Ал мәдени ошақтарымыз ше?
Бір бірімен жарыса «ұлтаралық достықтың» алауын асқақтатып, небір фильмдерді өндіріп жатыр. Әрқайсында қазақ қызының тағдыры суреттелген. Бір фильмде орыстың, екіншісінде түріктің,тағы бірінде француздың етегінен ұстап кете барады. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері тұрады. Соған қарамастан, киносюжеттерде тағы да қазақ қыздары құрбан болады. Ал сол фильмдердің жастарға берер тәрбиелік мәнін ойланып көрдік пе?
Аралас неке ұлтымызға, ана тіліміздің, дініміздің, ұлтымыздыңболашағына кесірін тигізіп жатқаны жатқанын білсек те үндемей отырмыз. Сонда қазақ қыздарын қазақ жігіттеріне қарамай шетелдіктерге әйел болуға итермелейтін не? Албырт жастық па, махаббат па, әлде еуропалық жоғары тұрмыстық жағдай ма? Қазiргi таңда жылына жүз мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерсе, соның 25 пайызы аралас неке өкiлдерi екен. Қазақ қыздарының қалталы шетелдiктерге тұрмысқа шығуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өкінішті… Елінің іргесіне жау төнгенде намысты қолдан бермей, ерлермен бірге атқа қонған да сол қазақ қыздары емес пе еді…?
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть