Мәңгілік ел жастары-индустрияға презентация

Содержание

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға» жобасы Оңтүстік облыстардың жастарын еліміздің Солтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарында білім алуына мүмкіндік береді. Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық

Слайд 1“Мәңгілік ел жастары- индустрияға!”
МЕББМ “Экономика және ақпараттық
технологиялар колледжі”
Орал қаласы
СЕРПІН-2050


Слайд 2«Мәңгілік ел жастары-
индустрияға»
жобасы Оңтүстік облыстардың жастарын еліміздің

Солтүстік, Батыс
және Шығыс аймақтарында білім алуына мүмкіндік береді. Маңғыстау,
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық көрсеткіш жоғары, алайда жұмыс орындары
тапшы.
Павлодар, Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарда керісінше, зауыт, фабрикалар салынып жатқанымен, кәсіби мамандар жетіспейді. Бағдарлама осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді.

Слайд 3Маңғыстау облысынан келген талапкерлер


Слайд 4Оңтүсік Қазақстан облысы


Слайд 5Қызылорда облысы


Слайд 7Колледж басшыларымен кездесу


Слайд 8Белсенді оқушылар қатары бізді колледж қабырғасында қарсы алу сәті...


Слайд 9Колледж оқушыларының аға буынмен кездесуі


Слайд 10Біздің топтың кураторы
Тажикбаева Зияш Куатовна


Слайд 11Мәншүк Маметова атындағы мұражайда


Слайд 12Мұражайды таныстыру кезінде


Слайд 13"Белсенділер қатары"


Слайд 14Біздің аз ғана уақыт ішіндегі жетістіктеріміз!!!


Слайд 15Ұстаздарға арнау «Ұстаз»
Бар менің ұстаздарға жақындығым,
Шығарған қазағымның атын бүгін.
Ұстаздарын қазақтың жырламасам,
Халқым-ау кімге

керек ақындығым.


Автор: Басықара А

Бұл күнде серпіліс бар санамызда,
Ғылымда өзге елден қаламыз ба?
Қадірін білу керек ұстаздардың,
Ұстаздар білім берер санамызға.
Шығармыз барша елден озып әлі...
Көп болса ұстазымыз арамызда

Тербететін тәрбиелеп әнімен,
Үлгі болған салтанатты сәнімен.
Ата-анаңдай мейірімі тасыған,
Ұстаз қауым қымбат бізге бәрінен!

Әр шәкіртім тапса екен деп мұратын,
Дүрсілдерін әр жүректің ұғатын.
Әр баланың қылығына әр қилы,
Мейіріммен ұстаз қарап тұратын.


Білімменен мәнді өмір сүреміз,
Ұстаз тұлға, біз қадірін білеміз.
Гүл жайнаған ұстаздарды әрқашан,
Біз әрдайым мақтан тұтып жүреміз!


Слайд 16Ашылмаған сырларымыз... «Тарихқа толы мәдени өлке-Оңтүстік»
Тарихтың бетін парақтап ақтарамын бүгін мен,
Туған жердің

жүрегін дүрсілдетем үніммен.
Мәдени өлке Оңтүстік айналайын үніңнен,
Оңтүстіктің бар қырын жеткізем бүгін бүгін тіліммен!
Бұлбұлдары сайраған кең даласы жайнаған,
Шаттыққа толы Оңтүстік-гүлге толы айналаң.
Халық берген, қауым берген баға бұл,
Оңтүстігім шырайлы қасиетіңнен айналам.
Орайды жақсы болсақ гүлге бізді,
Құдайым бай етіпті тілге бізді.
Халқым-ау мына тойды өзіңе аштым,
Мен қазір мақтаймын ғой іргемізді.
Екінші Мекке атанған Түркістаным өз жерім,
Сопылық жолды ұстанған Иассауйдей көсемнің,
Ұрпақтары бүгінде Фарабидей шешеннің.
Көк күмбезбен өрілген Түркістаным өз жерім.
Әл-Фараби ғұламам әлемге барлық таралған,
Арыстан баб,Иассауй мұсылман барша нәр алған.
Мұсылман қауым ордасы, Иассауйден тараған.
Айналайын Оңтүстік нұрынан күннің жаралған!
Шаттанып шарық ойды осып жүрмін,
Ән жайын барған жерде қосып жүрмін.
Барша қазақ айтатындай ән жазатын,
Қалдаяқов туа ма?-деп тосып жүрмін.

Күйшінің де, бишінің де, әншінің,
Оңтүстігім көрсетіп жүр бар қырын
Туған елдің тербеледі-бесігі,
Мәңгі өшпейтін сазыменен Шәмшінің!!!
Оңтүстігім өнерімен өрілген,
Ақындары биіктерден көрінген.
Жырлар жазған жырауларым бар мұнда,
Ойып тұрып орын алар төріңнен.
Бағалар мына халқым ақынды шын,
Тататын өлең-жырдың татымдысын.
Мақтанып Мұхтар Шахан ағамызбен,
Отырарым шалқып қазір жатырмысың?!
Тоғыз жолдың торабы Темірланым қандайсың,
Жасыл желек жамылған ағашы көп баудайсың.
Ақ алтынның отаны Төрткөл жерім қандайсың,
Бар аймаққа нұр сепкен жарқырауық шамдайсың?
Көреміз ынтымақпен бірліктің жарасқанын,
Ешбір аймақ бізбенен таласпаған.
Оңтүстіктей шырайлы қалың елді,
Мақтан етсең жарасар Алаштарым!

Автор: Басықара А


Слайд 24«Серпін-Алаш» ұйымының жобасы

Ұйымның мақсаты: - Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтарды,  студенттерді

патриоттыққа тәрбиелеу;  - бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру; - оқу орындары арасындағы байланысты дамыту; - салауатты өмір салтын дәріптеу; - жастарды мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу; - қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру; - "Серпін-2050" бағдарламасын таныстыру, дәріптеу және дамыту.
Ұйымның міндеттері:
Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін арттыру;
«Серпін-2050» бағдарламасының мәнін халыққа жоғары дәрежеде түсіндіру және
насихаттау;
Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Бәсекеге қабілетті сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелеу;
Жастардың қоғамдық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру;

«Серпін-Алаш» ұйымының төрағасы:
Басықара Айсұлтан Полатбекұлы – «Автомобиль жолдары мен аэдромдарды
салу және пайдалану» мамандығының студенті

Төраға орынбасары:
Қазы Айман Қоңырбайқызы - «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану»
мамандығының студенті

Слайд 25 «Серпін - Алаш» ұйымының құрамына «Серпін –

2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан «Автомобиль жолдары мен аэдромдарды салу және пайдалану», «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандықтарының студенттері кіреді:

Аталыкова Сәуле Дүйсенбайқызы
Амангелді Айдана Нұрланқызы
Аманкелді Сандуғаш Ерікқызы
Ақмұрзаева Айкенже Мұхамбетәлиқызы
Алкенов Дарын Ерғалиұлы
Айтпаев Руслан Даулеткереевич
Әбілқасым Ақкелбет Ғалымжанқызы
Әділова Қазина Меңдіқалиқызы
Базарбаев Руслан Бауыржанұлы
Бисенғалиев Орынбасар Дәулетқалиұлы
Дәулетов Қобылан Аманқосұлы
Досыбаева Эльмира Тойлыбайқызы
Джурабек Сұңғат Сандыбекұлы
Ершора Сымбат Қасқырқызы
Жандовлетова Айгерім Бердібекқызы
Жоламанова Шаттық Орысбайқызы
Жұбат Марат Мұратбекұлы
Жұматай Сүйіндік Дарханұлы
Жорабекова Салтанат Жәнібекқызы
Иманғалиева Ғазиза Наурузқызы

Кабидуллева Асемгуль Жүсіпқызы
Кажгалиев Нұрсұлтан Дәулетұлы
Қожанова Асел Тойбазаровна
Қылышбекова Айнұр Ниязбекқызы
Исаев Алтынбек Тоқтамысұлы
Маратов Жаркын Жасталапұлы
Махмутов Асылхан Батырханұлы
Мендрасимов Асылхан Темірханұлы
Нұрахмедова Эльмира Алмұратқызы
Оррабеков Олжас Қосболұлы
Серікбаева Назгүл Дүйсенбайқызы
Таубаева Жұлдыз Жайыққызы
Телегенова Ақжібек Жәдігерқызы
Тұрар Асан Әсекұлы
Тынымбай Сайымжан Мағауияұлы
Шамова Гүлмира Қуандыққызы
Шылмырзаева Салтанат Ержанқызы
Фархадов Темірлан Фархадұлы
Раймбаев Ерболат Аманбекұлы


Слайд 26Жобаны жүзеге асыру механизмі:
1-кезең: (ұйымдастыру және оқыту шаралары)
Жоба жайлы кледжде презентация

жүргізу;
Үміткерлерді таңдау;
Жобаның негізгі мақсатын түрлі семинар, лекция, пікірталас
Ойындары, дөңгелек үстел өткізу арқылы түсіндіру;

2-кезең: (оқыту шаралары)
Семинар, пікірталас, дөңгелек үстел, лекциялар, трейнингтер, арқылы білім беру;

3-кезең: (ұйымдастыру-практикалық шаралары)
Колледжде сонымен қатар облыс көлемінде ұйымдастырылатын түрлі бағыттағы шараларға қатысу.

Әрбір жобаға қатысушының жеке дамуы үшін көптеген кнцерттік бағдарламалар, әдеби-сазды кештер, пікірталас ойындары және тұлғаның өзін-өзі қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы арқылы жоба кезең-кезеңімен жүргізіледі.


Слайд 27«Серпін-Алаш» ұйымы мүшелерінің қызметтері


Слайд 29«Серпін - Алаш» ұйымының жылдық жоспары:


Слайд 37Колледждің тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы іс-шаралар


Слайд 38Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
 
1.Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие
 
Мақсаты: Ар -

ожданы мол, мәдениетті парасатты қалыптастырып, студенттің бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Құқықбұзушылықтың
алдын алу мақсатында жас полиция, жас инспектор, наркобекет ұйымымен бірге отырып, студенттер арасында шаралар өткізу.

Міндеттері:
Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін, өз елі мен халқының салт-дәстүрлерін, саяси тарихын білуге, өзінің саяси және құқықтық сауатын
арттыруға деген құлшынысын күшейту;
халықаралық жағдайды, Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени
өмірі мәселелеріне талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру.
 
Жұмыс түрлері:
ҰОС ардагерлерімен және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу;
Қала мұражайлары мен әскери даңқ залына экскурсия;
Тақырыптық кураторлық сағаттар;
Дөңгелек үстелдер, байқаулар;

Слайд 412.Рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие
 
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды, дұрыс мінез

– құлықты,
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, студенттердің шығармашылық белсенділігі мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, рухани ойлау
дәрежесі биік, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:
қарым - қатынас мәдениетін, күнделікті тұрмысты ұйымдастыра білу
және адамгершілік мінез - құлық әдеттері мен дағдыларын
қалыптастыру;
жалпыға ортақ мораль нормаларын сақтауға ұмтылысын
қалыптастыру;
адамгершілікке жат мінез - құлыққа рухани жағынан белсенді
түрде қарсы тұру қабілетін қалыптастыру.
 
Жұмыс түрлері:
рухани және рухани-адамгершілік тақырыптарында әңгімелесу;
Мейрамдар мен жиналыстар ұйымдастыру;
Байқаулар;
 

Слайд 44Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау
ортасын қалыптастыру
 

Мақсаты: Студенттерді

салауатты өмір салтын ұстана білуге және бағалауға
баулу, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:
адамгершілік және гуманистік бағдарларға ие, психикалық және дене жағынан сау, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптасуы үшін қолайлы
жағдай туғызу;
салауатты өмір сүруге және зиянды әдеттердің алдын алуға қажеттілік қалыптастыру;
салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту және өмірін қорғау;
Дене тәрбиесі мен спортқа қызығушылықтарын арттыру,
өз денсаулықтарын сақтауға үйрету;

Слайд 464. Мәдени-көпшілік және эстетикалық тәрбие
 
Мақсаты: Рухани және эстетикалық құндылықтарды, сенім мен

мінез-құлық моделін тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Міндеттері:
қарым-қатынас жасауға деген қажеттілігін, шығармашылық қызметі мен өзін-өзі ұйымдастыруын қалыптастыру;
қоғамның рухани мәдениетін сақтау және дамыту, отбасылық, ұлттық дәстүрлерді жалғастыру;
сезім мәдениетін қалыптастырудың негізі ретіндегі баланың эмоционалдық өрісін дамыту.

Слайд 485. Құқықтық тәрбие
Мақсаты: Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін, тілін құрметтеуге негізделген

азаматтық ұстанымдары мен патриоттық сезімдерін, ұлтаралық қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыру;

Слайд 496. Отбасы тәрбиесі
 
Мақсаты: Отбасы дәстүрін сақтай білуге, ата-анасын, үлкенді қадірлей білуге

тәрбиелеу.

Міндеттері:
отбасын құндылық ретінде сезіне білу қабілетін қалыптастыру;
отбасылық міндеттерді орындаумен байланысты қолданбалы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
отбасында дау-дамайсыз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
гендерлік айырмашылықтарға байланысты психологиялық, дүниетанымдық ерекшеліктер жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Слайд 517. «Алаш-Серпін» ұйымы
Мақсаты: студент жастардың өмірлік маңызды мәселелерін шешу, студенттік ортадағы

әлеуметтік белсенділікті арттыру, студенттердің тұлғалық қасиетін үйлесімді дамыту, олардың көшбасшылық және жетекшілік қасиеттері мен машықтарын ашу.

Слайд 52 «Серпін - Алаш» ұйымының құрамына «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім

алып жатқан «Автомобиль жолдары мен аэдромдарды салу және пайдалану», «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандықтарының студенттері кіреді:

Аталыкова Сәуле Дүйсенбайқызы
Амангелді Айдана Нұрланқызы
Аманкелді Сандуғаш Ерікқызы
Ақмұрзаева Айкенже Мұхамбетәлиқызы
Алкенов Дарын Ерғалиұлы
Әбілқасым Ақкелбет Ғалымжанқызы
Әділова Қазина Меңдіқалиқызы
Базарбаев Руслан Бауыржанұлы
Бисенғалиев Орынбасар Дәулетқалиұлы
Дәулетов Қобылан Аманқосұлы
Досыбаева Эльмира Тойлыбайқызы
Джурабек Сұңғат Сандыбекұлы
Ершора Сымбат Қасқырқызы
Жандовлетова Айгерім Бердібекқызы
Жоламанова Шаттық Орысбайқызы
Жұбат Марат Мұратбекұлы
Жұматай Сүйіндік Дарханұлы
Жорабекова Салтанат Жәнібекқызы

Иманғалиева Ғазиза Наурузқызы
Кабидуллева Асемгуль Жүсіпқызы
Кажгалиев Нұрсұлтан Дәулетұлы
Қожанова Асел Тойбазаровна
Қылышбекова Айнұр Ниязбекқызы
Исаев Алтынбек Тоқтамысұлы
Маратов Жаркын Жасталапұлы
Махмутов Асылхан Батырханұлы
Нұрахмедова Эльмира Алмұратқызы
Оррабеков Олжас Қосболұлы
Серікбаева Назгүл Дүйсенбайқызы
Таубаева Жұлдыз Жайыққызы
Телегенова Ақжібек Жәдігерқызы
Тұрар Асан Әсекұлы
Шамова Гүлмира Қуандыққызы
Шылмырзаева Салтанат Ержанқызы
Раймбаев Ерболат Аманбекұлы


Слайд 53МЕББМ Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., М.Маметова

көшесі, 81

Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасына Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының МББМ «Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі» әкімшілігі «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық – кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тарату мақсат етіп, жастарымызды дербес өмірге, басталмыш еңбекке беймдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамына қол ұшын беріп, жүзеге асыруда.

Тел.: 8 (7112) 54-29-41 факс: 8 (7112) 54-75-34

E-mail: Keiit_2003@mail.ru


Слайд 54«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» грант иегерлерін вокзалда қарсы алу сәті


Слайд 55 «Экономика және ақпараттық технологиялар»
колледжінің студенттері
«Серпін – 2050 »

студенттерін қарсы алу сәті

Слайд 561 – қыркүйек күні білім күніне раналған
«Қазақстан жолы 2050, бір

мүдде, бір мақсат, бір болашақ»
атты салтанатты шара өткізілді.

Слайд 57Оңтүстік өңірлерінің кешегі түрлектері бүгінгі біздің өңірдің мамандары: Оңтүстік Қазақстан облысының

Орал қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Разов Алихан Жәнібекұлы, Қызылордалық Ақжайық ауданының әкімі, облыстық депертаменттердің басшысы болған, бүгінде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының менеджері Сәтібаев Әлібек Байжанұлы, Тараздық Орал қаласының №2 сотының азаматтық кеңсе меңгерушісі Ташимбетов Ғани Журабекұлы, Қызылордалық КазИИТУ ғылым – білім кешенінің экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдардың кандидаты – Искаков Санимжан Ербозымұлы және «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасымен оқып жатқан студенттер кездесу.

Слайд 585 қыркүйек күні «Экономика және ақпараттық технологиялар колледж» директоры Хайруллина Г.Б.,

«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ахметов С.М. және «Жастар саясатының» өкілі Хайруллин Д.М. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» грант иегерлерімен кездесу өтті.

Слайд 5912 қыркүйек күні «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»
грант иегерлерін Орал

қаласының «Өлкетану» мұражайына,
Батыр қызымыз «М.Маметованың» мұражайына және де
«Экология және табиғат» мұражайына экскурсияға апарылды.

Слайд 6313 қыркүйек күні «Экономика және ақпараттық технологиялар»
колледжінде денсаулық күніне байланысты


«Дені саудың, жаңы сау» атты спорттық шара өтті.
Сол спорттық шараға «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»
грант иегелеріде үлестерін қосты.

Слайд 65 Сонымен қатар, білім басқармасының және жастар саясатының ұйымдастыруымен 4,5 желтоқсан күні

«Мәңгілік-2014» фестивалі өтті. Бағдарлама бойынша спорттық шаралар, көркем сөзден, аспапта ойнау, гимн, ең үздік бейнетаспа, пікір сайыс, жайдарман байқаулары бойынша «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» грант иегерлері қатысты. Көркем сөз, волейболдан және ән байқауынан колледж студенттері бірінші орын алды. Қалған студенттер алғыс хатпен марапатталды.

Слайд 72 «Серпін-болашаққа бағыт» атты апталықтың қорытынды концертінің сценарийі.
"Экономика және аппараттық технологиялар"

колледжі "Серпін-Алаш" одағының ұйымдастырумен өткізілетін «Серпін- болашаққа бағыт» атты апталығының қорытынды концерті. 

1 ші жүргізуші: Айсұлтан Басықара 2 ші жүргізуші: Аманкелді Сандуғаш 3 ші жүргізуші: Амангелді Айдана

Өткізілетін орны: КазИИТУ Студенттер сарайы. Өткізілетін уақыты: 16.10.2015 жыл

I - жүргізуші:  Ассалаумағалейкум, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

II - жүргізуші:  Армысыздар, азат елдің айбынды ұрпақтары!

3 - жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер!

I - жүргізуші: Бүгінгі, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің,
Серпін студенттерінің және "Серпін-Алаш" ұйымы төрағасының
ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Серпін – болашаққа бағыт "атты
студенттер апталығының қорытынды концертіне қош келіпсіздер!


Слайд 731-жүргізуші: Назар аударыңыздар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

енгізілсін! (Ту шығарылады)  II - жүргізуші: Назар аударыңыздар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны орындалсын! (Әнұран орындалады)

1- жүргізуші: Келесі кезекте құттықтау сөз КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің
ректоры______________беріледі,

3- жргізуші: Келесі құттықтау сөз "Серпін- болашаққа бағыт" атты апталық концертімізді
ұйымдастырушы "Серпін-Алаш" ұйымының төрағасы Басықара Айсұлтан
Полатбекұлына беріледі!

2- жүргізуші: Мәңгілік ел, ұлы ұғым астары, Қайнарланып ізгіліктен от алған. Мәңгілік ел келешегі жастары, Артық ана табылмайды Отаннан!

БИ: «Жастар» биі орындайтын «Көркем» би ансамблі қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: СЛАЙД таныстырылады.(Слайды Қазы Айман таныстырады, Айсұлтан
сөйлеп біткен соң өзі хабардайды).


Слайд 743-жүргізуші: Адамда арман болу үшін де, рухани бостандық пен сөз еркіндігі

болу қажет,
сонда ғана адам еліне, жеріне адал қызмет ете алатындығы айқын десек те
болады! Сонымен келесі кезекті, қазақтың рухын көтеретін поезияға береміз.
Амангелді Сандуғаштың орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Тілектеске» өлеңін қабыл алыңыздар!

І – жүргізуші: Серпін бағдарламасы біздің ана тіліміз-қазақ тіліне деген құрметімізді
нығайтуды басты назарда ұстайды.Өйткені, ана тілі - әр адамның өз
ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен,ғасырлар бойы жиған рухани
азығынан нәр алатын кіндік тамыры іспетті.

2 - жүргізуші: Ән қанатын әлдилеп әуелі мен, Дидарластым даланың әуенімен. Бар қазақтың салт- дәстүрі, байлығы, Тұрды аңқылдап қазақтың әуенінен. Ән: "Көңілді күн" орындайтын Ершора Сымбат.

1– жүргізуші:  Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын, өнері мен тарихын бізге жеткізді.Биыл біз Ұлы дала елі, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік.Осынау ұлы мерекемізді осындай айшықты концертімізде айтпай өтсек қазақтығымызға сын болар бәлкім! Ендеше, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған видеороликті тамашалаңыздар! 


Слайд 753- жүргізуші: Сонымен сахнада колледжіміздің мақтаныштары, Серпін студенттерінен

құралған "Серпіліс" би тобын "_________________________" биімен қарсы
алыңыздар!

3– жүргізуші: " Білгің келсе біздің жайды содан сұра тек қана, Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана" - деп Қадір Мырза Әлі
домбыраны өз өлеңіне арқау еткен болатын. Ендеше күйге кезек берелік
Зияшева Ақұштаптың орындауында "______________________________"
күйін қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші: Көңілдің хошы, жүректің кілті демекші, колледжіміздің Серпін жастарынан
құралған "Құрылысшылар" жайдарман командасын қарсы алыңыздар! (Жайдарманнан соң бірден ән айтылады, хабарланбайды) Ән: Сымбат пен Айнұрдың орындауында.....

3- жүргізуші: Серпін-2050 бағдарламасы арқылы біз бағыт таптық, болашағымызға
жол аштып, ұлттық сана сезімімізді одан әрі дамытып жатырмыз.Ең
бастысы сапалы білім, саналы тәрбие алып жатырмыз! Ең алдамен
Серпін-2050 бағдарламасы елді ұлт болып ұйысуға, жұрт болып
жұғысуға үндейтін құнды жоба деп білемін!

1- жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Айдана! Серпін-2050 бағдарламасы, ең бірінші әлеуметтік жоба және кадр
тапшылығын болдырмау, халықты басқа аймақтармен араластыру, қазақ тілін
дамыту мақсатында құрылған құнды бағдарлама екендігі бәрімізге аян!


Слайд 762-жүргізуші: Әрине осынау игі жоба аясында оқып жатқан талантты студенттеріміз де

аз
емес.Солардың бірі Махмутов Асылхан өз әнін тарту етсе...

3-жүргізуші: Әйтеке би айтқан екен- Тамыры суда тұрса да  Уақыты жеткенде  Қурамайтын құрақ жоқ.  Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады дейді. Ендеше, бізге жасалған осындай игі жақсылықтарды ескере отырып тек қана алға жылжиық.

1-жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!  Біз Серпін жастары, тек қана Қазақ елінің дамуына атсалысамыз, Қазақстан Республикасын бірге көркейтіп, болашаққа бірге нық қадам басамыз! (Осы сөз айтылып жатқанда, серпін студенттері сахынаның екі жағынан ту ұстап шығып, ұран сөздерін айтады.8 студент)

1 - жүргізуші: Ендеше бүгінгі Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, "Серпін-Алаш" ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Серпін- болашаққа бағыт" атты концертімізді қорытындылау үшін және марапаттау үшін сөз кезегін Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Хайруллина Гүлжан Бақытқызына және топ жетекшілері Зияш Қуатовнаға, Асылзада Нұргелдіқызына береміз.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі салтанатты жиынымызды "Серпін-2050" бағдарламасының әнұранымен
аяқтаймыз!

1-жүргізуші: Алла Тәуелсіздігімізді тұғырлы, Мемлекетімізді ғұмырлы етсін! Уақыт бөліп
келгендеріңізге алғыс білдіреміз.Келесі кездескенше күн жақсы болсын!


Слайд 84«Серпін - Алаш» ұйымының жылдық жоспары:


Слайд 87«Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында білім алушылар қатысуымен

атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар

2014 жылы Экономика және ақпараттық технологиялар колледжіне «Мәңгілік Ел жастары- индустрияға» жобасы аясында еліміздің Оңтүстстік және Маңғыстау облыстарынан арнайы «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы 35 студент келген болатын. Қазіргі таңда олар, «Автомобиль жолдары мен аэдромдарды салу және пайдалану» және « Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығының 3 курс студенттері, алғашқы Серпіндіктеріміз болып табылады. Колледжімізде Бас Сардар Басықара Айсұлтан Полатбекұлының басшылығымен құрылған «Алаш-Серпін» ұйымы жұмыс жасайды. Ұйым құрамында 35 Серпіндіктер бар. Рухани-адамгершілік жағынан дені сау, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін колледжде келесі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді:
Театр үйірмесі;
Аспаптар ансамблі;
Вокал үйірмесі;
«Көркем» би студиясы;
«Жайдарман»;
Қыздар мен ұлдарға арналған «Волейбол» секциясы;
Қыздар мен ұлдарға арналған «Баскетбол» секциясы;
Шахмат және дойбы секциясы;
Үстел теннисі секциясы;
Гимнастикалық және жаттығу залдары;
Үйірмелер мен секцияларға қатысу студенттерді жан-жақты дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, мақсатты, қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
Колледжде салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттерді физикалық, рухани және шығармашылық жағынан дамыту мақсатында Сернпіндіктер үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Серпіндіктер үшін белсенді түрде спорттық жұмыс жүргізіледі. Жыл бойына топтар арасында колледжішілік көптеген жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттері облыстық және қалалық жарыстарға қатысады. Спортпен айналысу үшін колледжде заманауи құралдармен жабдықталған спорт залы және жаттығу залы бар. Спорт залы футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Серпін студенттиері әр түрлі үйірмелерге қатысып өз қабілеттерін шыңдауда. Колледж студенттердің спорттық жетістіктерімен мақтана алады.

Слайд 88 Колледж студенттері арасында түрлі халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары

бар. Бұл шаралардың барлығы оқытушы, студент және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жастардың бойында колледжге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Колледжде жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Колледж әкімшілігі мен студенттік кеңес арасында жастардың қажеттіліктерін жүзеге асыру бағытында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Колледжде келесі жастар ұйымдары жұмыс жасайды: «Ізгілік» еріктілер қоғамы, «Алащ- Серпін» ұйымы және студенттік өзін-өзі басқару ұйымы.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы келесі құрырылмдарға бөлінген: оқу және ғылыми жұмыс, мәдени көпшілік шаралар, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары, құқық бұзушылықтың алдын-алу, еңбек және абаттандыру, ақпараттық және қоғаммен келісім бөлімдері. 19-23 қараша күндері «Серпін – 2050» бағдарламасымен білім алып жатқан «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану», «Автомобиль жолдары мен аэдромдарды салу және пайдалану» мамандықтарының студенттері «Алаш-Серпін» ұйымдастыруымен өткен облыстық «Аламан - 2015» фестиваліне қатысты. Фестивальдің ашылуында студенттерді апталық жоспарымен таныстырды. 19 қарашада «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық жарыс және «Мені шыңдаған Серпін» атты «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылды. Спорттық ойындарда студенттер футбол, волейбол және ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан бақтарын сынады. Волейбол ойындарынан колледж командасы бірінші болды. Тоғызқұмалақ ойындары бойынша бірінші орынды ГСТА-11-22 топ студенттері Оррабеков Олжас пен Досыбаева Эльмира иеленді. «Жайдарман» ойындары сайысында «Серпін жастары» командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
«Мамандығым мақтанышым!» номинациясы бойынша ГСТ-11-22 топ студенті Амангелді Сандуғаш 1 орын алды. Фестиваль соңы мерекелік концертке ұласып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика