Жалау Мы?баев презентация

 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. Сол жылы желтоқсанда Түркістан (Қоқан) автономиясынМаңғыстау өңірі адайларының қолдайтындықтарын білдіру мақсатында Қоқанға барды. Мұстафа Шоқаймен осы жолы танысқан ол, 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды. 1919 жылы «Бірлік» жастар ұйымының

Слайд 1Жалау Мыңбаев
Жалау Мыңбаев (1892, бұрынғы Адай уезі Құнан-Орыс ауылы – 16.11. 1929, Алматы)

– мемлекет қайраткері. 1905 – 08 жылдары Форт-Александровскідегі (Ақтауқаласы) екі сатылы орыс-қазақ мектебінде білім алған.

Жалау Мыңбайұлы қаламынан жел ескен әрі тегеурінді, қайсар публицист. Жалауды публицистикаға алып келген сол тұстағы қоғамдық формацияның жай-күйі, өскен ортаның сұранымы, қажетсінуі, өз халқына деген қамқорлық, сүйіспеншілік, жан-жақты білім, ерекше дарын-қабілет публицистикаға иек арттырды.


Слайд 2 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. Сол жылы желтоқсанда Түркістан (Қоқан) автономиясынМаңғыстау өңірі адайларының қолдайтындықтарын білдіру мақсатында

Қоқанға барды. Мұстафа Шоқаймен осы жолы танысқан ол, 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды. 1919 жылы «Бірлік» жастар ұйымының төрағасы, 1920 – 23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлім бастығының орынбасары, Адай уездік милиция бастығы, Адай уездік ревкомының (1923 – 24) төрағасы қызметтерін атқарды. Мыңбаев БК(б)П 14-съезінің, қазақ облыстық 3 – 5 партия конференцияларының, Қазақстан кеңестерінің 4 – 6-съездерінің делегаты болды. Қазақ АКСР Кеңесінің 5-съезінде Қазақ АКСР ОАК-ның төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте жүріп республикадағы барлық басқару органдарын жергіліктендіру (қазақтандыру) ісіне басшылық жасады, халықтың әлеуметтік жағдайын және денсаулық, оқу-ағарту, мәдениетін жақсартуға күш салды. Мыңбаев қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін Кеңес өкіметінің солақай саясатын сынға алып, балама жол ұсынған С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақұлы, т.б. тобында болды. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Ф.Голощекиннің тапсырмасымен БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бақылау комиссиясы Мыңбаевтың үстінен іс қозғады. Мыңбаев ұлтшыл атанып, сынға ұшырады. 1927 жылы орнынан алынып, Гурьев (Атырау) округі атқару комитетінің төрағасы қызметіне төмендетілді. Ол бұл қызметі барысында Гурьев округінің мұнайлы өңір екенін ескеріп, ауыр өнеркәсіпті дамытуға күш салды.

Слайд 3Голощекинді ұрған қазақ
Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы Филип Исаевич Голощекин 1926

жылдың күздің қысқа айналар шағында кобинетіне ҚАЗКСР орталық атқару комитетінің төрағасы Жалау Мыңбайұлын шақырып АЛЫП, ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ОРТАДАН жоғары шаруашылығы бар қазақтардан бастап олардан да ауқаттыларының малдарын сыпырып алып, иелерін дүние-мүлкін кәмпескелеуге ұшыратып, жер аударуға тапсырма береді. Жалау Голощекиннің бұл тапсырмасына зығырданы қайнап тұрсада шыдамдылық көрсетіп, одан бұл істі көктемде бастауын сұрайды. Және байлардың малын қысқа таяу жинап алса, оларды қыстан аман шығарудың қиындығын алға тартады. Оның үстіне тек мал қырылып қоймайды, малдан айырылған халықтыңда қырылатынын сөзіне желеу етеді. Бұрыннан да көптеген мәселелер бойынша келіспей жүрген Голощекин Жалаудың айтқандарын құлағына ілместен, орындықта отырған Жалаудың алдынан арлы-берлі өтіп, оын балағаттап, контрсың, өкімет пен партия саясатына қарсы шықтың, ұлтшылсың деп жер-жебіріне жетеді. Оған шыдамы таусылған Жалау бір сәт аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып көлбеңдеп жүрген Голощекинді құлақ шекеден бір ұрып, ұшырып жібереді. Қайратты жігіттің соққысынан мұрттай ұшқан ол 2-3 минут есіннен танып қалып, бір мезгілде есін жиып, еңбектеп барып телепонға жабысып тетікті басып қалғанда, ар жағынан: Филип Исаевия не болып қалды деген Сталиннің даусы естіледі. қол-аяғы дірілдеп тұрып Ж. Мыңбайұлының оны ұрғанын баяндайды. 

Слайд 4Сөйтіп Сталин Ж. Мыңбайұлына дереу Москваға келуін бұйырады. Сталин оны жеке қабылдап,

ұруының себебін сұрайды. Жалау бәрін баяндап береді. Екеуінің сыйыспайтынын білген Сталин оны Гурьев округі атқару комитеті төрағысы кызметіне жұмысын ауыстыртқан екен. Бірақ сұрқия саясат деген істемей қоймады Голощекин асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деген жымысқы талабы орындалып, кәмпескелеу науқаны жүре бастайды. соның салдарынан Ұлы ЖҰТ жылы атанған ашаршылық жылдары белең алады

Слайд 5Қазіргі Қазақстан шекарасының оңтүстік-батыс бөлігі осы Жалау Мыңбаевтың арқасында сақталып қалған.

1920–23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық-түлік бөлім бастығының орынбасары болып тұрғанда сол жылдардағы жұттан, аштықтан халықты аман алып қалуға өте көп күш салған. Яғни орталықтың рұқсатынсыз-ақ Астрхан, Хиуа өңірлерінен астық алдыртқан. Өнер саласына да қосқан үлесі бар. А.В.Затаевичке 4 ән жаздыртып қалдырған екен.  Ж.Мыңбаев төраға болып тұрған тұста қазаққа қазақ аты берілді, яғни КирЦИК КазЦИК деп өзгертілді.

Слайд 6Жалау Мыңбайұлы туралы
1960-1990 жылдардағы әдебиет
Әбілқайыр Спан


Слайд 71929 жылы қызметінен өз еркімен кетіп, ауыр науқастан көз жұмды.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика