Слайд 1Жоспар:
Тағамдық микронутриенттер
Микронутриенттердің жеткіліксіздігі
Микронутриенттер тапшылығының алдын-алу стратегиясы
Слайд 2 Микронутриенттер дегеніміз (грек.*микрос*-азғантай,ағылшын,*нутриент*-тағамдық заттек)-ағзаға өте аз көлемде қажет болатын
дәрумендер мен минералдық заттектер.Олардың бір күндік тұтыну қажеттілігі миллиграммен немесе микрограммен өлшенеді.
Слайд 3 Ағзаның дәрумендер мен микроэлементтерсіз қалыпты жағдайда тіршілік етуі мүмкін
емес.Олар адам ағзасында жүріп жататын түрлі биохимилық үрдістерге қатысады.Аса маңызды микроэлементтер мен дәрумендерге деген ептеген тапшылықтың өзі адамның бойында түрлі аурулардың пайда болуына және тереңдеуіне апарып соғып,дене және ақыл-ой кемістігін тудырып,ақыр соңында халықтың денсаулығы мен жалпы ұлттың өміршендік көрсеткішін күрт төмендетіп жібереді.
Слайд 4 Бұл заттектердің өте аз мөлщерінің өзі балалардың дамуы
мен бір қалыпты өсуіне,ересектердің денсаулығы мен жұмыс қабілетін қолдауда аса қажет.Тағам үлесінде темір мен йод сынды микроэлементтер мен А дәруменінің жетіспеуінің өзі денсаулықтың нашарлауына,дене және ақыл-ой дамуының кешеуілдуіне,жұқпалы ауруларға деген бейімділікке,қоршаған ортаның зинды ықпалдары алдындағы әлсіздікке,қатерлі ісік ауруларына шалдығуға әкеліп соғып,миллиондаған баланың өмірін қауіпке душар етеді.
Слайд 5 Индустриялық заман жағдайдайында *жасырын жастық*мәселесі кедей елдермен қатар бай
елдерге тән құбылыс.Экологилық жағдайы қолайсыз қалаларда өмір сүру,жүйкеге түсетін салмақ пен күйзелістің әсері дәрумендер мен микро элементтедің жоғары деңгейде шығындалуын талап етеді.
Слайд 6 Тағамдық микронутриенттер тапшылығы салдарынан пайда болатын адам ағзасындағы бұзылыстар
қәзіргі кезеңде қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаһандық мәселесі болып табылады.Ағзаға қажетті микронутриенттер тапшылығының адам денсаулығына,әсіресе,қауіпті ықпалды топтың физиологиялық ерекшеліктеріне орай балалар мен репродуктивті жастағы әйелдерге тигізетін әсері зор.
Слайд 7 Микронутриенттер жеткіліксіздігі дене және ақыл-ой қабілетіне қатар әсер
ететінін атап өту керек.Микронутриенттер жеткіліксіздігінің айқын белгілірі жоқ болғандықтан да, ол ұзақ уақыт бойы анықталмай келді.Бұл көрініс қәзір *жасырын аштық*деп аталатыны жоғарыда айтылды.Бұл көрініс тұрғыда денсаулыққа орны толмас зиян келтіретін микронутриенттер жеткіліксіздігін қалпына келтіру бағытында еш шара қолданылып отырған жоқ.
Слайд 8 Ақыл-ой еңбегінің қоры-жалпы әлем мен жеке елдердің прогесивті
дамуының маңызды алғы шарттарыеның бірі.Бірақ өмірлік маңызды микронутриенттердің орын алдырмауға болатын тапшылығынан көптеген ұрпақ жапа шегіп, миллиондаған адамның ақыл-ой көрсеткіші (IQ) төмендеу үстінде.
Слайд 9 Йод тапшылығы ақыл ойдың кешеуілдеуіне себеп болатын маңызды
факторлардың бірі,бірақ йод тапшылығын жоюға болады.
Йод тапшылығы-адамзатты ежелден бері айналдырып келе жатқан дімқостіктің бір себебі.Ол құрсақтағы дамудан бастап,кез келген жаста байқалатын зоб пен кретинизмге дейін апаратын ақыл-ой қабілеті бұзылуының пайда болуымен айқындалады.
Слайд 10 Республикалық және аймақтық зерттеулердің нәтижелері Қазақстан халқының қоректенуінде айқын
үйлесімсіздік бар екенін көрсетіп берді.Республика жұртының бір күндік тағам үлесінде темір,мырыш,мыс,фолий қышқылы,В тобы дәрумендері,ниацин және басқа да микронутриенттер жетіспейді.Ана мен бала өлімінің жоғары деңгейі,жүрек-қантамыр және қатерлі ісік аурулары себебінен болған өлім-жітім-темір тапшылығы анемиясы,созылмалы жұқпалы аурулар,оның ішінде туберкулез,туа біткен кемістіктер сынды патологиялардың кең таралуының салдары.
Слайд 11 Микронутриенттер тапшылығының алдын алу
Микронутриенттер(дәрумендер мен микроэлементтердің)тапшылығының алдын
алудың үш негізігі стратегиясы бар.
Саплементация(дәрумендер мен микро элементтерді таблетка,капсула,шәрбат,т.б түрде қабылдау)жылдам әсер береді,себебі,дәрумендер тез сіңіріледі.Бұл қымбатқа түсетін және қысқа мерзімдік стратегия және қауіпті ықпалды топтарда,әсіресе,стратегияның басқа түрлері іске аспаған немесе жолға қойылмаған жағдайда қолданылады.
Слайд 12 Фортификация(тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен құнарландыру)-анағұрлым арзан,тиімді әрі ұзақ
мерзімді стратегия,халықтың басым көпшілігі,кейде барлығы (мысалы,тұзды йодтау) қамтылады.
Дамыған және дамушы елдердің көпшілігінің тәжірбиесіне сәйкес,микронутриентті препараттарды қолдану мен тағамның тиімділігін арттырумен қатар,жаппай және ұдайы тұтынатын өнімдерді жетіспейтін құрамбөліктермен фортификациялау-(құнарландыру) қол жеткізуге болатын тиімді тәсіл.
Слайд 13 Теміртапшылықты анемия мен фолий қышқылының,мырыштың,мыстың,В1 және В2 дәрумендерінің,ниациннің тапшапшылығына
келсек,бұл тұрғыда оңтайлы өнім-жоғары және бірінші сортты бидай ұны болып табылады.Осыған сәйкес Қазақ тағамтану академиясы академиясы жасаған *КАP Komplex-1* дәруменді минералды кешені Қазақстанда,Өзбекстанда,Тәжікстанда,Қырғызстанда,Моңғолия мен Әзірбайжанда бидай ұнының жоғары және бірінші сорттарын құнарландыру үшін ойдағыдай қолданылуда.
Слайд 14 Республика көлемінде бидай ұнын тұрақты түрде фортификациялау үрдісін қалыптастырудың
тиімділігін талдау барысы көрсеткендей,құнарландырылған тағам өнімдерін пайдалану арқылы микронутриенттер тапшылығының алдын алу мәселесінде халықтың білімін едәуір арттыру қажет.Сонда біз халықты хабардар ете отырып,фортификациланған ұн мен оның негізінде әзірленген нан өнімдеріне деген сұранысты көтеруге ықпал етіп,*жасырын аштықтың* аса қауіпті түрлерімен күрес нәтижесін байқай аламыз.