Халықаралық құқықтың қайнар көздері презентация

Содержание

БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ СТАТУТЫНЫҢ 38 БАБЫНЫҢ 1 ПУНКТІНЕ СӘЙКЕС Дауларды халықаралық құқық негізінде шешуге міндетті Сот, келесілерді қолданады: а) дауласушы мемлекеттермен айқын танылған ережелерді бекітетін жалпы және арнайы халықаралық конвенциялар; b)

Слайд 1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ


Слайд 2БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ СТАТУТЫНЫҢ 38 БАБЫНЫҢ 1 ПУНКТІНЕ СӘЙКЕС
Дауларды халықаралық құқық

негізінде шешуге міндетті Сот, келесілерді қолданады:
а) дауласушы мемлекеттермен айқын танылған ережелерді бекітетін жалпы және арнайы халықаралық конвенциялар;
b) Құқықтық норма ретінде танылған және жалпы тәжірибе дәлелі ретіндегі халықаралық әдет-ғұрып;
с) өркениетті ұлттармен танылатын құқықтың жалпы қағидалары;
d) Құқықтық норманы анықтаудың қосымша құралы ретінде сот шешімдері, халықаралық жария құқығының аса квалификациялы мамандар доктриналары. 



Слайд 3МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БІРЖАҚТЫ АКТІЛЕРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ШЕШІМДЕРІ

- ӘДЕТТЕ ОЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

ДЕП АТАЙДЫ.

Слайд 4ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР


Слайд 5Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы 1969 ж (кушіне 27 қаңтар

1980 ж енді, Қазақстан 1994 жылдан мүше болып табылады);
Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы 1986 ж. (1996 жылы күшіне енді, ҚР мүше емес);
Халықаралық шарттар бойынша мемлекеттердің құқықмирасқорлық туралы Вена Конвенциясы 1978 ж. (күшіне 1996 жылы енді, ҚР мүше емес);
Ұлттық заңнама: ҚР Конституциясы, ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары, 30 мамыр 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңы.


Слайд 61969 ЖЫЛҒЫ ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 2 Б. 1.1 ТАРМАҒЫ БОЙЫНША
Нақты атауына тәуелсіз,

бір, екі немесе өзара байлаысты бірнеше құжаттарда бекітілетін, халықаралық құқықпен реттелін, жазбаша нысанда мемлекеттермен жасасқан келісімшарт «Халықаралық шарт» болып табылады.


Слайд 7«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ 1 БАБЫНЫҢ 8 ТАРМАҒЫ

БОЙЫНША

Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекетпен (шетелдiк мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келiсiмнiң бір құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжаттарда мазмұндалатынына қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық реттейтiн халықаралық келiсiмi


Слайд 8 QATAR V. BAHRAIN (1994) ICJ (MARITIME DELIMITATION AND TERRITORIAL QUESTIONS BETWEEN QATAR AND BAHRAIN) (JURISDICTION AND ADMISSIBILITY)
СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, 1987 ЖЫЛЫ ҮШЖАҚТЫ НОТАЛАР АЛМАСУ МЕН 1990

ЖЫЛЫ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ ПРОТОКОЛЫ ӨЗ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ҮШІН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ АЛУ НИЕТІ МЕН ДЕЛДАЛДЫҚ КӨМЕГІМЕН ШЕШІЛМЕГЕН ДАУЛАРДЫ БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТЫНА БЕРУ МІНДЕТТІЛІГІН БЕКІТКЕНІ ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРЛЫҚ ШАРТ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙДІ

Слайд 9UNITED KINGDOM V. IRAN (1952) ICJ (THE ANGLO-IRANIAN OIL COMPANY CASE)
СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, 1933 ЖЫЛЫ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ШАРТ, ИРАН ҮКІМЕТІ МЕН

БРИТАН КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ КОНЦЕССИЯЛЫҚ ШАРТ. ЯҒНИ БҰЛ ШАРТ ЕКІ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ЕШ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУҒЫЗБАЙДЫ. ОСЫ ШАРТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ИРАН ҮКІМЕТІ МЕН БРИТАН КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ. СОНДЫҚТАН ОЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.

Слайд 10UNITED KINGDOM V. ICELAND (1973) (THE FISHERIES JURISDICTION CASES)
СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, ЕКІ МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ НОТАЛАР ІШІНДЕ ШЕКАРА ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ

БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАУ ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ БОЛУЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙДІ.
КЕЛІСІМДІЛІК ЕРЕЖЕ (compromissory clause)

Слайд 11МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕЛІСІЛГЕН ЕРКІ
МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗГЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ
ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША НЫСАНДА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚҰҚЫҚПЕН РЕТТЕЛУІ
БІР НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ ҚҰЖАТТАН ТҰРУЫ
АТАУЫ ӘР ТҮРЛІ БОЛУЫ МҮМКІН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ АЛУҒА НИЕТ
ИМПЕРАТИВТІ НОРМАЛАРҒА ҚАРАМА ҚАЙШЫ КЕЛМЕУІ






Слайд 12ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ЖАСАСУ


Слайд 13ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАСУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ ӨКІЛІНЕ АРНАЙЫ ӨКІЛЕТТІГІН ДӘЛЕЛДЕЙТІН РЕСМИ ҚҰЖАТ

ҚАЖЕТ.
1969 Ж. ВК-ның
7 БАБЫ БОЙЫНША ӨКІЛЕТТІКСІЗ МЕМЛЕКЕТ АТЫНАН ШАРТ ЖАСАСУҒА ҚҰҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ БЕРІЛГЕН.
8 БАБЫ БОЙЫНША ӨКІЛЕТТІКСІЗ ЖАСАЛҒАН АКТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ БЕКІТІЛГЕН



Слайд 14ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАСУ САТЫЛАРЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ БОЙЫНША КЕЛІСІСӨЗДЕР МЕН МӘТІНІ БОЙЫНША КЕЛІСУ;
ШАРТ

МӘТІНІН ҚАБЫЛДАУ, АУТЕНТИКАСЫН БЕКІТУ;
ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ+ЕСКЕРТПЕЛЕР ЖАСАУ;
ШАРТТЫҢ ӨЗ КҮШІНЕ ЕНУІ


Слайд 15ШАРТ МӘТІНІН ҚАБЫЛДАУ – КЕЛІСІЛГЕН МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ

ШЕШІМГЕ КЕЛУ САТЫСЫ.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІН МОЙЫНДАҒАНЫ ДЕП САНАЛМАЙДЫ
АУТЕНТИФИКАЦИЯ – ШАРТ ТОЛЫҚТЫЛЫҒЫН, ДӘЛДІГІН БЕКІТУ ПРОЦЕДУРАСЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӘР ТҮРЛІ ТІЛДЕРДЕГІ ШАРТ ДӘЛДІГІН АНЫҚТАУ (ӘДЕТТЕ БҰЛ ҮШІН ПАРАФИРЛЕУ ПРОЦЕДУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ).


Слайд 16ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ/ӘДІСТЕРІ:
ҚОЛ ҚОЮ
РАТИФИКАЦИЯ, ҚАБЫЛДАУ (approval), БЕКІТУ
ШАРТТЫ ҚҰРАЙТЫН ҚҰЖАТТАРМЕН

АЙРБАСУ
ҚОСЫЛУ

1969 ж. ВК-на СӘЙКЕС ШАРТПЕН КӨРСЕТІЛГЕН КҮН МЕН ТӘРТІП БОЙЫНША КҮШІНЕ ЕНЕДІ.

Слайд 17ЕСКЕРТПЕ
бұл шартқа қол қояр алдында, ратификациялауда, бекітуде, қабылдауда, оған қосылған кезде

мемлекеттің осы келісімшарттың нақты жағдайларын белгілеген мемлекетке қолданылуының заңды әрекетін алып тастауға немесе өзгертілуін білдіретін мемлекеттің біржақты мәлімдемесі.

Слайд 18ЕСКЕРТПЕ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ: БІРЖАҚТЫ АКТ
КЕЗ КЕЛГЕН ТҰЖЫРЫМДА (ФОРМУЛИРОВКА)
АТАУЫ ӘР ТҮРЛІ БОЛУЫ

МҮМКІН (ЕСКЕРТПЕ, МӘЛІМДЕМЕ)
ЖАСАЛУ УАҚЫТЫ: ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ
МАҚСАТЫ: ШАРТ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІН АЛЫП ТАСТАУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУ
НЫСАНЫ: ЖАЗБАША
ВК-сы ЕСКЕРТПЕЛЕРДІҢ «РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН» РЕЖИМІН БЕКІТЕДІ. (19 БАП 1-3 ТАРМАҚТАРЫ)
ЕСКЕРТПЕГЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ
ЕСКЕРТПЕЛЕР БЕЛГІЛІ ЗАҢЫ САЛДАРЛАР ТУҒЫЗАДЫ.






Слайд 191977 жылы 10 мемлекет континентальді шельфті бөлу жөнінде шартқа қол қояды.

Шарт өз күшіне 1978 жылдың 5 ақпан айында енеді. Бұл шартқа 1980 жылы Амега мемлекеті қосылуға ниеттенеді. 1981 жылдың 2 қаңтарында Амега мемлекеті шартты ратификациялайды, және осы шарттың 6-шы бабына ескертпе жасайды. Ескертпе жөнінде хабарлама мүше мемлекеттерге жіберіледі.
1983 жылдың 30 желтоқсанында осы шартқа мүше болған Альфа мемлекеті Амега ескертпесіне қарсылық білдіреді.

Слайд 20Алайда Амега мемлекеті Альфа мемлекетінің қарсылығын жоққа шығарып, шартты ескертпемен қолдана

береді.
Альфа мемлекеті наразылығын білдіріп, мүлдем қатынастарды жояды.

Слайд 21Ескертпені жасау мен оған қарсылық білдірудің мүше мемлекеттерінің міндеттемелеріне қандай құқықтық

салдар туғызады?

Слайд 222010 жылдың 22 наурызында Альфа мен Бета мемлекеті осы мемлекет азаматтарының

кіші кәсіпкерліктерін салықтан боату туралы шартқа Альфа мемлекетінің атынан Сыртқы Істер Министрі, ал Бета атынан Қаржы Министрлігінің басшысы қол қояды. Шартың нормаларына сәйкес, қол қойылған күннен бастап, 6 айдан кейін шарт өз күшіне енуі тиіс. 2010 жылдың 21 желтоқсанында Бета мемлекеті Альфа азаматы Дэвид Геттаның киім сату компаниясына қатысты салық инспекциясын жүргізіп, оның салық төлеуден бас тартқаны үшін айыптайды.

Слайд 23Осыны білген Альфа мемлекетінің үкіметі наразылық білдіріп, 2010 жылғы шарттың бұзылуын

көрсете отырып, Бетаға нота жібереді. Алайда Бета мемлекетінің жауабы бойынша, 2010 жылғы шарт жарамсыз болып табылады. Себебі Бетаның «Халықаралық шарттар туралы» заңнамасына сәйкес, Қаржы Министрліктің басшысы, халықаралық шарттар жасасуға құқылы емес.

Слайд 24ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 26 БАБЫ БОЙЫНША PACTA SUNT SERVANDA

ҚАҒИДАСЫ БЕКІТІЛГЕН
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 27 БАБЫ БОЙЫНША МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ ШАРТТЫ ОРЫНДАМАУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ.

Слайд 252010 жылдың 22 наурызында Альфа мен Бета мемлекеті осы мемлекет азаматтарының

кіші кәсіпкерліктерін салықтан боату туралы шартқа Альфа мемлекетінің атынан Сыртқы Істер Министрі, ал Бета атынан Қаржы Министрлігінің басшысы қол қояды. Шартың нормаларына сәйкес шарт ратификация процедурасынан кейән өз күшіне енеді.
Альфа мемлекеті шартты 2012 жылы ратификациялайды. Алайда Бета мемлекеті бұл процедураны жүзеге асырған жоқ.


Слайд 262012 жылдың 20 сәуірінде Бета мемлекеті Альфа азаматы Дэвид Геттаның киім

сату компаниясына қатысты салық инспекциясын жүргізіп, оның салық төлеуден бас тартқаны үшін айыптайды.

Слайд 27ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 31 БАП БОЙЫНША:
ШАРТ АДАЛ ТАЛҚЫЛАНУЫ ҚАЖЕТ
ШАРТ

ПЕН КОНТЕКСТІДЕ БЕРІЛГЕН ТЕРМИНДЕР ОЛАРДЫҢ ӘДЕТТЕГІ МАҒЫНАЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАНУЫ ҚАЖЕТ
ШАРТТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН МАҚСАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ТАЛҚЫЛАНУЫ


Слайд 28COMPETENCE OF THE GENERAL ASSEMBLY FOR THE ADMISSION OF A STATE TO THE UNITED NATIONS ADVISORY OPINION (1950) ICJ
КОНСУЛЬТАТИВТІ ҚОРЫТЫНДЫ БОЙЫНША, БҰҰ ЖАРҒЫСЫНЫҢ 4

БАБЫ ТІКЕЛЕЙ МАҒЫНАДА ТАЛҚЫЛАНУЫ ҚАЖЕТ.

4 БАБТА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҰСЫНЫСЫ БОЙЫНША МҮШЕЛІККЕ КІРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ

Слайд 29UNITED STATES V. ALVAREZ-MACHAIN 504 US 655 (1992), US SUPREME COURT
ЖАУАПКЕР, МЕКСИКА АЗАМАТЫ, АҚШ-та СОТТАЛУЫ ҮШІН МЕХИКОДАН ҰРЛАНДЫ. АҚШ ЖОҒАРЫ

СОТЫ АҚШ ЖӘНЕ МЕКСИКА АРАСЫНДАҒЫ ЭКСТРАДИЦИЯ ТУРАЛЫ ШАРТТА КҮШ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ БЕКІТІЛМЕГЕНІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАДЫ. СОНДЫҚТАН АЙЫПТАЛУШЫНЫ БАСҚА МЕМЛЕКЕТ ТЕРРИТОРИЯСЫНА КҮШ АРҚЫЛЫ ҰСТАУҒА ЖОЛ БЕРІЛЕДІ ДЕГЕН ШЕШІМГЕ КЕЛДІ.


Слайд 30GOLDER V. UNITED KINGDOM [1975] 1 EHRR 524
СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 6 БАБЫ,

5 ЖӘНЕ 13 БАПТАРЫНАН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ, ЖӘНЕ ДЕ ОЛ СОТҚА ҚОЛЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН БЕКІТЕДІ. ЕУРОПАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СОТ КОНВЕНЦИЯ МӘТІНІН ӨЗІНІҢ ІШКІ СЕНІМІ МЕН ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАМАЙДЫ. ТАЛҚЫЛАУ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН МАҚСАТЫ НЕГІЗІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ.

Слайд 31ШАРТТЫ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ҚОСЫМША ӘДІСТЕРІ
ЕГЕР ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР НЕГІЗІНДЕ ТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН:
НОРМА МАЗМҰНЫ АНЫҚ

ЕМЕС НЕМЕСЕ ЕКІ МАҒЫНАЛЫ БОЛСА;
ТАЛҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ АБСУРДТЫ НЕМЕСЕ ҚИСЫНСЫЗ БОЛСА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

Слайд 32БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ЖАСАЛҒАН ШАРТТЫҢ ТАЛҚЫЛАНУЫ ҮШІН ШАРТТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН МАҚСАТЫН ҮЙЛЕСТІРЕТІН

ЕҢ ЫҚТИМАЛ МАҒЫНА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. (33 БАП)

Слайд 33ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ӘРЕКЕТІНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫ (КҮШІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ)
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ (1969) 42 б. 2

п. ЖӘНЕ 65 Б.

СУБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР

ОБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР


Слайд 34СУБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР
ШАРТ ДЕНОНСАЦИЯСЫ НЕМЕСЕ ШАРТТАН ШЫҒУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ БҰЗУ
БІРДЕЙ СҰРАҚ БОЙЫНША ЖАҢА

ШАРТ ҚАБЫЛДАУ
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖОЙЫЛУЫ

Слайд 352015 жылы Альфа, Бета, Гамма және Амега мемлекеттері консулдық мекемелердің иммунитеттері

мен артықшылықтары туралы халықаралық шартқа қол қояды. Шарт тараптармен ратификацияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді.
2017 жылы Бета мемлекеті бұл шарттан шығуға ниеттенеді. Бета мемлекетінің шығуы туралы хабарлама барлық мүше мемлекеттерге 2017 жылдың 10 ақпанында жіберіледі. 2017 жылдың 21 желтоқсанында Альфа мемлекеті Бетаның шарттан шығуына қарсылық білдіреді. Альфаның қарсылығы бойынша Шартта денонсация туралы ереже бекітілмегеннен бұл шарттан шығуға тыйым салынады.

Слайд 362010 жылы Альфа, Бета және Гамма мемлекеттері азаматтық, неке және қылмыстық

істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қояды. Шарт өз күшіне 2010 жылдың 25 қыркүйегінде өз күшіне енеді. Шарттың әрекет ету мерзімі бекітілмеген.
2015 жылы Альфа, Бета және Амега мемлекеттері азаматтық, неке және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы жаңа шартқа қол қояды.
2016 жылы Гамма мемлекетінің азаматы қылмыс жасап, Бета мемлекетінің территориясына қашып кетеді. Гамма мемлекеті 2010 жылғы шартқа сілтеме жасап, бұл азаматты ұстап беруді сұрайды. Алайда Бета мемлекеті осы әрекеттерден бас тартады. Бета пікірінше, 2010 жылғы шарт өз күшін жойды, өйткені бұл сұрақ бойынша жаңа шарт 2015 жылы қабылданды.

Слайд 37ОБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР
ШАРТ МЕРЗІМІНІҢ БІТУІ
АЛЫНҒАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ НЕМЕСЕ РЕЗОЛЮТИВТІ ТАЛАПТЫҢ ОРЫН АЛУЫ
ШАРТ

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫНЫҢ КЕМУІ
ЖАҢА JUS COGENS НОРМАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ШАРТТЫ ОДАН ӘРІ ОРЫНДАУДЫҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІ
МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ӨЗГЕРУІ


Слайд 382014 жылы біркелкі экономикалық аймақ құру туралы шарт жасалды. Осы шартқа

7 мемлекет мүше болды. Шарт ережелеріне сәйкес ол өз күшіне 6 мемлекеттің ратификациялық грамотасын тапсырғаннан кейін енеді деп бекітілген.
2015 жылы Альфа мемлекеті 6-шы ратификациялық грамотасын тапсырды. Депозитарий басқа мемлекеттерге бұл жөнінде хабарлама жасады.
2016 жылы бұл шартқа тағы 3 мемлекет қосылды. Алайда территориялық даулардың себебінен 5 мемлекет бұл шартты денонсациялады.
Альфа мемлекеті шарттың күшіне енуге қажетті мемлекеттер санының азаюы оның тоқтатылуына әкелетініне сілтеме жасап, шарттан бас тарта бастады.


Слайд 392000 жылы Альфа және Бета мемлекеттері арасында мемлекеттік шекара туралы келісімшарт

жасалды. Осы келісімшартқа Альфа Королі мен Бета Президенті қол қойды.
2000 жылғы келісімшарт бойынша Маршалл аралдары Альфа мемлекетіне тиесілі болды. 2002 жылы Бета мемлекетінде азаматтық соғыс нәтижесінде үкімет өзгереді. Сол сияқты осы жылы Маршалл аралдарында мұнай табылады.
Бета мемлекетінің жаңа үкіметі rebus sic stantibus ережесіне сілтеме жасап, 2000 жылғы шарттың күші жойылды деп көрсетеді.
2003 жылы бұл дау БҰҰ Халықаралық Сотына беріледі.

Слайд 40REBUS SIC STANTIBUS
СУБЪЕКТИВТІ ЭЛЕМЕНТ – ТАРАПТАРДЫҢ ШАРТ ЖАСАСУ ҮШІН НЕГІЗ БОЛЫП

ТАБЫЛАТЫН АСА МАҢЫЗДЫ МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСУЫ ЖӨНІНДЕГІ МОТИВАЦИЯСЫ

ОБЪЕКТИВТІ ЭЛЕМЕНТ – ОСЫ МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ӨЗГЕРІСІ ТҮПКІЛІКТІ ТҮРДЕ ТАРАПТАР МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘКЕЛУІ ҚАЖЕТ

Слайд 41МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ӨЗГЕРІСІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ТАЛАПРТАР БОЛУЫ МІНДЕТТІ:
ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН

МӘН-ЖАЙЛАР, ШАРТ ЖАСАСУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛУЫ ҚАЖЕТ
ӨЗГЕРІС ФУНДАМЕНТАЛДЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
ОСЫНДАЙ ӨЗГЕРІС ШАРТ ЖАСАСУ БАРЫСЫНДА ТАРАПТАРҒА БЕЛГІСІЗ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
ОСЫ МӘН-ЖАЙЛАР ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСІМ БЕРУІНІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛУЫ ҚАЖЕТ
МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ӨЗГЕРІСІ ТАРАПТАР МІНДЕТТЕРІН ТҮПКІЛІКТІ ӨЗГЕРТУІ ҚАЖЕТ.

Слайд 42ШАРТ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
ҚАТЕЛІК
АЛДАУ
МӘЖБҮРЛЕУ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨКІЛІН ПАРАҒА САТЫП АЛУ
EX TUNC, EX NUNC


Слайд 43TEMPLE OF PREAH VIHAR (CAMBODIA V. THAILAND, 1962)
ЭСТОППЕЛЬ – ТАРАПТЫҢ ШАРТ

ЖАРАМСЫЗДЫҒЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУЫ

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика