Таңба. Жалпы грамматика презентация

Содержание

ТАҢБА ТАҢБАНЫҢ ТҮРЛЕРІ Алғашқы емес, екіншілік қызметін атқарады; Жіберушісі мен қабылдаушысы бар; Белгілі бір әлеуметтік хабардың көрсеткіші болып табылатын материалдық дене;

Слайд 1ТАҢБА. ЖАЛПЫ ГРАММАТИКА


Слайд 2ТАҢБА
ТАҢБАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Алғашқы емес, екіншілік қызметін атқарады;
Жіберушісі мен қабылдаушысы бар;


Белгілі бір әлеуметтік

хабардың көрсеткіші болып табылатын материалдық дене;








- Белгі таңба - заттың одан бөліп алуға болмайтын өз бойындағы белгісі, мыс., адамның дене қызуының көтерілуі.
- Сигнал таңба – заттың өз бойына тән емес, келісім б/ша жасалған белгі, мыс., қоңырау соғылуы.
Символ таңба – дерексіз бейнелі ұғымдарды білдіретін таңба, мысалы, мем-к рәміздер.
ТІЛДІК ТАҢБА – ерекше таңбалар жүйесі, ӘМБЕБАП ТАҢБА, өйткені тілдік т. арқ. 1) кез келген таңбалық жүйенің мазмұнын сипаттауға болады; 2) кез келген ақпаратты жіберу, білдіру мүмкіндігі шексіз (басқа таңбалық жүйе-ң қабілеті шектеулі); 3) тілді кез келген адам қолданады, басқа таңбалардың қолданушылары шектеулі.








Слайд 3ТАҢБА ЖӘНЕ ТІЛДІК ТАҢБА ІЛІМІНІҢ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ


Слайд 4ЧАРЛЬЗ ПИРСТІҢ ТАҢБА ТУРАЛЫ ІЛІМДЕРІНЕН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ


Слайд 5Ч. Пирс, Ч. Моррис (“Основы теории знаков” еңбегі) бойынша
СЕМИОТИКА
СЕМАНТИКА
ПРАГМАТИКА
СИНТАКТИКА


Слайд 6

Неміс философ-математигі Г. Фреге б/ша таңбаның құрылымы: таңба, форма, денотат


Слайд 7ТАҢБАЛАР ЖҮЙЕСІ
ОБРАЗДЫ – символды сигналдар, мыс., сурет, музыка, би, ым-ишарат
ШАРТТЫ –

тілдік таңбалар

ТАБИҒИ – белгі таңбалар, мыс., аңдардың ізі, ауа-райының өзгерісі

Табиғи тілдер, мысалы, ауызекі сөйлеу тілі, жазба тіл

Формальды тілдер – А) алгоритмдік ақпараттық мамандандырылған тілдер (информатика, мат., химия, биология);
Ә) Жасанды тілдер (эсперанто, вопалюк, идо)

Жүйелік жазулар – нота, формула, шахмат нотациясы


Слайд 8Ф.де Соссюр бойынша:
ТАҢБА- екі жақты бірлік, билатеральды.

2) Таңбаланушы – таңбаның мазмұны,

мағынасы

1) Таңбалаушы - таңбаның формасы


Слайд 9ГРАММАТИКА
терминінің 2 мағынасы
ГРАММАТИКА. ЖАЛПЫ МОРФОЛОГИЯ
Грамматика - сөз формаларын, сөз тіркестерін,

сөйлем түрлерін зерттейтін лингвистиканың бір тармағы

Грамматика ғылымының зерттеу нысаны, яғни, бұл – тілдің грамматикалық құрылымы, тіл бірліктерінің өзара қатынасқа түсу заңдылықтары, сол бірліктердің құрылу ережелері


Слайд 10МОРФЕМА
Тілдің негізгі морфологиялық бірлігі және ең кіші мағыналық, құрылымдық элементі.
Басты

сипаты екіжақтылығында: мазмұн өресі және жеткізу өресінен тұрады.
3) Және оның осы екі өресі арасындағы қатынас біржақты емес: мысалы, бір жеткізу өресіне бірнеше мазмұн өресі сәйкес келуі мүмкін, мыс., баспа, -па – зат есім әрі етістік тудырады.
4) Керісінше, бір мазмұн өресіне бірнеше жеткізу өресі сәйкес келуі мүмкін, көптік мағынаны білдірудің бірнеше жолы я жалғаулары. Мұндағы алдыңғы құбылыс морфемалардың ононимиясы, соңғысы синонимиясы болып табылады.



Слайд 11Мағынасы жағынан МОРФЕМАЛАР
Грамматикалық морфемалар н/се аффикстер;
Түбірге жалғану сипатына қарай:
Префикстер
Қолданбайтын тілдер: түркі

т. ж/е угро-фин
(Орал тілдері → угро-фин: а) угор бұтағы (венгер, мансы, ханты); ә) Прибалтика –фин бұтағы (фин, эстон, карель, ижор); б) Пермь бұтағы (коми зырян; коми пермяк, удмурд); в) Волга бұтағы (мариий; мордов: эрзян, мокшан)

Постфикстер
Қолданбайтын тілдер, мыс., суахили тіліндегі (банту тобы, Шығыс Африка) етістік формасы wa-ta-si-po-ku-ja (ватасипокуджа) – “егер олар келмесе”, мұндағы wa – ІІІ ж. көпше; ta – келер шақ, si –болымсыздық; po – шарттылық; ku – етістік префиксі, тек ja – “келу”, яғни түбір морфема.

Үндіеуропа т-де префикс те, постфикс те қолд., бірақ постфикстердің үлесі басым, мыс., пред став и тель н ый (1 префикс, 4 постфикс)


Заттық морфемалар н/се түбірлер


Слайд 12ГРАММАТИКАЛЫҚ МОРФЕМА
Грамматикалық мағынасының типі бойынша
деривациялық мағыналы постфикстер (суффикстер)
реляциялық мағыналы постфикстер

(флексия)

сөз тудырушы қосымшалар

сөз түрлендіруші қосымшалар


Слайд 13Грамматикалық морфемалардың
ТҮРЛЕРІ
Интерфикс (лат.арада бекітілген деген мағынада) – бұлар дербес мағынасы жоқ,

көмекші морфемалар, олар күрделі сөздердегі түбірлердің байланысы үшін қызмет етеді. Н.С.Трубецкой оларды “байланыс морфемалары” деп атады. Олар тек сөз тудыру қызметінде жұмсалады, мысалы, вод о воз т.б.

Конфикс (лат.бір-біріне бекітілген) –екі аффикстің комбинациясы, олар жеке-жеке екі морфема болса да, бірігіп әрекет етеді, мысалы, неміс тіліндегі de-fynd-en – “табылған” – de және en – түбірмен бөлінген өз алдарына жеке морфемалар бірігіп, күрделі өткен шақты білдіруде қолданылады; олар кейбір жағдайларда бір-бірінсіз де қолданылады, мысалы, lob-en – “мақтау”.

Инфикс (лат.вставленное в) – бұл түбірдің ортасына қойылған қосымшалар. Мысалы, тагаль тілінде (индонезия семьясы) –um инфиксі; s-um-ulat – жазу –sulat – хат сөзінен түрленген. Орыс тілінде инфикстер дыбыс алмасуы кезінде байқалады: лечь – лягу; сесть – сяду;

Трансфикс – бірыңғай дауыссыздардан тұратын түбірді жарып, өздері де бөлініп, дауыссыздар арасында дауысты қабатша ретінде қызмет етеді де, сөз формасын анықтайды және оны грамматикалық тұрғыдан ресімдейді, яғни белгілі бір грамматикалық мағынаға ие. Бұл құбылыс семит тілдеріне тән (көне еврей, аккад немесе ассирио-вавилон, финикий тілі).



Слайд 14ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРДЫ БІЛДІРУ ТӘСІЛДЕРІ
СИНТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР – грамматикалық мағынаны сөз ішінде білдіретін

грамматикалық тәсіл

АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР - грамматиканы сөзден тыс (сыртында) білдіретін грамматикалық тәсіл

Аффиксация (агглютинация, фузия), ішкі флексия, қайталау, екпін, супплетивизм

көмекші сөздер тәсілі, интонация, сөздердің орын тәртібі




Слайд 15АФФИКСАЦИЯНЫҢ 2 ҮРДІСІ
АГГЛЮТИНАЦИЯ
Бірмәнді бірқалыптағы аффикстердің өзгермейтін түбірге механикалық жалғануы агглютинация деп

аталады. Агглютинация құбылысы орыс тілінде префиксацияға тән.

ФУЗИЯ - лат.тілінде “ерітілу” дегенді білдіреді. Бұл терминді Э.Сепир ұсынған. Аффикстердің түбірге тығыз жалғануы кезінде өзгеруі фузия деп аталады. Фузия кезінде ішкі, сыртқы аффикстер түбірмен терең жымдасады да, негіз түзіледі, оны В.А.Богородцкий опрощение деп атайды.


Слайд 16ФУЗИЯҒА тән ерекшеліктер
1) орыс тілінде қосымшалар түбірге жалғанады, түбір қосымшаларсыз қолданыла

алмайды: эемл+я;
түбір фонемалардың құрамында аздаған өзгеріс болады (л – біресе қатаң, мыс.,пилам, біресе жұмсақ, мыс., пиле);
қазақ тілінде түбір қосымшасыз қолданыла алады;

2) орыс тілінде қосымшалардың түбірмен қосылуы тығыз сіңіскен сипатқа ие (түбірдің соңғы фонемасы мен қосымшаның басқы фонемасының кірігуі: дет+ ск + ий); қосымша жалғанғанда түбір өзгеріске түседі, сондықтан түбірдің бір түрі бір қосымшалармен, ал басқа түрі басқалармен қосылады, мыс., про езд и ть; про езж а ть.

3) қосымшалар бірмәнді емес, бір уақытта бірнеше грамматикалық мағынаны білдіруі мүмкін: -ам - барыс септігі және көптікті білдіреді; орыс тілінде аффикстер стандартты емес, яғни бір грамматикалық мағынаны білдіруде сол бір қосымша барлық сөздерде бірдей қолданыла алмайды, мыс., барыс сеп.жалғауының формасы жекеше түрде -у, -е түрінде болса, көпше түрінде –ам;



Слайд 17Супплетивизм. Түбірдің немесе негіздің әртүрлілігіне (фонема құрамының) қарамастан, лексикалық мағынасы толық

сақталады да, осындай әртүрлі түбірлі сөздер бір грамматикалық қатарға жатады. Түбірдің я негіздің әртүрлі құрылуы грамматикалық мағыналарды өзара ажырату тәсілі болып табылады. Мысалы, хорошо – жай шырай, лучше – салыстырмалы шырай; человек – жекеше, люди – көпше.

СУППЛЕТИВИЗМ



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика