Слайд 1Қазақстан Республикасының Прокуратурасының қалыптасуы мен даму тарихы
Орындаған: Режапова Тахмина
3г-16 топ
«құқықтану»
Слайд 2Прокуратура – өз өкілеттігі шегінде заңға сәйкес жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурор
– заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырып заңда көрсетілген тәртіппен тағайындалатын ҚР –дағы заңдылықты жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Қазақстан прокуратурасының тарихы
Слайд 3 Қазақстан Республикасы прокуратурасының қалыптасу және даму кезеңдері
Прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ
жолдарынан өтті. Оның тарихы маңызды үш кезеңге бөлінетінін атауға болады.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде, яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
Слайд 41936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға
республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюының үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.
Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Слайд 5 Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны
болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар.
Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев.
Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды.
Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Слайд 6 Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің
өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды.
Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н.Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Слайд 7 Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді
жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.
Соғыстан кейінгі онжылдық басты конституциялық міндеті заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалау болып қалыптасқан прокуратураның беделін онан әрі көтерумен сипатталады.
Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни, оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен, ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек, оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
Слайд 8 Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары
сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын айта кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды.
1991 жылғы тамыз оқиғасында республикалық прокуратура органдары осындай сын сәтте абдырамастан қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас тартып, прокурорлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды.
Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.
Слайд 9 Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.
1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады.Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталды.
Слайд 10 Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші
бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.
Сөйтіп, прокуратура республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орнын еншіледі.
Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылады.
Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Слайд 11 Прокуратура органдары дамуының келесі кезеңі 2002 жылы «Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі
кейбір Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен байланысты болды.
Осы Заңда заңдылықтың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың деңгейін онан әрі көтеру қажеттілігі бекітілген. Сондай-ақ, еліміздің жоғарғы қадағалау органын күшейтуге, прокурорлардың заңдарды сақтау туралы актілері мен талаптарын міндетті түрде орындауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, оларды күштеп орындату механизмдері анықталған, сонымен қатар, прокурорлық қадағалаудың актілері мен заңды талаптарын орындамағандары үшін заңды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі күшейтілген.
Қазіргі кезде ол басқа мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен қатар, прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.
Слайд 12Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті
жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады