Заттардың тасымалдануы. Гуморальді және жасушалық иммунитетті салыстыру презентация

Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді; Гуморальдық және жасушалық иммунитеттердің ерекшеліктері туралы бұрыннан бар білімді қолданады. Гуморальдық және жасушалық иммунитеттерге мысалдар (екіден) келтіреді.

Слайд 1Гуморальді және жасушалық иммунитетті салыстыру
Заттардың тасымалдануы


Слайд 2Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді;

Гуморальдық

және жасушалық иммунитеттердің ерекшеліктері туралы бұрыннан бар білімді қолданады.
Гуморальдық және жасушалық иммунитеттерге мысалдар (екіден) келтіреді.



Слайд 3Лимфоциттер
В лимфоциттер

Т лимфоциттер

Сүйек кемігінде түзіледі Тимуста (айырша безінде) түзіледі
(Воne marrow) (Тимус)

Гуморальды иммунитетке жауапты Жасушалық иммунитетке жауапты


В және Т лимфоциттердің атауы түзілетін жерінің бастапқы әріптеріне байланысты қойылған


Слайд 4Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық

иммунитет жүйесі. Гуморальдық иммунитетте қорғаныштық қызметін жасушалар емес, қан плазмасында орналасқан молекулалар (антиденелер) атқарса, жасушалық иммунитетте қорғаныштық қызмет иммундық жүйенің жасушаларымен тығыз байланысты.

Жасушалық иммундық жүйеде Т-лимфоциттер, ал гуморальдықта В-лимфоциттер болады.

Слайд 5Жасушалық иммунитет — антиденелер қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет

барысында макрофагтар, Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді.

Макрофагтар мен табиғи киллерлердің активтіленуі → жасушаның ішіндегі патогендерді жояды; цитокиндер секрециялары → туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жүйенің басқа жасушаларына әсер етеді.

Жасушалық иммунитет, фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған.

Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді.

Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды→ангтигенді өзіне қарай тартады→ антиген жасушаға енеді→ жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды→ антиген қорытылады.

Жасушалық иммунитет


Слайд 6Гуморалды иммунитет жүйесі – антигендерге қарсы антидене түзу қызметін атқаратын арнайы

жүйе болып табылады.

Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары антидененің түзілуіне жауапты В-лимфоциттер болып табылады.

В-лимфоциттер - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.
В-лимфоциттер — сүйектің қызыл кемігі майында түзіліп, тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады.

Плазмоциттер организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.
В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.

Гуморальды иммунитет жүйесі


Слайд 7Гуморальді иммунитет:
плазмада антиденелерді қамтиды
В лимфоциттерін қамтиды
плазмадағы патогенге әсер етеді
 
Жасушалық

иммунитет:
Т лимфоциттерін қамтиды
патоген жасуша ішінде болатын кезде туындайды
патогенді бұзатын цитокин-химикаттар секрециясын қамтиды

http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=12724


Слайд 8Тапсырма


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика