мектеп толықтай қызмет етуі қажеттігін атап өтсе, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары қолға алынды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі:
2016 жылы - 1 сыныптар;
2017 жылы - 1,2, 5,7 сыныптар;
2018 жылы - 1,2,3,6,7,8,10 сыныптар;
2019 жылы - барлық 1-11 сыныптар.
2015-2016 оқу жылында жаңартылған білім бағдарламасы республика көлемінде 30 пилоттық мектепте, тек қала ғана емес, ауылдардағы білім ордаларында да сынақтан өтті.
Жаңартылған білім мазмұнын енгізудің сәттілігін мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың бейімделген бағдарламаны жақсы қабылдауынан көруге болады. Сондықтан аталмыш бағдарлама 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектебіне енгізілді.