Орта ?асырларда ?алаларды? экономикалы?,м?дени ?мірдегі ма?ызы презентация

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды.  Бұл

Слайд 1

Орта ғасырларда қалалардың экономикалық,мәдени өмірдегі маңызы


Слайд 2

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған

байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды.  Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi

Слайд 3Мемлекетте төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және

дипломатиялық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады.

Ежелгі Тараз қаласы


Слайд 4Оңт. Қазақстандағы ең iрi қала Испиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның

жылнамасында "Ақ өзендегi қала” атымен алғаш аталады. Кейiн Махмұт Қашқари Сайрам — ақ қаланың аты, ол Испиджаб деп аталғанын жазады. Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, халықаралық сауда орталығы ретінде де белгілі болды. Қалада көптеген сауда құрылыстары, керуен-сарайлары мен «тимдер» жұмыс істеген. Керуен-сарайларды Нахшеб, Бұқара, Самарқанд көпестері иемденген.

Слайд 5
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан жеріндегі ең ірі қала -

Испиджаб болған. Халықаралық сауда Орта Азия және Шығыс қалалары шығарған теңгелер және XI – XII ғасырларда Испиджабтың өзінде соғылған шақалар арқылы жүргізілді. Испиджабтан сыртқа ақ маталар, семсерлер, қару-жарақ, мыс пен темір шығарылды. Қала бүкіл шығысқа құл саудасымен белгілі болды. Испиджабтың төңірегінде көптеген қалалар мен елді мекендер ораналасқан. 



Слайд 6

Отырар-Қазақстан жеріндегі көне қала.Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның

орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналған болатын. 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін қала жермен-жексен болды. Қазіргі таңда тек орны ғана қалған.

Слайд 7

9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты

көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды

Слайд 9

Қазақстанның оңтүстігіндегi қала жұрттарына құрылымында
 Ішкi қамал
(цитадель)
Рабад
(қала төңiрегiндегi сауда-қолөнер орны)
Шахристан

(дуалмен бекiндiрiлген қала)





Слайд 10

Сығанақ – ортағасырлық қала орны. Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда

қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

Слайд 12

Саудакент Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол

Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.

Слайд 14Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі.  Түркістан

қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Тарихи деректерге жүгiнсек, сонау сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершiлiк заманда бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде орталығы (астанасы) болып келген. 


Слайд 17

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика