Сұйықтың ағуы презентация

Содержание

1. Жіңішке қабырғалардағы кішкене саңылаулар арқылы тұрақты арында сұйықтықтың ағуы; 2. Деңгейлік (деңгей астылық) ағу; 3. Айнымалы арын кезінде саңылаулар мен қондырмалар арқылы ағу (ыдыстардың босауы); 4. Сұйықтық ағынының қоршаған беттерге

Слайд 1Сұйықтың ағуы


Слайд 21. Жіңішке қабырғалардағы кішкене саңылаулар арқылы тұрақты арында сұйықтықтың ағуы;
2. Деңгейлік

(деңгей астылық) ағу;
3. Айнымалы арын кезінде саңылаулар мен қондырмалар арқылы ағу (ыдыстардың босауы);
4. Сұйықтық ағынының қоршаған беттерге түсіретін қысымы.

 Жоспары


Слайд 3Сұйықтықтың резервуарлардан, бактардан, қазандықтардан саңылаулар мен қондырмалар арқылы (әр түрлі формадағы

қысқа құбырлар) атмосфераға немесе газбен немесе дәл сол сұйықтықпен толтырлған кеңістікке ағуын қарастырайық.  Осындай ағу процесі кезінде резервуардағы сұйықтықтық ие болатын потенциалдық энергия қоры еркін ағыстың кинетикалық энергиясына айналады.
Аталған жағдайдағы қызықтыратын негізгі мәселе саңылаулар мен саптамалар үшін ағу жылдамдығы мен сұйықтық шығынын анықтау болып табылады.

Жіңішке қабырғалардағы кішкене саңылаулар арқылы тұрақты арында сұйықтықтың ағуы


Слайд 4Ішінде Р0 қысымдағы сұйықтығы бар, қабырғасында  еркін бетінен жеткілікті деңгейдегі Н0  тереңдікте кішкене дөңгелек саңылауы бар үлкенрезервуарды қарастырайық


Слайд 5Сұйықтық қысымы Р1 болатын ауа кеңістігіне ағады. Саңылау 7.2 а) суретте көрсетілгендей

қалыпта, яғни, жіңішке қабырғаға  кіру жиегін өңдеусіз бұрғылап тесу түрінде немесе 7.2 б) суреттегідей, яғни, қалың қабырғада, бірақ, кіру жиегін сыртқы жағынан үшкірлеу  арқылы жасалған болсын. Ағын саңылау жиегінен ажырағанда біраз сығылады (7.2 а сурет). Мұндай сығылу сұйықтықтың әр түрлі бағыттардан қозғалысына, оның ішінде қабырға бойымен тарамдалған қозғалыстан, ағындағы  остік қозғалысқа дейін  қозғалыстармен түсіндіріледі.

Слайд 9Сұйықтықтың атмосфераға емес, дәл осы сұйықтықпен толтырылған кеңістікке ағуы іс жүзінде жиі кездеседі (7.5- сурет). Мұндай жағдай деңгейлік ағу немесе су басып кеткен саңылаумен ағу деп

аталады.

Деңгейлік (деңгей астылық) ағу


Слайд 10Сыртқы цилиндрлік қондырма деп кіру жиегінің дөңгелектеуінсіз ұзындығы бірнеше диаметрге тең  қысқа құбыршаны айтады(5.7 сурет). Практикада мұндай қондырма қалың қабырғаны бұрғылап тескенде және кіру жиегін өңдемеген

кезде жиі көрініс табады. Осындай қондырма арқылы газдық ортаға ағу екі режимде жүруі мүмкін.
Бірінші режим – үздіксіз режим. Ағу кезінде ағын қондырмаға кіргеннен кейін, жіңішке қабырғадағы саңылау арқылы ағу кезіндегіге ұқсас сығылады. Содан соң ағын саңылау өлшеміне дейін біртіндеп ұлғаяды да, қондырмадан толық қимамен шығады (7.6- сурет). 

Тұрақты арында қондырма арқылы ағу


Слайд 13Екінші режим ағынның сығылудан кейін ұлғаймай, цилиндрлік формасын сақтап және қондырма

ішінде, оның қабырғаларына жанаспай орын ауыстыруымен сипатталады. Ағу жіңішке қабырғадағы саңылаудағы сияқты, дәл сондай коэффициент мәндерінде болады. Яғни, бұдан шығатыны, бірінші режимнен екінші режимге өткенде жылдамдық артады, ал шығын ағынның сығылуына орай азаяды.
Цилиндрлік қондырмадан деңгейлік аққанда ағудың бірінші режимінің жоғарыда суреттелгендегіден айырмашылық  болмайды. Бірақ Н > Нкр болғанда екінші режимге өту жүрмейді, кавитациялық режим басталады.
Осылайша, сыртқы цилиндрлік қондырма айтарлықтай кемшіліктерге ие: бірінші режимде – үлкен кедергі және шығын коэффициентінің жеткілікті дәрежеде жоғары болмауы, ал екінші режимде – өте төмен шығын коэффициенті. Кемшілігінің қатарына  осылармен бірге деңгейлік ағу кезіндегі кавитацияның болу мүмкіндігі саналады.
Сыртқы цилиндрлік қондырманы кіру жиегін дөңгелектеу немесе конустық кіріс орнату жолымен  айтарлықтай жақсартуға болады. 7.8- суретте әр түрлі қондырма түрлері және сәйкес коэффициенттер мәндері көрсетілген.


Слайд 15Атмосфераға ашылған ыдыстың ағыс орнықпаған кезде, тұрақты кемитін арында   босауын қарастырайық

(7.9- сурет).
Алайда, егер арын, ал бұдан шығатыны ағу жылдамдығы да жай өзгереді, онда әрбір уақыт мезетіндегі қозғалысты орныққан деп қарастыруға және есепті шешуге  Бернулли теңдеуін қолдануға болады.


Слайд 16Ағын қысымының шамасы, әрине, қондырма мен бөгеттің арақашықтығына тәуелді.  Ара қашықтықтың

артуымен ағын ыдырайды және қысым төмендейді. Осыған сәйкес зерттеулер берілген жағдайда ағын үш сипаттық бөлікке бөлінетінін көрсетеді: ықшам тұтас, бөлшектенген және шашыранды.
Ықшам тұтас бөлігінің шегінде ағынның цилиндрлік формасы қозғалыстың тұтастығын бұзбастан сақталады. Бөлшектенген бөлігінің шегінде ағыс тұтастығы бұзылады, мұнымен қоса ағын біртіндеп ұлғаяды. Соңғысы ағынның шашыранды бөлігінің шегінде ағыстың толығымен жекелеген тамшыларға ыдырауы жүреді.

Слайд 181. М.С. Овчаров, И.С. Өтебаев. Гидравлика және гидрожетек негіздері. Қарағанды: ҚарМУ

баспасы, 2004.
2. В.Г. Гейер и др. Гидравлика и гидропривод. М.:Недра, 1991.
3. Р. Р. Чугаев. Гидравлика. Ленинград: Энергия, 1975.

Әдебиеттер


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика