XXI ?асырды? техникада?ы жетістіктері презентация

Содержание

Слайд 1XXI ғасырдың техникадағы жетістіктері


Слайд 2Ташкенттің ЖОО оқитын студент жаңа телефон ойлап тапты.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында

Республикалық VII инновациялық идеялар жәрмеңкесі аясында өткен байқауға Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы мемлекеттік техникалық университетінің 1 курс студенті Сирожиддин Насридинов өзіңнің заман талаптарына сай МХ-1 сенсорлы телефонын таныстырды.

Телефонның екі жағы да әйнек, әрі телефон күн энергиясы арқылы қуат алады екен.
Өнертапқыш өзінің бұл еңбегін патенттеп алған, әрі телефонды шамамен 600 АҚШ долларына бағалап отыр. Енді сериялық нұсқаларын көбейтпекші.


Слайд 3Ірі қуат өндіргіш іске қосылды
Мохава сахарасында күн жылуынан қуат өндіретін электрстанция

іске қосылды. Ол әлемдегі ең ірі электрқуатын өндіретін тұрақтардың бірі. Ivanpah Solar Electric Generating System деп аталатын қуат өндіргіштің алар орны 14 квадрат км. Мұндай қуат өндіргіш Google, BrightSource Energy және Bechtel сияқты белгілі корпорациялардың көмегімен салынған.
Ivanpah 300 мың айна мен үш ғимараттан құралған. Күн сәулесі айнаға түсу арқылы ғимараттағы суды жылытады, осылайша буланып қуат көзі пайда болады.

Слайд 4Голландиялық «мәңгілік смартфон» ойлап тапты
Әзірге бір веб-сайты мен YouTube желісіне жариялаған

жарнамасы ғана бар голландиялық дизайнер Дейв Хаккенс өзі ойлап тапқан Phonebloks телефоны арқылы смартфон нарығына енбек. Оның идеясы өте қарапайым: телефонның негізгі қаңқасы қала береді де, басқа бөлшектері – экраны, колонкасы мен батареясы, жады және камерасы алмалы-салмалы болады. Яғни оларды қалауыңызша ауыстырып отырасыз. Өзіңіз құрастырып алатын бұл телефон көпшілікке танымал «Lego» ойыншығына ұқсайды.


Слайд 5Франция ғалымдары рентген-айна ойлап тапты
Бұл айна арқылы біз өзіміздің ішкі

органдарымызды, сүйек пен бұлшық еттерімізді көре аламыз.    Адамның өз денесіне қатысты пікірін философиялық тұрғыда зерттеу үшін Францияның бір топ ғалымдары сандық айна құрастырды. Ал болашақта ғалымдар құрылғының медицина саласына тигізер пайдасы зор екендігіне сенімді. Адамдар осы рентген-айнаның көмегімен белгілі бір мүшесін тексеріп, алдағы отаға да дайындалуға мүмкіндік туғызар еді.  

Слайд 6Адамгершілігі бар робот құрастырылды
«Honda» компаниясы шығарған «Asimo» роботының соңғы моделі өзінің

адамгеРобот ептілігімен таңдандырады, оның жүгіру, билеу, сатыны пайдалану секілді іс-қимылдары жетілдірілген.
Сондай-ақ бұдан да басқа күрделі тапсырмаларды орындауға қауқарлы. Мәселен, бармен немесе даяшы қызметін емін-еркін атқара алады.
Бұған қоса, робот адам тілін түсінумен қатар, қарапайым тілде әңгімелесуге қабілетті көрінеді.
 «Asimo» машинасын құрастыру 14 жыл бойы жүргізіліп келеді және алғашқы модельдермен салыстырғанда, мамандардың жұмысында едәуір ілгерілеушілік бар.


Слайд 7Смартфон қуатын 30 секунд ішінде толтыруға болады
Аталмыш батареяларды Израильдің StoreDot

компаниясы жасап шығарған. Ұсынылған бейнероликте смартфон 26 секунд ішінде қуат алғанын көруге болады.
 Конференцияда хабарланғанындай, аккумулятор қазір тек сынақ ретінде қолданылуда. Алдағы 3 жылдың ішінде компания оның өндірісін жолға қоюды жоспарлауда.


 


Слайд 8Францияда ұшатын автокөлік жасалды
Францияда әлемдегі алғашқы ұшатын автокөліктің жобасы жасалды. Pegasus

деп аталатын ультражеңіл ұшақ нарықта 2015 жылы пайда болады, деп хабарлайды Росбалт.Көлікті ұшыру сынағы осы жылдың наурыз айында өткізіледі деп жоспарлап отыр. Көлікті жасаушылардың сөзіне қарағанда, ол әзірге 60-80 ш/с жылдамдығымен үш сағатқа дейін ұша алады. Ал ұшақ-көліктің құны шамамен 100 мың еуроны құрайтын болады.


Слайд 9«СУ ЖҰТЫП, БУ ТҮКІРЕТІН КӨЛІК»
Оңтүстік Кореяның Hyundai компаниясы сутегімен жүретін шағын

көлігін елге таныстырды Бұл көлікті лизингке сатып алғысы келетін адам басында 3 мың доллар ақша салып, үш жыл бойы ай сайын 499 АҚШ долларын төлеп тұрады. Hyundai сутегі отыны мен қосымша ақау шығындарын мойнына алмақшы. Жапонияның Honda және Toyota компаниялары да 2015 жылы сутегімен жүретін көліктің жаппай нарыққа арналған модельдерін шығарамыз деп мәлімдеді.

Слайд 10Иіс шығаратын ұялы телефон

Ерекше құрылғы Android немесе iOS операциялық жүйесіне қосылу

арқылы жұмыс істейді. Шағын гаджеттің ішінде хош иіс шашатын сұйықтық құюға арналған арнайы таспаны салатын жер бар. Әзірге атауы қойылмаған бұл затты ойлап тапқандар оны қалтафоныңыздың оятқышына, түрлі ойындар ойнағанда немесе йогамен айналысқанда қолдануды ұсынады.

Слайд 11Пара алмайтын жол сақшы
Көлік қоғаласын реттеу мен адамдардың бағдаршамды елемеу әдетіне

тосқауыл қою үшін қала орталығына 2,5 метрлік робот орнатылды.Бұл роботты жасау идеясы Киншастегі Қолданбалы техника жоғары институтының өнертапқышы Исайе Терезаға тиесілі. Роботтың көзіне арнайы бейнекамералар орнатылды, осылайша оның көзі кез келген ереже бұзу фактілерін тіркеп отырады. Сонымен қатар онда бағдаршам белгілері және жаяу жүргіншілерге ақпарат беретін қондырғылар жасақталды. Роботтар күн батареяларынан алынған энергиямен жұмыс істейді және оның қуаты түнгі уақытта да таусылмайды



Слайд 12 ұялы телефон мен смартфондар координатын бақылайтын жүйе іске қосылды
Кез келген

адам ұялы телефонына «Kaz-Gps» қосымшасын орнатып оны бақылай алады. Жүйенің артықшылығы GPS-спутникпен өзінің тұрған жерін анықтайды. Тіпті қалада Wi-Fi нүктелері арқылы арнайы алгоритмді пайдалана отырып тұрған жерін анықтайды, сондықтан ол батареяның қуатын аз пайдаланады.
Телефон спутник координатын, ұялы телефон операторларының A-GPS желісін, Wi-Fi нүктесін пайдаланатындықтан оны жасырып қалу мүмкін емес. Пайдаланушы өзіне қандай алгоритм қажет екендігін таңдайды.

Слайд 13
Aluratek фермасы Интернэт арқылы  радио тыңдауға болатын USB аспабын шығарды. Бұл

аспап арқылы интернетке қосылуға болатын барлық жерден дүние жүзінің  300 дей елінің 13000 интернэт радиосын тыңдауға мүмкіндік береді

Слайд 14Экраны хош иіс шығаратын теледидар
 Жақында Токио университетінің ғалымдары экраны хос

иіс шығаратын алғашқы теледидарды таныстырды, деп жазады Day.az. Әзірге мамандар экранның жаңа піскен шабдалының және ыстық кофенің хош иісін шығаратын екі нұсқасын ғана ұсынып отыр. Теледидар экранынан шығатын хош иістер қарапайым тәсілмен жүзеге асады. Теледидардың жұмыс істеуінен қызатын хош иісті гранулалар буланады. Осылайша, буға айналған гранулалар экран бұрыштарында орналасқан желдеткіштер арқылы теледидар алдында отырған көрерменге жетеді.

Слайд 15Сингапурде ағаш ноутбук ойлап тапты
Сингапур дизайнерлері ерекше ноутбук шығарды. Оның корпусы

ағаштан жасалған. Ол бірден экологиялық компьютер дәрежесіне өтіп, әлемдегі алғашқы «жасыл компьютер» мәртебесін алып үлгерді. 
Мұның бір ерекшелігі, сатып алушы оның түрінің және корпусының дизайнын өз қалауынша таңдай алады. Жаңа компьтердің корпусы үшін ағаш, пластик, шыны, болмаса тағы бір затты таңдауға болады. Тіпті дизайнын да. Жаңа ноутбук Project Novena деп аталады және сатып алушыларға қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс беруге болады.


Слайд 16Samsung-тың ‘ақылды’ браслеті
Gear Fi»t атты гаджет жұртшылық назарына «Mobile World Congress

2014» көрмесінде ұсынылды.   Құрылғы СМС хабарламалар мен қоңырауларды қабылдаудан бөлек, иесінің жүрек қағысының жиілігін тексеріп, оның жүріп өткен жолын есептей алады. Өндіруші компания өкілдерінің айтуынша, гаджеттің қуаты оның 2-3 күн бойы үздіксіз жұмыс істеуіне жетеді. Samsung-тің «Gear Fit» браслеттері сәуір айында сатылымға шығады деп күтілуде.

Слайд 17Кептелістен құтқаратын жаңа көлік
 Испандық дизайнер Гектор дель Амо шағын және жеңіл

тікұшақтың жобасын жасап, көпшіліктің назарына ұсынды. 
Кішкентай тікұшақ Zero helicopter деп аталады. Өнертапқыш бұл тікұшақты қаладағы кептеліс мәселесін шешу мақсатында жасаған. Көліктің бұл түрі бір адамға ғана арналған, әрі өте жеңіл көрінеді. Тікұшақ өзінің кіп-кішкентай дизайны мен салонының формасы үшін ZERO деген атқа ие болды. Шағын әрі жеңіл көлік 0-ге де ұқсайды. Zero Helicopter тікұшағын әуе мотоциклі десе де болады. Ол аз ғана уақытта сізді діттеген жеріңізге жылдам жеткізеді. 


Слайд 18Корнель университетінің информатика департаментіндегі Personal Robotics Lab ғалымдар ұйымы адамға қызмет

көрсететін робот ойлап. PR2 деп аталатын темір адам расымен де кез келген бұйрығыңызды әзірлеуге даяр. Microsoft Kinect бағдарламасы орнатылған ол бір мезгілде бірнеше затты көз алдында бақылай алады. Мәселен, сіз бір затқа қолыңызды созсаңыз, оның сізге қажет екенін біліп, бірінші болып көмектесуге даяр. Мәселен,  бокал мен сыра бөтелкесі тұр делік. Сыраңызды ішіп болып, ыдысыңызды үстелдің үстіне қойсаңыз, ол сізге тағы да сусын керек деп түсініп, құйып береді.   Одан бөлек, дүкенге барып зат алып келе алатын қабілетке де ие. Құрастырушылардың айтуынша, PR2 82%-ға дейін ақпаратты дұрыс қабылдайды. 

Слайд 19Қимылмен басқаратын ноутбук
Hewlett-Packard (HP) компаниясы Envy 17 Leap Motion Special Edition

деген атауға ие қол қимылымен басқарылатын ноутбук жасап шығарды. Оны тіптен, қашықтықтан басқаруға болады. Сонымен қатар, Envy 17 17,3 дюймдік сенсорлы экранға ие  құрал Intel Core i5 процессорымен және NVIDIA графикасымен жабдықталған.
Дегенмен, ол тез жұмыс істеуге аса қолайлы емес. Әрі қолыңды барынша жоғары көтеруің керек. Оған тез таусылып қалатын қуатын тағы қосыңыз. 
НР компаниясы жаңа өніміне тапсырысты 16 қазаннан бастап қабылдайды. Оның нарықтағы құны 1050 доллардан басталады деп отыр.


Слайд 20Әлемдегі ең жылдам принтер бір минутта 152 парақ шығарады.
Жапондық  Kyocera Corp

компаниясы  әлемдегі ең жылдам принтерді ойлап шығарды. Ол бір минутта 152 парақ қағаз басу қабілетіне ие. Оның бұлай жұмыс істеуінің басты ерекшелігі – әдеттегі қағаз шығарғыштар секілді 300dpi сыйымдылыққа дейін кеңеюіен бөлек, бір мезгілде екі парақты басатындығында.  
Екі еселенген құрал бір базада орналасқандықтан, тұтынушыларға принтер үшін бір ғана құрылғы сия жетеді. Ұзындығы 112 миллиметр болатын ерекше картридждің бөлшегі принтердің қарқынды жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрады. Ол арқылы бір уақытта екі түрлі бояумен қағаз шығаруға да мүмкіндік бар. Әрі бояу қолыңызға жағылып, қолайсыздық тудырады деп саспаңыз.
Өнімді құрастырушылар нарықта мұндай жылдамдықпен қағаз басатын мәшиненің аса қажеттілігі байқалатындығын алға тартты.

Слайд 21Су арқылы «жұмыс істейтін» «принтер-фонтан.
Заманауи ағымға сай қағаз шығаратын  принтерлердің де

түр-түрі шығып жатыр. Жапондық ғалымдар  одан да өткен ғажайыпты – су арқылы қағаз басатын принтер-фонтанды ойлап тапты.
 Оны қағаз шығарғыш деп айтуға да келіңкіремейді. Адамдардың көз алдына судан мәтіндер, суреттер мен сұлбалар шығып тұратын әдемілікті тек көзбен көру қажет!


Слайд 22«Майысқақ» телефон
Samsung компаниясының ерекше ұялы телефоны ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Өнертапқыш

Хейон Ю (Heyon You) ойлап тапқан бұл қалтафон иілгіш қасиетке ие. Тіптен, оны қалауыңызша орап, түтікшеге айналдырып алуыңызға да болады. Galaxy Skin процессоры 1 ГГц такты жиілігіне, ал дисплей WVGA-кеңейтіліміне (480x800 нүкте) ие. Камераның суретке түсіру мүмкіндігі – 8 мегапиксель. «Құбылмалы» аппаратты бүктелмей тұрған күйінде көрсеңіз, әдеттегі телефон іспетті. Ал, оны майыстырсаңыз, аудио,-бейнежүйесі ашылады. Жанына бұрап, ортасын сәл қисайтсаңыз, кәдімгі оятқыш сағат дерсіз. Тіптен, қолға браслет ретінде киіп жүруге немесе белдікке қыстырып қоюға да ыңғайлы дейді Хейон Ю.

Слайд 23Қолжазбаны электронды түрге айналдыратын қаламсап шықты.
Дизайнерлер жазған-сызғаныңызды жадында сақтайтын қасиетке ие

қаламсап ойлап тапты. Recorder деп аталатын қаламды 7 ғалым бірігіп, жоғары технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып жасап шыққан дейді Allday.in.ua.   Recorder-дің ерекшелігі, қағазға жазған жазбаңызды арнайы орнатылған лазерлі жадқа сақтап отырады. Ал  сақталған жазбаны Bluetooth-дің көмегімен компьютеріңізге жібере аласыз. Жазу құралының ерекше жүйесі тіпті қателерді де тексереді.
 Әзірге эксперимент ретінде шығарылған қаламның ағылшын тіліне арналған нұсқасы ғана бар. Оны құрастырушылар тауар қолжетімді жағдайда сатылымға түседі деп отыр.».


Слайд 24Қозғалысты жеңілдететін «ақылды» велосипед ойлап тапты.
Голландиялық өнертапқыш "ақылды" велосипед ойлап тапты.

 VANMOOF 10 деген атауға ие көлік GPS пен көптеген тетіктердің көмегі арқылы педальдің айналуын жеңілдетеді. Сонымен қатар, ол жылдамдыққа әсер ету арқылы алдыңғы дөңгелектің қозғалтқышын ретке келтіріп отыратын көрінеді. 250 Вт-қа тең мотор велосипед тебушінің аяғына түсетін күшті  80 %-ға дейін жеңілдетеді. Тіпті, қажет жағдайда моторды өшіріп қоюға да болады. Ал дөңгелектерінің жиегіне аккумулятор батареялары бекітілген. Ол шамамен 30-60 шақырымға дейін жол жүруге жарамды.
"Аккумулятор 3 сағаттың ішінде толық зарядталады" дейді құрастырушылар. Шайтанарбаның салмағы 19 келіге тең.
Бастапқы шығарылымы 200 дананы құрайтын велосипед үстіміздегі жылдың қараша айында сатылымға түседі деп күтілуде. Нарықтағы бағасы да арзан емес, 2600 доллар.

Слайд 25Өнертапқыштар көлемі кішкентай USB-үтік жасап шықты.
Күнделікті тұрмысқа аса қажетті заттардың бірі

– үтіксіз киім кию қолайсыздық тудырары анық. Ал киіміңіз қыртыстанып қалатын матадан тігілген болса, тіптен қиын. Оның үстіне химиялық тазарту қызметіне екінің жүгіне бермейді. Осының бәрін ескерген өнертапқыштар компьютерге қосылатын USB-үтік ойлап тапты деп жазады intenews.ru. «Ерекше» үтік кеңседе, іссапарларда, әдеттегі үтікті қолдануға жағдай жасалмаған жерлерде өте ыңғайлы. Арнайы интерфейсі бар құралды компьютеріңізге қосуға болады. Ал компьютер жоқ жағдайда екі батарея салсаңыз, жеткілікті. АҚШ-та 10 доллар тұратын үтік кез келген адамға қолжетімді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика