Ертеде бір алма ағашы болыпты презентация

Содержание

Алма ағашы кішкентай баламен дос болыпты

Слайд 1Ертеде бір алма ағашы болыпты


Слайд 2Алма ағашы кішкентай баламен дос болыпты


Слайд 3Бала екеуі күн сайын бірге ойнайды екен


Слайд 4Ағаш баланы йіліп, құшақ жая қарсы алады.


Слайд 5Бала өзін үлкен сезініп мәз мейрам болады.


Слайд 6
Ағашқа өрмелеп,


Слайд 7Бұталарымен алысып ойнайды.


Слайд 8Жемісін жеуді де ұмытпапты.


Слайд 9Кей күндері тығылысып та ойнайды екен.


Слайд 10Шаршаған кезде ағаштың көлеңкесінде жатып ұйықтап та алады.


Слайд 11Ағаш екеуі ажырамас,


Слайд 12Шынайы достар болыпты.


Слайд 13Екеуі де бақытты күй кешіпті.


Слайд 14Бірақ қатал тағдыр өте шығады. Бала есейіп,


Слайд 15Өзіне басқа дос, жар тауып алады.


Слайд 16Күндердің күнінде ағаш жалғыз қалыпты.


Слайд 17Араға жылдар салып әлгі бала ағашқа келіпті. Ағаш: “Кел,үстіме шық, жемісімді же,

ойнайық” -”Мен есейдім, ержеттім. Олай ойнай алмаймын.Сен одан да маған ақша берші”-дейді бала. -Менде ақша қайдан болсын? Бірақ менің жемісімді алып сатсаң болады- дейді алма.

Слайд 18Бала алманың бірін де қалдырмай теріп алады да кете барады. Ағаш тағы

да жалғыз қалады...

Слайд 19Арадан бірнеше жыл өтеді. Бала ағашқа қайта келгенде ағаш қатты қуанады. -Кел,

ескі күндердегідей ойнайық,- дейді шаттана. -Менің қазір жанұям бар.Оларды асырау керек.Баспана керек. Сен одан да маған көмек бере аласың ба?-дейді бала Саған берер үйім жоқ. Қаласаң менің бұталарымды кесіп баспана салып ал –дейді ағаш.

Слайд 20Бала ағаштың барлық бұталарын кесіп, арқалап кете барады.


Слайд 21Ағаш тағы да жалғыз қалады...


Слайд 22Менде қайық жоқ.Бірақ менің кеудемді алып қолдансаң болады – дейді ағаш.
Бала

ағашқа қайта келгенде, көптен көрмеген досын көріп ағаш қатты қуанады.
-Бұрынғыдай ойнайықшы демеймін. Жай ғана сөйлессек те болады ,- дейді ағаш.
Бірақ бала қартайғанын айтып шағымданады.
-Маған қайық керек. Алыс сапарға шығып демалғым келеді- дейді.


Слайд 23Бала ағашты шауып қайық жасауға алып кетеді


Слайд 24Араға жылдар салып қайта келеді. -Кешір, саған берер ешнәрсем қалмады ,-

дейді ағаш мұңайып. -Жемісім де жоқ... - Оны жейтін менде тіс те жоқ. -Сен өрмелеп ойнайтын кеудем де жоқ... -Оған шығатын менде күш те жоқ.

Слайд 25-Қураған тамырларымнан басқа саған берер ешнәрсем қалмады,- дейді жылап тұрып. -Маған ешнәрсенің

қажеті де жоқ.Тек отыратын жайлы орын болса болғаны,- дейді бала күрсініп.

Слайд 26Олай болса кел маған сүйеніп отыр – дейді ағаш. Бала ағашқа сүйеніп

отырғанда ағаш қуаныштан жылап қоя береді...

Слайд 27Бұл әңгіме баршамызға қатысты. Ағаш- біздің ата анамыз.Бала - Біздерміз. Жас кезімізде

немесе қажет болғанда ғана еске аламыз. Біздің бақытымыз үшін олар ешуақытта аянбайды. Сіз қалай ойлайсыз?...

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика