Миды? ??рылысы ж?не б?лімдері презентация

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Мидың құрылысы Мидың бөлімдері Мидың қызметі Қорытынды

Слайд 1 Мидың құрылысы және бөлімдері


Слайд 2Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
Мидың құрылысы
Мидың бөлімдері
Мидың қызметі

Қорытынды


Слайд 3 Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы

1300 – 1400 г. Салмағы бұл көрсетілген салмақтан көп адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Адам миының салмағы 1100 г - нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады.

Слайд 4
Балықтың миы
Бақаның миы
Жыланның миы
Кептердің миы
Иттің миы
Адамның миы


Слайд 5 Ми ақ және сұр заттан тұрады. Мидың ақ заты

ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ заттың әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» деп атайды. Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

8 ай 9 ай

5 ай 6 ай 7 ай

25күн 35күн 40күн 50күн 100күн


Слайд 6 Ми

бөлімдері.
Мидың пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
1) сопақша ми;
2) мишық (артқы ми);
3) ортаңғы ми;
4) аралық ми;
5) алдыңғы ми сыңарлары.

Слайд 7
Жарып көрсетілген алдыңғы ми сыңары


Слайд 8 1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.

Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.


Слайд 9Амфибиялардың (қосмекенділердің) бас миы
Сүйекті балықтардың бас миы
Алдыңғы ми (үлкен ми сыңары)
Аралық

ми
Ортаңғы ми
Мишық
Сопақша ми

Маңдай бөлігі


Слайд 10 2. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми

көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. 
Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.


Слайд 11Сөйлеу орталығы
Түйсік орталығы
Қозғалыс орталығы
Көру орталығы
Есту орталығы


Слайд 12 3. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық

мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

4. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. Рецепторлардан  келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек – қантамырлар жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.
 

Слайд 13Сопақша ми
Мишық
Ортаңғы ми
Көпір
Гипоталамус
Таламус
Алдыңғы ми


Слайд 14 5. Алдыңғы ми. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды.

Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Ми қыртысында мүшелерден козуды қабылдайтын, кимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады.
  Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика