыл ішінде 64-тен 72 жасқа жетті.
1300 денсаулық сақтау және 1700-ден астам білім нысандары салынды.
Слайд 23ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Жолдауда экономикалық реформалар негізінде дағдарыс
жағдайындағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы кезек күттірмейтін және пәрменді қадамдар бойынша аса анық тапсырмалар бар.
Бұл – жеке бастамашылық арқылы экономикалық өркендеу.
Бұл – 100 нақты қадам реформалары.
Слайд 24100 нақты қадам
«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ
ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.